Ішкі сөлініс бездерінің гормондары


Slide 1

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

“Қалыпты және патологиялық физиология” кафедрасы

Орындаған : Кәрімжан. К

Тобы : В-ЖМҚА-07-19

Қабылдаған:Оразбаева. Ж

Тақырыбы :Организм қызметін реттеуде гипоталамо-гипофизарлы

бүйрекүсті жүйесінің жастық ерекшеліктері.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

а) Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

ә) Гипоталамус

б) Гипофиз

в) Бүйрекүсті бездері

г) Гипоталамустың гипофиздің функциялық

байланыстары

д) Гипоталамустың нейросекреторлық қызметтері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Денедегі барлық құрылымдар арасында

үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең

көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға

кодталған электрлік жүйке серпіністері

немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар

арқылы келеді.

Қызметтердің гуморалды реттелуінде

маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни

эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық

белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон

деген атауға ие болды.

Slide 4

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы өте күрделі. Адам

организмінде әрбір безден өзіне тән гормондар бөлінеді, бөлінген

гормондар тікелей қанға және лимфаға құйып, организмде жүріп

жатқан көптеген процесстерді реттеуге қатысады. Гормондардың

шектен тыс көбеюі және жетіспеуі салдарынан аурулар дамиды.

Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен

патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында

қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін

А. Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып

алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің

өзгергенін, безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы

жақсаратынын анықтады.

Slide 5

Ішкі сөлініс бездерінің гормондары:

Гипоталамус

гипофизотропты гормондар (либерин, статин)

жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)

Гипофиз

соматотропин (өсу гормоны)

Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)

тиротропин

кортикотропин

лютропин

фоллитропин

липотропин

пролактин

Ортаңғы немесе аралық бөлімі

мелотропин

Артқы бөлімі (нейрогипофиз)

вазопрессин (антидиурездік гормон яғни несеп бөлінуін азайтатын гормон)

окситоцин (гипоталамуста жасалады)

Қалқанша безі

тироксин

трийодтиронин

тиреокальцитонин

Slide 6

Қалқансерік безі

Паратгормон

Кальцитонин

Ұйқы безі аралшықтары

инсулин

глюкогон

Бүйрекүсті безінің қабығы

кортикостероидт

минералокортикоидтер (альдосперан)

глюкокортикоидтар

андроген

эстроген

Бүйрекүсті безінің милы заты

катехоламин (адреналин, норадреналин)

Аталық ұрық бездері

андроген (тестостерон)

Аналық ұрық бездері

эстероген

Айырша бездер

тимозин

Эпифиз

мелатонин

Диффуздық энтериндік жүйелер

паротин

гастрин

энтерогастрин

секретин

Панкреозимин

Эндокриндік жасушалар

ренин - ангиотензивтік жүйе

Бауыр және бүйрек

соматомединдер

эритропоэтиндер

Плацента (бала жолдасы) жатыр

эстерогендер

релаксин

прогестерон

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Гормондардың жалпы физиологиялық қасиеттері

Жоғары биологиялық белсенділік.

Дистанттық әсер көрсетуі.

Тез және қысқа әсер етуі.

Тез бұзылады және организмде жинақталмайды.

Тек қызметке ғана емес, сондай-ақ құрылымға әсер етеді (акромегалия) .

Түрлік арнайылығы бар (бірқатар гормондар) .

Ферменттік белсенділігі жоқ.

Физиологиялық әсері - қатаң, арнайы спецификалы

Жоғары биоактивтілігі: гормондардың физиологиялық әсері аз дозада (10-6-10-10 моль\л) .

Әсер етудін дистальды сипаты: гормон түзілу жерінен әдетте нысана-жасуша алыс орналасады.

Генерализденген әсері (жайылынқы) .

Гормонның метаболиттік әсері түрлі жолдармен жүзеге асады. Оның

ішінде ең маңыздысы:

ферменттердің активтілігі

Slide 10

Гипоталамус

Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке

жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары,

гипоталамус, лимбия жүйесі т. б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып

отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.

Гипоталамус - таламусасты, hypothalamus, сөздің кең мағынасында III

қарыншаның түбі астында вентралды, артқы гипоталамус аймағын, regio

hypothalamica posterior-ды қоса, substantia perforata posterior-дың, алдында

орналасқан түзілістерді біріктіреді. Құрсақтағы дамуға сәйкес гипоталамус

екіге бөлінеді: а) алдыңғы бөлім regio hypothalamica anterior, бұған tuber cinereum, infundibulum және hypophysis сондай-ақ пен біріктіріледі; ә) артқы бөлімге

corpora mammilaria мен regio hypothalamica posterior жатады. Гипоталамус

аймағының ядросы порталды тамырлар (гипофиздің алдыңғы үлесімен) және

гипоталамусгипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан.

Slide 11

Гипофиз

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0, 5-0, 6 г, алдыңғы,

ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы - аденогипофиз, ортаңғысы -

меланогипофиз, артқы бөлігі - нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы мен қызметі

жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді.

Адам мен жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу

мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация) . Гипофизді алып

тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май,

көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуләктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады

(полиурия) . Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы

айтылғандардың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының салдары. Ал

гипофиздің қызметі күшейсе мұндай өзгерістердің сипаты қарама - қарсы.

