Оразаның пайдасы
Презентация қосу
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Оразаның пайдасы
Орындаған: Құрақбаева Жансая
Топ:203-18К
Пәні:Валеология
Пән мұғәлімі:Балмаханова Гүлмира
2020 жыл
Ораза жайында
Дініміз Исламның бес парызының
бірі – Рамазан айында ораза ұстау.
Ораза Хз Мұхаммед (Оған
Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) Меккеден Мәдинаға
көшкеннен кейін 1,5 жылдан
кейін Шағбан айында, Мәдина
қаласында парыз етілген
қасиетті, дара құлшылық. Дара
деп ерекшелегенім, Алла Тағала
оразаға қатысты берген
ерекшелігіндей басқа парыз
етілген құлшылық түрлеріне
айрықша мән беріп, оразаның
сауабын тек қана өзім берем деп
айтпаған. Расында барлық
жақсылықтың, құлшылықтардың
сауабын беретін Алла, оған күмән
жоқ. Алайда ораза үшін: «..Оның
сауабын өзім берем» деп
айрықша айтуы, ораза ұстаудың
қаншалықты маңызды құлшылық
екендігін аңғару қиын емес.
Оразаның 14 пайдасы
1. Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады,
иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.
2. Ораза адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. Бұған
дұға, Құран, намаз оқып қана қол жеткізуге болады.
3. Ораза бүйректі тас жиналудан қорғайды. Себебі ол кальцийлену процесіне кедергі жасайды, қандағы
натрий құрамын көбейтеді. Мұның бәрі несеп жолында тас жинайтын тұздың бөлінуіне тосқауыл болады.
4. Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды.
5. Ораза ұстаған адамның ас қорыту жүйесі, оның қосалқы жүйесі жақсы жұмыс істеп, ас қорыту мен
сіңіруге барлық мүмкіндік ашылады. Бұл жүйелер дұрыс жұмыс істейді.
6. Ораза кезінде (ауыз бекіткеннен ауыз ашқанға дейін) әсіресе, жастардың жыныстық сезімдерінде
сабырлылық орнайды. Бұл жастардың жүйкелік және физикалық қажуын тоқтатып, оларды тәртіптен
ауытқызбайды.
7. Оразаның ақыл-естен айырылу дертіне де шипасы мол. Мәскеудің психиатрия институты ашығу және
диетаның көмегімен ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын анықтап отыр.
8. Ораза әйелдердің бала көтеру қабілетін арттырады, ер адамдардың бел күші бұрынғыдан да күшейеді.
9. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені
жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.
10. Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды,
қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.
11. Оразада шын жүректен Аллаһ Тағалаға сиыну сабыр мен қанағат сезімін сыйлап, ол ағзадағы зат
алмасу қызметін нығайтып, адамның тәні мен жанын сауықтырып, қуанышқа бөлейді.
12. Ораза адамды жауапкершілік пен өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйретеді, себебі ол оразаны іштей де,
көптің көзінше де ұстайды емес пе?
13. Ораза адамды ешқандай пайда көздемейтін риясыз сезімге, төзімділікке үйретеді. Бұл кезде ол аштық
пен шөлді, басқа да қолайсыздықты еш наразылық білдірмей көтеруді үйренеді.
14. Ораза адамға қаржыны қалай үнемдеп, ақша қорын қалай байыпты түрде қалыптастыруға болатынын
көрсетеді. Егер әр нәрседе қанағат білдіретін болса, үй шаруасын жүргізуге де қаржы аз жұмсалады.
"Тамақ ішпеу әуелі аштықты ұғындырады.
Алайда, ең маңыздысы – бауырдағы
шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын,
бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы
протеиндердің қимылын арттырады. Міне,
осылайша ораза тканьдарымызды тазалап,
өзгертіп отырады", - деп айтқан дәрігер
Алекс Каррел.
Профессор Требтің мәліметіне сүйенсек,
ораза ұстаған адамда "адреналин және
кортизон" деп аталатын гормондар көп
мөлшерде қанға араласады. Дененің ең
кіші жасушаларының азайып-көбеюін
қамтамасыз ететін бұл гормондар бұл
жасушалардың рак ауруына шалдықпауын
қамтамасыз етеді.
Жалпы, "ауыз бекіту" ішек ауруларына, іш
қатуға, кейбір тері ауруларының
жақсаруына көмектеседі. Бұл адамның ішкі
мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп,
метоболизмды жандандырады. Бүйрек,
бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеты),
жүрек пен тамыр ауруларына қарсы
төзімділікті арттырады.
Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы
холестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың
жақтауларында бірігіп қалған ескі холестерин
қалдықтары бірте-бірте қан айналымына
араласып, қаттылығын жоғалтады. Осыдан
барып ең бір қорқынышты ауру
"артериосклероз" (жүректің қысылуы және
сал болу себептері (ораза мен дәреттің ортақ
әсерімен) жойылады.
Басылым мәліметінше, жүрекке кері әсер ететін үш
фактор бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің
шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі.
Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян
шекпейді. Көп ас ішкеннен кейін денедегі бүкіл
мүшелермен қатар, жүрек те шаршай бастайды.
Бұндай жағдайда қан ми мен орталық жүйке
жүйесінің жасушаларына толықтай жете алмайды.
Жүрек мамандары көп тамақтану мен жүрек
талмасы арасында байланыс бар екенін айтады.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz