Қырғыз халқының халқы, тілі жайлы


Slide 1

6-апта. СОӨЖ - 6. Тақырыбы: Қырғыз халқының халқы, тілі жайлы

Орындаған: Фил-41 тобының студенті Туремұрат Айнура

Slide 2

Қырғыздар (қыр. кыргыздар, кыргыз) - түркі тілдес ұлт. Негізінен Қырғыз Республикасында тұрады. Халқының саңы 4, 5 млн. адам. Тілдері - қырғыз тілі, 2, 9 млн. адам қырғыз тілінде сөйлейді. Қырғыздардың негізгі диаспоралары Өзбекстанда, Қытайда, Тәжікстанда, Ресейде, Қазақстанда, Түркияда, Ауғанстанда мекендейді.

Slide 3

Қырғыздар түркі халықтарына жататын, Орта Азияны мекен ететін халық. Қазіргі қырғыздардың ата-бабасы Енисейдің жоғарғы бөлігі Оңтүстік Сібірді мекен еткен. Түркі тілдес тайпалардың дәуірлеп тұрған кезеңінде қырғыздар Алтай, Ертіс, Тыва және Шығыс Саян аумағын қамтыған Қырғыз қағанатын құрды. Монғол империясының қысымынан кейін Алтай қырғыздары Тянь-Шань бөктеріне қоныс аударуға мәжбүр болды.

Негізгі діні Ислам болғанымен кей бөлігі Исламға дейінгі Көк Тәңір, Ұмай-Ана сынды сенімдерге бойсұнады. Тіпті қырғыздардың арасында буддизмнің тибеттік-монғолдық түрін ұстанатындары да кездеседі. Сондай-ақ, тарбағатай қырғыздарын буддист қырғыздар деп те айтады. Олардың ресми атауы - фоцзяо қырғыздар.

Slide 4 Slide 5

Қырғыз халқының дәстүрлі киімі - ұлттың материалдық және рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі және ел тарихымен тығыз байланысты. Көшпелі тұрмыс жағдайына және саяхаттауға толығымен бейімделген, ол мүлдем айрықша пішінімен ерекшеленеді. Киімнің сипатына таулы аймақтың қатал климаты айтарлықтай әсер етеді. Ертеректе қырғыздар қыстың суығына төзетін мал терісінен түрлі киім тіккен. Ал мақта, барқыт және жібек матаны көршілес елдер - Өзбекстан, Тәжікстаннан әкелетін болған.

Slide 6

Қырғыз халқының ұлттық киімі

Slide 7 Slide 8 Slide 9

«Манас» - қырғыз халқының ерлік эпосы

Бірде қырғыз әдебиетінің классиктерінің бірі: «Манас» - қырғыз халқының тарихы мен рухани өмірінің мыңжылдықтағы тәжірибесін көрсететін халық ойының алтын қазынасы» деп айтқан болатын. Онымен келіспеу мүмкін емес. Шынында да, «Манас» жыры табиғатында ауызша шығармашылықтың үздік үлгісіне, жанрлық мазмұны жағынан батырлық эпосқа жатады. Алайда жырдағы оқиғаларды қамту бойынша, ол дәстүрлі жанр шеңберінен алыс шығып, көптеген ұрпақ өмірінің өзіндік шежіресіне айналды.

Slide 10 Slide 11

Жырдың басты тақырыбы - ұлттың өміріндегі оқиғаларға қарайқырғыз ұлтының қалыптасуына арналған орталық идеясы. Эпоста қырғыздардың тәуелсіздік үшін күресі, қас жауларына халық бірлігі үшін қарсы тұрған шайқастағы батырлардың ерлігі жырланады. «Манас» 500 мың өлең жолдарынан тұрады және көлемі жағынан барлық танымал әлемдік эпостардан асып түседі. Ол «Одиссея» және «Иллиада» эпосынан 20 есе, «Шах-намэден» 5 есе, үндінің «Махабхаратынан» 2, 5 есе, . ал қазақтың «Қобылданды батыр» жырынан 50 есе артық. «Манас» жырының көлемі орасан зор және ауқымды болуы қырғыз эпикалық шығармашылығының ерекшелігінің бірі болып табылады және ұлттың өткен тарихын айқындайды. «Манасты» тұңғыш зерттеген ғалым - Шоқан Уәлиханов.