Slide 12

Гипофиздің құрылысы

Гипофиз үш бөліктен тұрады :

алдыңғы - аденогипофиз,

ортаңғы - меланогипофиз,

артқы - нейрогипофиз.

Құрылысы мен қызметі жағынан әр түрлі,

сондықтан да олардың әрқайсысын бөлек

без деуге болады.

Slide 13

Алдыңғы үлес (аденогипофиз), lobus anterior

(aden Гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңғы - аденогипофиз,

ортаңғы - меланогипофиз, артқы - нейрогипофиз. Құрылысы мен

қызметі жағынан әр түрлі, сондықтан да олардың әрқайсысын

бөлек без деуге болады ohypophysis) , ірілеу келген, барлық

гипофиз салмағының 70-80% құрайды. Эпителиальды

жасушалардың бауларынан түзілген, арасында өте жұқа дәнекер

тінді перделер мен синусоидты капилларлар бар аденоциттер. Бұл

аденоциттер үш топқа бөлінеді: ацидофильді, хромофобты,

базофильді клеткалардан тұрады. Ацидофильді түрі көбінесе

алдыңғы бөліктің шетінде орналасқан, цитоплазмасында көптеген

түйіршіктері бар аденоциттер. Хромофобты эндокриноциттер

алдыңғы бөліктің ортасында орналасқан, цитоплазмасы нашар

боялатын жасушалары бар.

Slide 14

Соматотропин - жәй белок ацидофильдік клеткалардан түзіледі, денеде биосинтезді

күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға, белок

түзілуін, РНК синтезінің қасиетін күшейтеді, аминқышқылдарының қаннан тін

клеткаларына өтуін, сіңуін тездетеді, тін мен клеткалардың өсіп дамуын қамтамасыз етеді

Адренокортикотропин - бүйрек үсті безінің гормоны. Бездің қыртысты қабатындағы

клеткаларын өсіріп, кортикостероид гормондарының, әсіресе глюкокортикоидтардың

түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді.

Тиреотропин - қалқанша тканін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді.

Тиреотропин шектен тыс көп бөлінуі гипофиздік гипертиреозға әкелуі мүмкін.

Гонадотропин - екі түрлі гормоннан тұрады:

лютропин - аналық және аталық без - тестестерон мен прогестерон гормондарының

түзіліп бөлінуін күшейтеді.

Фоллитропин - анабез фолликуласын ұлғайтып, гормондар түзілуін үдетеді, қанда

эстрогендерді көбейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін

жеделдетеді.

Аденогипофиздің гормондары

Slide 15

Ортаңғы бөлік - меланогипофиз, lobus intermedia, онда интермедин

гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік клеткаларда

пигмент түйіршіктерін көбейтіп, клетка талшығын кеңейтеді, пигмент түйіршіктерінің клеткада біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.

Интермедин сонымен қатар көздің ішкі қабығындағы пигмент

клеткаларынан жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді,

сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін гипоталамус реттейді.

Артқы үлесі - Нейрогипофиз (lobus posterior) гипофиз

шұңқырының артқы бөлігінде орналасқан бөлік, lobus nervosus және аденогипофиздің төмпешік бөлігінің артында орналасқан құйғыштан

тұрады.

Нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен клеткалар - питуициттерде

және гипоталамустың нейросекреторлы клеткаларының

талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормоны да

гипоталамуста түзіліп, нейросекреторлық клеткалар аксондарының

бойымен гипофизге жетіп, сонда сақталады.

Slide 16

Нейрогипофиздің гормондары

Вазопрессин - бүйректің несеп

жиналатын түтігінде судың қайтадан

денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін

азайтады, сондықтан да оны антидиурездік

гормон деп аталады.

Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп

қалыптан тыс көп шығады, полиурия

дамиды. Бұл гормон қан тамырларын

тарылтып, қысымды күшейтеді.

Окситоцин - жатыр еттерін жиырылтады.

Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын

тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын

үдетеді.

Slide 17

Бүйрекүсті бездері

Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без

салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.

Бүйрекүсті бездерінің гормондары: бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан

астам кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай

кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді:

(ГКС)

(МКС)

(АКС)

бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы

зонасында түзіледі. Бұл топқа:

кортизон (өте белсенді)

гидрокортизон

кортикостерон (белсенділігі төмендеу) жатады.

Slide 18

Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі 2

гормон - адреналин мен норадреналин түзіледі. Адреналин негізінен бүйрекүсті бездерінде

ғана, ал норадреналин басқа да ағзаларда

пайда болады және адренсезгіштік

түйіспелерде қозуды өткізетін медиатор

ретінде де бөлінеді. Адреналин, норадреналин және дофамин - биогендік катехоламиндерге

жатады. Олар тирозиннің туындысы болып

есептеледі.

Slide 19

Гипоталамустың гипофиздің функциялық байланыстары:

Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс

екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың

супраоптикалықжәне паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз

аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары

арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық

әдістермен дәлелденген.

Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады.

Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни

гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік

құрылым болып саналады.

Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23

Chart Style

Insert the title of your subtitle Here

35%

20%

15%

30%


Ұқсас жұмыстар
Гормондар туралы ақпарат
ҚАЛҚАНША БЕЗ
Асқорыту бездерінің гормондары
Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері
Эндокриндік жүйе
Қант диабетінің балаларда ерекшелігі
Аталық жыныс безі
ІШКІ СӨЛ БЕЗДЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Диффузды эндокринді жүйе
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz