Бұрғылау мұнаралары және оның түрлері




Презентация қосу
СРС 2
Орындаған: Зайлағиев А.Ж.
Джубандыков Д.
Нагимова А.
ЖОСПАР

• Бұрғылау мұнаралары және оның түрлері
• Мұнараға қойылатын талаптар
• Түптік қозғалтқыштар және оның түрлері
• Ұршықтар және оның түрлері
БҰРҒЫЛАУ МҰНАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бұрғылау мұнарасы - бұрғылау аспабын, кен
орнындағы қозғалтқыштарды, сондай-ақ жалғастырма
құбырларды түсіруге және көтеруге арналған ұңғыма
үстінен орнатылған көтергіш құралым. Бұрғылау
мұнаралары құбырлардан, бұрыштардан және дөңгелек
прокаттардан дайындалады. Құрылғылар ілінетін,
асылатын элементтері құбырлы профильдерден
дайындалады. Себебі, олар басқа профиль түрлерімен
салыстырғанда үлкен инерция радиусына ие және
мұнараға түсірілетін жел жүктемелерін төмендететін
қолайлы аэродинамикалық қасиеттерге ие.
Қауіпсіздік талаптарына сай бұрғылау мұнарасы
алаңдарының ені 750 мм кем болмау керек. Алаң биіктігі
1200 мм болатын перилалармен жабдықталған. Мұнара
ені 650 мм кем болмайтын сатылармен жабдықталған.
Бұрғылау мұнаралары машталық және мұнаралық (башня) болып екіге бөлінеді.
Башнялық миұнаралар иілгіш (а) және қатаң (б) (15.12 сурет) торлардан дайындалады. Сонымен қатар, башнялы
мұнаралар пісірілген төрт жақты фермалардан (в) немесе үлкен диаметрлі құбырлардан (г) дайындалады. Бұл
типтегі мұнаралар пилондық деп аталады. Конструктивті схемасына тәуелсіз башнялы мұнаралар үлкен
қаттылықпен және таль арқанының қозғалмалы және қозғалмайтын тармақтарының тартылуы кезінде пайда
болатын күш моментінің әсерінен бұралуға кедергісімен сипатталады. Бірақ көп мөлшердегі болттық
қосылыстар санынан башнялы мұнараларды жинау үлкен қол еңбегін талап етеді.
Башнялы мұнара төрт жақты қиылған пирамидадан тұрады. Пирамида өзара белбеулермен және иілгіш
диагональ тартпалармен байланысқан төрт көлбеу орнатылған аяқтардан тұрады. Мұнараның аяғы және
белбеуі құбырлардан, ал диагональ тартпалары – дөңгелек болат прокаттан дайындалған.
Машталы мұнаралар (д) А-тәрізді пішімді болады және аяқ секцияларының пісірілген конструкциясынан жеңіл
монтаждалады. Мұнара аяқтары үшбұрышты 1 және 2, төртбұрышты 3 немесе сақиналы 4 қималы болады.
Ендері біркелкі өлшемде болғанда
төртбұрышты қималы аяқтар үлкен металл
сыйымдылығын талап етеді. сақиналы
қималы мұнара үлкен диаметрлі
құбырлардан дайындалады, бұл оның
салмағының ауырлануына себепші болады.
Төрт (е) немесе екі тіректе (ж) орнатылған
алдыңғы жағы ашық және көлденең қимасы
П-тәрізді болатын бұрғылау мұнаралары
қаттылығы және монтаждалу қабілеттілігі
жағынан тиімді болып табылады.
МҰНАРАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
• Бұрғылау жабдығы өнімділігін арттырудың басты факторы бұрғылау сораптарының берілісі мен
қысымының бұрғылау технологиясының талаптарына сәйкес келуі; бұрғылау тізбектерінің
көтеріп-түсіру жылдамдықтарының және қуаттарының орнатылған нормаларға сәйкестігі;
бұрғылау технологиясын және бұрғылау жұмыстары өндірісін бақылау және басқарудың
автоматтандырылған құралдарын қолдану; қашаудың қажетті айналу жиілігімен жүктемесін
жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.
• Мысалы, бұрғылау режимдерін оңтайландыру, жеңіл ерітінділерді қолдану есебінен түптегі
төмен қысымда бұрғылау, ерітіндідегі қатты фаза мөлшерін төмендету және гидромониторлық
қашауда жоғары гидравликалық қуат орнату бұрғылау қондырғысын модернизациялаусыз да
үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
• Бұл іс-шаралар тек қана бұрғылдау жылдамдығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге
қашаудың өтуін арттыруға да мүкіндік береді. осының есебінен көтеріп-түсіру
операцияларының көлемі бірден төмендеп, оған шығындалатын шығындар да төмендейді.
