Қазақстандағы жер қатынастары, жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры: құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілер


Slide 1

Жер қатынастары, жерге орналастыру және жер кадастры ұғымдары

Орындаған: Мананбаева Аружан

Slide 2

.

Жер адамзат үшін тіршіліктің басты көзі, қоршаған орта, барлық өндіріс түрлерін, іс-әрекеттерін жүргізетін, қоректік қажеттіліктерін табатын, үй-жай қызмет орындарын орналастыратын базис болып табылады. Жер адамзаттың тіршілік үшін әрекеттерінің кеңістік орны ретінде және өзінің табиғи жаратылысының әмбебаптығынан жерді меншіктеу мәселесі өте күрделі және көпжақты.

Slide 3

.

Жер қатынастары - жер ресурстарын басқару негізінде, мемлекетте жер құрылысын анықтайтын мазмұны.

Жер қатынастары негізінде меншік және меншік қатынастар орын алады. Мемлекет және құқық бар қоғамдағы жер меншігі экономикалық және құқықтық қатынастармен сипатталады. Жер меншігінің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастардың формасы ретінде меншік деп аталады. Жер қатынастарының тағы бір ерекшелігі - бөлу, ауыстыру және тұтыну процесстерінен тұрады.

Slide 4

.

Жер кадастры - Қазақстанда мемлекеттік шара түрінде жүргізіледі. Оның мемлекетттік сипаты жалпы мемлекеттік міндеттерді (халық шаруашылығын жоспарлау, біртұтас жер қорын басқару, жерді пайдаланушылар, жер иелерінің құқығын қорғау, жерді тиімді пайдалану мен қорғау т. б. ) шешудегі маңыздылығымен анықталады.

Мемлекет оның қызметін, міндеттерін, құрамды бөліктері мен жүргізу тәртіптерін анықтайды. Жер кадастрының мазмұны және бекітілген жүргізу тәртібі елдің барлық аумағына міндеттеледі. Мемлекеттік жер кадастрының объектісіне республиканың бүкіл жер қоры мен жеке меншіктегі жер учаскелері жатады.

Slide 5

.

ҚР мемлекеттік жер кадастрының негізгі әдіснамалық параметрлерінің өзгерістеріне талдау

Slide 6

,

Мемлекеттік жер кадастрының орны және рөлі

Slide 7

.

Жерге орналастыру - мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.

Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобаларымен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады.

Slide 8

.

Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады


Ұқсас жұмыстар
Жер қатынастары мен жерге орналастыру: мемлекеттік жер кадастрының рөлі
Жер қатынастары мен жерге орналастыру: даму кезеңдері, құқықтық және экономикалық-техникалық аспектілері
ҚР жер ресурстарын басқару: Агенттіктің құрылымы, мемлекеттік жер кадастры мен мониторингі және заң бұзушылықтардың талдауы
Жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарды құқықтық реттеу
Диплом алдындағы практика есебі: Жерге орналастыру мамандығы - Төңкеріс ауылдық округі әкімдігінің жер қатынастары бөлімі
Қазақстандағы жер құқық қатынастары: мемлекеттік меншік, жерді пайдалану құқығы және қағидалары
Мұхтар-Шиелі ЖШС базасындағы жерге орналастыру және жер кадастр жұмыстары бойынша өндірістік практика есебі
Жер құқығы: ұғымы, меншік-құқықтық режимдер мен мемлекеттік басқару
Қазақстандағы жер құқығының жүйесі: түсінігі, қағидалары және құқықтық тәртібі
Қазақстан Республикасындағы жер құқығы қатынастары: объектілер мен құқықтық режим
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz