Киелі сандар сыры




Презентация қосу
Екібастұз қаласы КММ
Байет ЖОББ мектеп

Жоба тақырыбы: Киелі сандар сыры

Секция: Математика

Ғылыми жетекшісі:
Каядарь О.

Орындаған: 2-сынып оқушысы
Еркінбайқызы Нұрсәуле
Мазмұны:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1.1. Сандар тарихы
1.2. Сандар сыр шертеді
1.3. Сандар қасиеті
1.4. Сауалнама

ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып
келген сандар сырының күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне
тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары
сөзсіз.
Сондықтан сіздермен мен бүгін шамам келгенше сандар
әлеміне саяхат жасаймын. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың
сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін
тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандардың тек қана
математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор
екен. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сансыз күнделікті
тұрмысты елестету мүмкін емес екен. Жалпы таным
проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік
көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз
оралымдарында өте көп кездеседі. Бұрынғы кездерде халық әр
алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ
қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып
отырған екен.
Негізгі бөлім:
Сандар көптеген пәндер мен ғылым салаларында кеңінен
қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
Осы жұмысымды қолға алғанымнан бері ұққанымды баяндап
көрейін. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен
бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы,
өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп,
басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз
ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін
бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман
талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі
биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Сандар тарихы:
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі –
математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі
болды. Жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр.
Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын
әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар

Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы,
саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол
санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын
ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан,
сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол
заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы,
бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат
төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз,
бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген./төменде кейбір түрлерін
келтірдім.
1.2. Сандар сыр шертеді
0 саны. Бұл саны бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе
дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Адам
өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
2 саны. Күні - түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен
жаман, күн мен түн, ақ пен қара.
3 саны. Қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш
жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды.
4 саны: Бұл сан шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін,
табиғаттағы төрт құбылысы – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы
немесе ромб.
5 саны: Бес санына көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген,
ертеде оны тәуекелге бару символы деп , қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды. 6 саны: 6
саны дүниенің жаралуын білдіреді. Оны ерекше сан деп есептеген, басқа сандардан
ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар.
7 саны: Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның 3
пен 4-тің қосындысы деп қарастырылды.
8 саны: Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп
есептеген.
8 санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді.
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 санының қасиетіне тоқталсақ, ана
құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі.
10 саны: Он саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады. Ол
орта ғасырлық Европада 1+2+3+4 сандарының қосындысы ретінде философиялық
тастың символы болып есептелінген.
1.3 Сандар қасиеті

7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің
жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті
санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын
қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен
заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген.
Аптаның жеті күні. Олар:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді,
төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды,
алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни
аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп
аталады.
Жетіқарақшы– аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз.
Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Түнгі
күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай
Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн
мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған
Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады
екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
Сауалнама:

1.Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а)ия ә)жоқ

2.Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а)ата-анадан ә)мұғалімнен
Сауалнама қорытындысы

100%

75%

25%
Қасиетті сан туралы барлық оқушыларда
түсінік бар екен,бірақ ата-аналарымыз
сандар қасиеті жайында көп айта
қоймайтыны
анықталды.Сыныптастарымның білетін
қасиетті сандары 7,4,3 екен.Басқа сандар
жайында түсінік болмады.Дегенмен
құрбыларым сандар туралы деректер
жинастырғылары келетінін қуана айтты.
Меніңше оларды қызықтырдым.
Қорытынды
Зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар,
ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі
кез келген адамның өз жұмысын солсандар жүйесіне
орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті.
Cандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып,
толығып отырады. Менің жұмысымда әлі нәтижем
жоқ.Бірақ,
Ұлы Абай атамыздың
Өсек,өтірік,мақтаншақ
Еріншек,бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз деген өлең жолдарын бойтұмар
қылып алып сандар туралы айтылатын әртүрлі қызықты,
мазмұнды ақпараттарды білуге талаптанамын. Менің
ізденісім ұстазым үшін үлкен еңбек және қуаныш,ал мен
үшін шығармашылық шабыт деп сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан
ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992
ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. Интернет беттерінен.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жігер тобы
Тапқыр математик сыныптан тыс іс-шара слайд
Сандар тарихы
Сандар тобына
Сандар сыры
Ғылыми жобаның тақырыбы
"7 саны киелі сан"
Таңғажайып жеті саны
Бес бұтақта ағашта
Түйе мен тышқанның айтысы
Пәндер