• Бұрғылау қондырғысының параметрлері мен техникалық құралдары жұмыс істеп тұрған
бұрғылау техникасын қамтамасыз етіп, және де болашақ перспективаны да ескеруі тиіс.
Ұңғыманы бұрғылау уақытының қысқарту қондырғының монтаж қабілеттілігінен және
тасымалдау жылдамдығына тәуелді.
• Конструкцияны жасаудың негізгі мақсаты пайдалану сенімділігінің тиімді
деңгейіне қол жеткізумен берілген жұмыстардың орындалуын және жоғары
тиімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Сенімділік – техниканың заманауи
дамуында және күрделі жүйелерді қолдануда негізгі мәселелердің бірі болып
табылады.
• Сенімділік – объектінің пайдаланудың берілген режимі мен шарттарына,
техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу, сақтау және тасымалдаудың берілген
шарттарына сәйкес келетін берілген шектегі орнатылған пайдалану
көрсеткіштерін уақыт бойынша мәндерін сақтай отырып берілген қызметтерді
атқара алу қасиеті.
• Сенімділік кешендік қасиет болып табылады. ол объектінің тағайындалуы және
оны пайдалану шартына тәуелді істен шықпау, ұзақмерзімділік, жөндеуге
жарамдылықтан тұруы мүмкін. Ол істен шығу жиілігімен, істен шығулар
арасындағы жұмыс істеу ұзатығымен, қызмет көрсету мерзімінде істен шығу
жиілігін өлшеу заңдылығымен, істен шығудың ауырлық дәрежесімен, көлемімен,
жұмыс құны және ұзақтығымен сипатталады.
ТҮПТІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТҮРЛЕРІ

Бұрандалы түптік қозғалтқыш (БТҚ) – гидравликалық түптік
қозғалтқыштың көлемді түрі, планеталық механизм схемасына сәйкес
жасалған жұмыс органдары жуу сұйықтығының энергиясымен
қозғалады. Бұрандалы түптік қозғалтқыш бағытталған, терең, тік,
көлденең және басқа да ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Сонымен
қатар құмды тығындарды, цемент көпірлерді, тұз кен орындарын және
т.б. бұрғылауда да қолданылады.
БТҚ мынадай негізгі құрамдас бөліктер мен компоненттен тұрады:- қозғалтқыш
бөлігі: оның ішіне ротор және статор кіреді;- шпиндель бөлігі: қабатты осьтік
подшипник, радиалды мойынтіректерді және алдыңғы сальникті қамтиды;- асыра құю
клапаны, жалғағыш және жұмыс аударғылары.Болат статор ішінде айнала сол
бағытты бұрандалы тісті ысытылған резеңке қоршауы бар. Болат роторда
хромдалған қабатпен сол жақ бағытта тістер кесілген. Ротор тістерінің саны статор
тістерінің санынан бірі кем болады. Ротор мен статор тістерінің арнайы профильі
статордың жұмыс камераларының бір қадам ұзындығын қалыптастыру арқылы бір-
бірімен үздіксіз контактіні қамтамасыз етеді. Қозғалтқышқа сорғыдан түсетін жуу
сұйықтығы теңдестірілмеген күштердің әсерінен ротор статорға қатысты бұрылған
кезде ғана қашауға өтуі мумкін.Ротор сағат тілімен (абсолютті қозғалысы)
планетарлық қозғалыс істей айналғанда, ротордың геометриялық осі статор осіне
қатысты сағат тіліне қарсы (аударма қозғалысы) қозғалады. Статор мен ротордың тіс
санының айырмасына байланысты (БТҚ түріне байланысты беріліс қатынасы 9/10, 6/7
және т.б болуы мүмкін) ауыспалы қозғалыс абсолютті беріліс қатынасы санына дейін
төмендейді, бұл қозғалтқыш білігінде төмендетілген айналу жиілігі мен жоғары
бұраушы моментті қамтамасыз етеді.
• Шпиндель бөлімі қашауға бұрғылау құбырларынан осьтік жүктеме беру үшін қызмет
етеді, гидравликалық жүктеме мен түптің реакцияларын, қашаудың радиалды
тербелістерінің азаюын қабылдайды.Артық ағынды клапаны тізбекті БТҚ-мен бірге
көтеру кезінде бұрғылау құбырларынан жуу сұйығын ағызу және бұрғылау тізбегін
ұңғымаға түсіру кезінде толтыру үшін арналған.Бұрғылау қондырғысына бұрандалы
түптік қозғалтқыш сақтандырғыш тығындарымен жинақталған күйде
жеткізіледі.Қозғалтқыштың жұмысын бастамас бұрын сыртқы сараптама жасалуы тиіс.
Статор мен шпиндель корпусында жарықтар мен майысқан жерлерінің болмауына,
қозғалтқыштың корпус бөліктері қосылатын бұрғылау құбырлары мен қашауға жалғанар
жерінің резбасының жағдайына, бұрап нығайтылған аралық резбаның нығыздығына
ерекше назар аударылуы қажет.
ҰРШЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ұршық бұрғылау ерітіндісін бұрғылау тізбегінің айналдырушы жетекші құбырына
жіберуге арналған. Бұрғылау процесінде ұршық бұрғылау қондырғысының тəл
жүйесіне ілінеді жəне бұрғылау сорабымен манифольд арқылы жалғанады.
Көтеріп-түсіру операциясы кезінде ұршық жетекші құбырмен жəне иілгіш
шлангпен бірге шруфқа бағытталады жəне тəл жүесінен босатылады. Ротормен
бұрғылау кезінде ұршықтың
оқпаны жетекші
құбырмен бірге үнемі
айналып тұрады, ал түпкі
қозғалтқышпен бұрғылау
ұршық оқпаны бұрғылау
тізбегін қысып қалмас
үшін оқтын-оқтын
бұрылып тұрады.
Пайдалану жəне терең бұрғылауға арналған ұршықтар бізде
де, шет елдерде де бірдей конструкциядан тұрады. Азғана
айырмашылығы шығарушы зауыттардың технологиялық
мүмкіндіктерінде ғана. Ұршықтар жүккөтергіштігі бойынша
ерекшеленеді. Ұршықтың құрылымы айналатын жəне
айналматын бөлшектерден тұрады. Айналмайтын
бөлшектерге– тұрқы, ағынды құбыр, бұрушы, штроп, төменгі
жəне жоғарғы қақпақтар жатады. Айналатын бөлшектерге–
оқпан, негізгі жəне қосымша осьтік тіреулер, радиалды
тіреулер, тезалынғыш тығыздағыштар, ауыстырғыш
жатады. Ұршықтың құрылымы келесі талаптарды орындауы
тиіс: - Ұңғыманы бұрғылау кезінде ұзақтұрақтылығы жəне
жұмыстың тоқтамауы; - Тығыздағыштардың
саңылаусыздығы; - Көлденең габариттері мұнара өсімен
орын ауыстыруға жəне КТО-на кедергі жасамауы керек; - Тез
тозатын тораптары мен бөлшектері өндірістік шарттарда тез
ауыстыруға қолайлы болуы керек; - Үйкелетін бөліктерін
майлау тиімді болуы жəне ұршық бөліктерін салқындатуы
керек; - Тəлді блокпен байланыстыру құрылғысы тез
шуруфқа бағыттау мен шешуге сенімді жəне қолайлы болуы
Ұршықтар жүккөтергіштігімен ерекшеленеді. Ұршықтың
корпусы көмірқышқылды немесе төменлегирленген
құймадан жасалынады жəне штроптарды орнатуға
арналған қалтасы болады. Штроп легірленген хромникельді
немесе хроммарганецті, кремнилі38ХГН, 30ХГСА
болаттардан жасалынады жəне корпусқа саусақшалармен
бекітіледі. Ұршықтың жартылай корпусының ішінде
шегендеу немесе бұрғылау тізбектерінің өстік жүктемесін
қабылдаушы тіректік мойынтрекке арналған сөре жəне
радиальді мойынтрекке арналған ойма болады. Оқпан ішкі
ортасында жуу сұйығы жүретін целиндр тесігі бар,
сыртында тіректі мойынтрекке арналған фланецтен
тұрады. Ұршық оқпаны аудармамен бірге жетекші
құбырдың айналу жиілігімен айналатын болғандықтан, ол
екі радиальді мойынтіректерге орнатылады. Ұршықтың ең
жүгі ауыр бөлшегі штроп пен оқпаны. Сондықтан оқпан
легирленген38ХГН немесе40ХН болаттардан жасалынады.
1 - штроп; 2 - отвод; 3 - быстросменное уплотнение; 4 - крышка;
5 - верхнее уплотнение; 6 - радиальный подшип-ник; 7 - упорный
подшипник; 8 - ствол; 9 - ось; 10 - ос-новной упорный подшипник; 11 -
корпус;
12 - радиальный подшипник; 13 - нижнее уплотнение; 14 - переводник
• 1 - штроп; 2 - отвод; 3 - крышка верхняя; 4 - корпус; 5 - крышка нижняя;
• 6 - ствол; 7 - переводник; 8 - крышка к переводнику; 9 - карман

Ұқсас жұмыстар
Бұрғылау кемелері
Бұрғылау ұңғылары
Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бұрғылау жару жұмыстарының есептеу паспорты
ТЕҢІЗ ҰҢҒЫЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бақылау ұңғымасы
ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ТЕҢІЗ БҰРҒЫЛАУ
ШЕЛЬФТЕ ІЗДЕУ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ. ГИДРОГЕОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Орта ғасырдағы мәдениет
Пәндер