Етістік: түсінігі, жіктелуі және жаттығулар


Slide 1

Етістік

Slide 2

Етістік

Етістік туралы түсінік

Етістік - заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? Не қылды? Қайтті? (немесе не істеді? Қайтіп? Не істесе т. б. ) деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Көкек көріп қарлығашты, қиғаш келіп амандасты.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, басқа жануарды теңгермедім.

Берілген мысалдарда ойласаң, ойнасаң, (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?) көріп, келіп (көкек не істеп?) амандасты (көкек не істеді?) көрмедім, теңгермедім.

Slide 3

(мен не істедім?) деген сөздер заттың ұғымдағы сөздердің (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұнда сөздер етістіктер деп аталады.

Slide 4

Тұлғасына қарай

Етістіктің түрлері

Негізгі:

Құрамына қарай

Кел, бар Шегем:

Айтты Айтып болған еді:

Мағынасына қарай

жүр, ер, байла

ата, көр, тап, ел

кел, бар

келме, берме

Туынды:

Дара:

Күрделі:

Салт:

Сабақты:

Болымды:

Болымсыз:

Slide 5

5 жаттығу: Төмендегі күрделі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

Келіп кет, алып кет, көріп кет, шығып кет, беріп кет, қайтып кет, алып кел, барып кел, қайтып кел, айтып кел, біліп кел, сұрап кел, беріп кел, жүріп кел, озып кел.

6 жаттығу: Мәтіндегі іс-әрекетті білдіріп тұрған сөздерге сұрақ қойып, етістіктің қай түрі болып тұрғанын айтыңыздар.

Үлгі: қашып келеді - болымды етістік, баяндауыш.

Slide 6

Салт: Мағынасы жағынан тура объектіні табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады.

Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды.

Slide 7

Дара: Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген. Бұл сөйлемдердегі салғызды, жамырағанын деген етістіктер дара етістіктер болып табылады.

Өйткені бұлар-бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер. Әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады жұрттар не істеді? - салғызды (баяндауыш), нені сезген? - жамырағанын (толықтауыш), құлағы қайткен? - сезген (баяндауыш) .

Slide 8

Болымды: Іс-әрекеттің, амал-қимылдың жүзеге асқанын, асатындығын, асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады.

Мысалы: бар, көтер, сөйле, шық, жаз, кел.

Slide 9

Болымсыз: Іс пен әрекеттің, амал мен қимылдың жүзеге аспауын, орындалмауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Етістіктің болымды түрі түбір, туынды және күрделі етістіктер арқылы берілетін болса, оның болымсыз түрі болымды етістіктердің түбіріне - ма, -ме, -ба, -бе, - па, - пе, жұрнағын жалғау арқылы жасалады.

Мысалы: бар-барма, көтер-көтерме, сөйле-сөйлеме, шық-шықпа, жаз-жазба, кел-келме т. б.

Slide 10

Сабақты: Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? Нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі-не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады.

Мысалы: Сөзді сен баста. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Бұл сөйлемдердегі баста, жазбаймын деген етістіктер сөз, өлең деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр.

Slide 11

Күрделі: Екі я одан көп құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.

Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен. Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?) жамап отыр екен (қыз не істеген?) дегендер-күрделі етістіктер.

Slide 12

Негізгі: Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе көріп, алған, салған т. б.

Мысалы: кел, бар, жүр, көр, ал, қойды, айтты, жайды, үйіп көріп, алған, салған т. б.

Slide 13

Туынды: Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:

1. ла, ле, да, де, та, те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та т. б.

2. а, е: ойн-а, бос-а, түн-е т. б.

3. ай, ей, й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т. б.

4. ар, ер, р: аға-р, көг-ер, қысқа-р т. б.

5. ғар, гер, қар, кер; бас-қа, ес-кер, тең-гер.

6. ық, ік, к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік т. б.

7. ыра, іре: жар-ық, желб-іре т. б.

Slide 14

Білімді мыңды жығар (жаттығулар жұмысы)


Ұқсас жұмыстар
Етістік: түсінігі, қызметі және практикалық жаттығулары
Етістік сабағы: анықтама, сұрақтар және әдістемелік жаттығулар
Етістік: анықтамасы, жіктелуі, шақтары, райлары және жұрнақтары
Қазақ тілі: етістік - анықтамасы мен қолданылуы, сұрақ қою және жаттығулар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі және фонетикалық жаттығулар
Пиелонефриттегі сауықтыру гимнастикасы: түсінігі, алдын алу және емдік жаттығулар
Өндіріс жүйелері: түсінігі, негізгі қасиеттері, заңдары және жіктелуі
Әлеуметтік топтардың түсінігі мен жіктелуі
Инфекция: түсінігі, жіктелуі және инфекциялық процесс
Шағын бизнесте шығындар: түсінігі, жіктелуі және басқару ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz