Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жеке тұлға заңды тұлға



ҚР Азаматтық құқығы
Орындаған: Қадір Ақниет
Тобы: ЕП19-11к2
Қабылдаған: Жаманқараева Ғалия

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
2 Құқық қаблеттілігінің және әрекет қаблеттілігінің түсінігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

К і р і с п е
Азаматтық құқық - бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық - құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, біріншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.

Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері
заңды тұлға
жеке тұлға
Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Мүліктік қатынастар дегеніміз - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Азаматтық құқықтың қағидалары
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие

Азаматтық құқық жүйесі әдістері. - Мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді. Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне
Азаматтық құқықтар жүйесі
Жалпы бөлім
Ерекше бөлім
Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері
Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халқаралық жеке құқық.

Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар:келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар - айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т. б. жағдайлар нақты баяндалған.

Азаматтық құқық объектілері (ағыл. objects of civil rights (civil law) (property) ; нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle) ) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке) : заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz