Ғаламат ғаламтор


Slide 1

06. 10. 2020 ж

Ғаламат

ғаламтор

Slide 2

Өнер ғылым бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып жұмғанша, Жылдам хабар алғызды

Ы. Алтынсарин

Slide 3

ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды

1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалды

1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын «Интернет» термині пайда болды

1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат ие болды

1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.

1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті .

Slide 4

электрондық пошта

WWW (бүкіләлемдік өрмек)

IRC ( Internet Relay Chat - нақты уақыт режимінде бірнеше адамдардың

тікелей бір - бірімен араласуы)

IRG (берілген

моментте

Интернетке қосылған

адамның

желідегі IR

адресін іздеуге

арналған

қызмет)

файлдарлы тасымалдау қызметі (FTP)

телеконференция қызметі (USENT)

Бүкіләлемдік өрмек - Ғаламтор

Slide 5

Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу

Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.

Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу

Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру

Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру

Сана-сезімді жоғарылату

Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру

Алысты жақындату

Ғаламтордың қол жетімділігі

Білгенге Ғаламтор

Ғаламат-ақ !

Slide 6

Ғаламтор . . . Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз . . . Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу . . . Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек . . . Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы . . .

Slide 7

Тіл мен діннің, діл мен рухтың сыналар тұсы. Қолы жеткендер көп, ойы жеткендер аз. Ғаламтор арқылы ғарышты игеріп жатқандар көп, ал керісінше өзін өзі игере алмай жатқандар да сансыз. Осы тұста мені толғандыратыны, біздің елдің Интернет ресурсының тым қарабайырлығы. Қазір тек ақпарат алмасу, әдеби тенденцияның белгілі бір айналымы, журналистикалық ізденуге ғана мән беріп отырғандаймыз. Белгілі бір салалық мамандықтар, айталық, нақты ғылым қазақша сөйлемек түгілі, атымен жоқ. Ғаламтордан ғылыми жаңалықтарды таба алмайсыз. Өзіміздің елдегі ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдары да орыс тілінде былдырлайды. О, неге? Ол түгілі, біз кімді байытып, кімді қорғап отырмыз осы? Неге қазақтың өзінің «mail. ru», «facebook. com», «twitter» секілді желілері жоқ? Неге сол жоқтың орнын толтыратын мамандар, сол үшін еңбек ететін жеткіншектер жоқ? Олар бар болса, онда неге соны қолдайтын Үкіметіміз жоқ? Қашанғы елдің шекпенін кигенімізге марқаямыз? Қашанғы өз дүниемізді өзіміз тұтынатын кезді армандаумен өтеміз?

Slide 8

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда

не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз.

Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т. б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Slide 9

Өнер, білім бар жұрттан,

Тастан сарай салғызған.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызған, - деп Ыбырай атамыздың айтқанындай қазіргі таңда ғаламтор арқылы әлемдік хат алмасуға да болды.

Қазіргі заманда ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін болмай барады. Хат алмасу да ғаламтор арқылы дүниенің тұтқасына айналды. Ғаламтор саяси құрал үшін таптырмас дүние болып шықты. Қазақстандағы ғаламторлың дамуы елді тұтастыруға, ұйыстыруға ықпал етіп отыр.

Жаһандану дәуірі ҒТР-дің (ғылыми техникалық революция) шырқау шегіне шыққасын, қазір, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды. Елуді егделеп, алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.

Slide 10

Ғаламтор және денсаулық

Қазір ауылдық жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар, ол - ғаламтор.

Осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді.

Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген. Ал мұның салдары балалардың өскенде маскүнем, зинақор, жауыз болып өсуіне әкеліп соғады.

Slide 11

Жақында High Tech for Human компаниясы арнайы зерттеу жүргізіп, мынадай жағдайларды анықтапты, яғни Қазақстандағы ғаламторды тұрақты пайдаланатын балалардың 44 пайызы ғаламтордағы виртуалды қатынас кезінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлікке ұшыраған, 14 пайызы интернет арқылы кездесуге шақырылған, 19 пайызы порносайттарды көреді, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы сайттарды ақтарады.

Ғаламторға кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

Slide 12

Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады.

Ғаламтордың пайдасы көп. Ғаламтор арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, буклет болсын, солардың бәрін мен ғаламтор арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет
ҒАЛАМТОР ПАЙДАСЫ МЕН ЗИАНЫ
Мен өмірді жырлау үшін келгенмі (поэзия кеші) Мұқағали Мақатаев
М. Мақатаев - Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Заманауи браузерлер, мүмкіндіктері
Ғаламтормен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу
Қауіпсіз интернет
Бұлтты сақтау провайдерлері
Ғаламтордың денсаулыққа пайдасы мен зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz