Әлеуметтану теорияларына кіріспе




Презентация қосу
Әлеуметтану
теорияларына кіріспе
1.Әлеуметтанудың дамуының
бастапқы кезеңі
2. О.Конттың позитивизмі
3. Г.Спенсердің органицизмі және
Э.Дюркгеймнің әлеуметтануының
негізгі принциптері
4. М.Вебердің әлеуметтанулық
ілімдері және маркстік әлеуметтану
Ертедегі (Ежелгі) Шығыс
өркениетіндегі – Көне Египет,
Вавилон, Үнді, Қытайдағы қоғам
туралы көзқарастарды айтуға
болады. Мысалы, конфуцийшылар
– қоғамтанушылар болып
есептеледі
• Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар
буддизм мен джайнизм мектептерінің
әлеуметтанулық мифтерінде
қарастырылды

• Әлеуметтік теорияның бірқатар
элементтері Ежелгі Грецияда
қалыптаса бастады. Яғни қоғамға және
қоғамдық институттарға ерекше көңіл
бөлінді
Бұдан кейінгі дәуірлерде:
орта ғасырда, қайта өрлеу дәуірінде,
жаңа дәуірде адамдардың қоғамдық
өмірі жайында әр түрлі пікірлер болды.
Бірақ, бұларды әлі әлеуметтанулық ілім
деп есептеуге болмайтын еді. Өйткені,
бұлар тек әлеуметтанулық ойлар
философиясы немесе алғашқы
әлеуметтанулық болжамдар деп
аталады
О.КОНТТЫҢ ПОЗИТИВИЗМІ
1830 жылы оның «Позитивті философияның
курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі
жарық көрді

Адам ақылының дамуының үш
сатысы туралы заң.
Олар: теологиялық,
метафизикалық, позитивтік.
Огюст Конттың әлеуметтанулық
концепциясында басты екі идея жатыр:

1. қоғамтануда ғылыми тәсілді
қолдану;
2. әлеуметтік реформаларды
жасауда іс жүзінде ғылымды
қолдану идеясы.
Г.Спенсердің органицизмі және Э.Дюркгеймнің
әлеуметтануының негізгі принциптері
• Англияда әлеуметтану ғылымының
қалыптасуы Г.Спенсердің есімімен
байланысты.
• Ол өзінің әлеуметтің көзқарастарын
«Бастаудың негіздері» (1862),
«Биология негіздері» (1864-1867),
«Психология негіздері» (1870-1872),
«Әлеуметтану негіздері» (1876-1896)
деген еңбектерінде баяндады.
Г.Спенсердің
әлеуметтануының аса
құнды жағы –

«ӘМБЕБАП ЭВОЛЮЦИЯ
ЗАҢЫ»
Спенсер әлеуметтанулық теорияның дамуына қосқан үлесі:

1. Ол қоғамды организм ретінде
қарастырды;
2. Спенсер ғылымға «құрылым»,
«функция» деген ұғымдарды
енгізді.
ЕҢБЕКТЕРІ:

«Қоғамдық еңбек бөлінісі
туралы» (1853),
«Әлеуметтанулық әдістің
ережелері» (1895),
«Өзіне-өзі қол салу» (1897),
«Діни өмірдің қарапайым
формалары» (1912)
Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын
құбылыстарды индивидуалдық және
психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы
шықты. Ол өзінің әлеуметтік реализм
теориясында қоғамдық құбылыстардың
табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру
керек деп пайымдайды да адамдардың мінез-
құлқына, олардың сан-салалы қызметіне
талдау жасауда индивидтердің, әлеуметтік
топтардың және әлеуметтік институттардың
өзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам түп-
төркіні, бастауы болады деп санады
М.Вебердің әлеуметтанулық
ілімдері және маркстік әлеуметтану
ЕҢБЕКТЕРІ:
«Протестанттық этика және капитализм
рухы»,
«Шаруашылық және қоғам»,
«Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-
саяси танымның объективтілігі»,
«Түсінуші әлеуметтанудың кейбір
категориялары туралы»,
«Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар»
М.Вебердің көзқарасы тұрғысынан
қарасақ, әлеуметтану ең алдымен
адамның топтарының мінез-
құлқын және әлеуметтік қызметін
зерттеуі тиіс
М.Вебер түсінуші әлеуметтану
концепциясын жасап дамытты
Оның міндеттеріне:
• біріншіден, адамдардың өз талаптарына
ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер
арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде,
қандай себептермен бұларды жүзеге асыра
алатынын немесе асыра алмауын ұғынып
түсіндіру;
• екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған
олардың талаптарының салдарлары басқа
адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін
ұғындыру негізге алынды
• Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді
өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен
мүдделерін, адамдардың өзара қарым-
қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарт
етіп қарастырудан бастады.
Индивидуалдылықты әлеуметтікке жеткізу
маркстік әлеуметтанудың маңызды
принципіне айналды. Сөйтіп, ол адамдардың
қызметі мен мінез-құлқының объективтік
әлеуметтік негіздерін анықтаудың және
пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына
айналды. Бұдан тарихты материалистік
тұрғыда түсіну келіп шықты.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Символдық интеракционизм
Дюркгеймнің негізгі әлеуметтанулық еңбектері
Әлеуметтанулық теория
Контингентті басқару теориясы
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
ӘЛЕУМЕТТАНУ: ҒЫЛЫМҒА КІРІСПЕ ЖӘНЕ БАСТЫ ҰҒЫМДАРДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Қазіргі социологиялық теориялар
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары
Пәндер