Slide 12

Қырғыз халық музыкасының көркемдік стилінің негізгі белгілері қазақтардың, Алтайдың және хакастың кейбір халықтарының музыкасына ұқсайды. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, себебі қырғыздардың ұлттық музыкасы Орталық Азия туысқан халықтарының музыкалық мәдениетімен, сондай-ақ түркі мәдениетінің барлық тасымалдаушыларымен тығыз байланыста дамыды. Осы күнге дейін жеткен қырғыз халқының музыкалық шығармашылығы вокалдық және аспаптық жанрларда көрсетілген. Ол өз стиліне ие, терең лиризмділігімен, эпикалық қарапайымдылықпен және ұстамдылықпен ерекшеленеді, жұмсақ және бірқалыпты әңгіме түрінде толық көрініс табады, ал шығармалардың шынайылық ноталары ырғақты құралдардың бай палитрасымен көркемделеді.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Қырғыз асханасы (қыр. кыргыз ашканасы) - Орта Азия мәдениетінің бар жақсысын таңдап алған, ұлттық ерекшелігімен айқындалатын асхана. Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз сияқты тағамдар қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады. Ет, сүт тағамдары және ұннан жасалатын тағамдар қырғыздардың рационында кеңінен қолданылады. Алайда әр ұлт өкілінің өз дәстүрі, ырымдары және өткізетін түрлі шараларына қарай ерекшеліктері болатыны орынды. Қырғыз халқының да өздерінің мерекелері мен салт-дәстүрлеріне, ырымдарына байланысты дайындалатын тағамдары бар. Бұл шерне, жоро, сәбидің өмірге келуі, егін жинау және сол сияқты мейрамдар. Ертеректе әр мерекеге орай арнайы тағамдар дайындалатын болған.

Салт-дәстүрлерге байланысты жасалатын тағамдары

Чоң көжө - көне замандардан бері келе жатқан тағам түрі. Халық арасында оны «жаңа жылдық көже», «көктемгі көже», «үлкен көже» деп те атайды екен. Бұл көжені «нооруз» айының бірінші күні (қазіргі күнтізбе бойынша 21-22 наурызда), мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың құрметіне дайындаған. Бұл күні бүкіл ауыл жиналып, далаға от жағады. Балалар осы оттан секіріп, ал үлкендер «Барлық жамандық аулақ кетсін. Жаңа жыл келді, ескі жыл кетті» деп айтады екен. Осыдан кейін барлығы үлкен дастарханға отырып, чоң көжө ішеді. Мұндай кезде чоң көжө жиналғандардың барлығына жету үшін оны үлкен қазанға пісіреді. Қазанға су құйып, ет салады. Су қайнаған сәтте, оған мәш, тары және жүгері жармаларын салады. Шамамен 30-40 минут қайнатып, үстіне күріш, тары, ақ жүгері және басқа да жармалар тасталады. Барлық жармалар піскеннен кейін туралған картоп пен сәбіз қосылады. Ұн мен талқанды жылы суда араластырады. Оларды да қазанға салып, ең соңынан туралған пияз, сарымсақ салады да, дәміне қарай аскөк, бұрыш қосады. Осының бәрі чоң кожөге ерекше дәм беріп, оны басқа тағамдардан ерекшелейді. Біраз ерекшеліктері болмаса, тура өзіміздің көктемде берілетін наурыз көжеміз сияқты.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі
Қырғызстан Республикасына жалпы шолу
Манас жыры туралы мағлұмат
ДОС ЖӘНЕ ДОСТЫҚ
Ұйғыр мемлекеті
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
Орталық Азияда орналасқан мемлекет
ҒҰН ДӘУІРІ ТҮРКІТАНУДЫҢ ҚАЙНАР
ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz