Есту мүшесі


Slide 1

Тақырыбы: Анализаторлар ілімі жарығындағы сезімтал ағзалардың жалпы сипаттамасы. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері.

Орындаған: Ермаханбет Ұ.

Топ: 211

Тексерген: Исаева З. К.

«Астана медицина университеті»

«Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы»

Нұр-Сұлтан, 2020

СӨЖ

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Анализаторлар туралы түсінік;

2. Анализаторлардың құрылымы;

3. Анализаторлардың түрлері;

4. Сезім мүшелері және рецепция;

III. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе.

Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар дейді.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Slide 4

Анализаторлар туралы түсінік.

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) ; (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып тұрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; sensory memory; short-term memory; working memory; long-term memory; attention; encoding; maintenance rehearsal; retrieval

Slide 5

Анализаторлар туралы түсінік.

Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, ұлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады

Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, ұлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады

Slide 6

Анализаторлардың құрылымы:

Slide 7

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; sensory memory; attention; working memory; short-term memory

Slide 8

Сезім мүшелері туралы түсінік.

Дененің барлық мүшелерінде рецепторлар (жүйке ұштары) бар. Рецепторлар ішкі, сыртқы ортаның тітіркеністерін бірден қабылдайды. Дененің кейбір мүшелеріндегі рецепторлар тітіркеністі тек сыртқы ортадан қабылдайды. Бұл рецепторлардың ерекшелігі олар нақты өзіне тән тітіркеністі ғана, мысалы, көздің рецепторлары тек жарық сәулесін, құлақтағы дыбысты қабылдайды. Сыртқы ортаның тек өзіне тән тітіркеністерін қабылдайтын мүшелер- «сезім мүшелері» деп аталады. Сезім мүшелеріне көру мүшесі (көз), есту, тепе-теңдік (құлақ), иіс (мұрын), дәм сезу (тіл), жанасуды сезу (тері) мүшелері жатады. Теріде ыстықты, суықты, ауырғанды, жанасуды сезетін жүйке ұштары бар.

Ағзадағы сезім мүшелері сыртқы ортаның әртүрлі әсерлерін қабылдап, нақты бір жүйемен (кодирования) өңдейді де, оны нерв импульсіне айналдырып, өткізгіш жолдары арқылы ми қыртысына, қыртыс астына беріп, одан субъективті сезім түрінде жауап алады. Сонымен қоса, бұл жүйе ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып, ағзаның белгілі бір жағдайларға бейімделуін де қамтамасыз етеді. Ағзадағы анализаторлар үш бөлікке бөлінеді. Олар шеткі(рецепторлы), аралық және орталық. Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлы жасушалары бармүшелер жатады. Бұлар: механорецепторлар (есту, тепе-теңдік сақтау, тері- сипап сезу, барорецепторлар), хемореццепторлар (дәм сезу, иіс сезу, қан тамырлар құрамындағы интеррецепторлар), Фоторецепторлар (көздің торлы қабығы), жарықты қабылдаса, ал терморецепторлар (тері мен ішкі мүшелердегі), ауырғанды сезетін рецепторлар болып табылады.

Аралық бөлігіне-көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады(өткізгіш жолдар) .

Орталыққа-сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады. Мұнда берілген информация өңделіп, оған жауап беріледі.

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; sensory memory; short-term memory; working memory; attention; memory span; 7 +/- 2 items

Slide 9

Сезу мүшелерінің жіктелуі:

Құрылысы мен қызметіне қарай сезу мүшелерінің рецепторлы бөлігінің үш түрін ажыратады.

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; sensory memory; short-term memory; working memory; attention; maintenance rehearsal

Slide 10

Көрү мүшесі.

Көз(Opthalmos oculos) - көру мүшесі, көру анализаторларының шеткі бөлігі, рецепторлы қызметін атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі.

Дамуы. Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшаларынан бастау алады. Көздің торлы қабығы мен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы экстродермадан дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды. Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп қабатты жалпақ эпителийге ауысып, көздің қасаң қабығына айналады. Көз бокалы ішіндегі мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы дамиды. Көздің қарашығын(диаметрін) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі.

Көздің сезімтал ішкі қабығы- торлы қабық, көздің рецепторлы бөлігі, құрамында нейрондары бар. Бұл фоторецепторлы нейрондар арқылы ағзаға, ми қыртысына, қыртыс астындағы көру орталығына информация беріледі. Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын үш түрлі жарықты сындыратын немесе диотропикалық (қасаң қабық, көз камераларындағы сұйықтық, көз бұршағы мен шыны тәріздес дене) ; аккомадациялық (нұрлы қабық, кірпікшелі дене мен кірпік тәрізді өсінді) ; рецепторлы (көздің торлы қабығы) аппараттарға жатқызады.

Көздің құрылысы. Көз алмасы(bulbus oculus) үш қабықпен қоршалған. Сыртқы фиброзды қорғаныш қызметін атқаратын жне көз алмасының сыртқы бұлшық еттері бекінген қабығы. Бұл қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабық болса, ал артқы бөлігі склера (ақ қабық) болып саналады. Ортаңғы қабығы ең негізгі зат алмасу процесінде маңызды ролі бар қан тамырлы қабық. Бұл қабық үш бөліктен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы дене және қан тамырлы - хориодей бөлігі(choriodea) .

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; long-term memory; working memory; short-term memory; encoding; retrieval

Slide 11

Көру мүшесінің гистологиясы.

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; long-term memory; working memory; short-term memory; encoding; retrieval

Slide 12

Көру мүшесінің гистологиясы.

Slide 13

Дәм сезу мүшесі.

Notes: Hockenbury slides (Schulman)

Key words: modal model of the mind; stage model of memory; long-term memory; working memory; short-term memory; encoding; retrieval

Slide 14

Дәм сезу мүшесі.

Дәм сезу мүшесінің дамуы. Дәм сезу бүртіктерінің ең алғашқы бастамасын беретін ауыз қуысының көп қабатты эпителиі.

Құрылысы. Әрбір дәм сезу бүртіктерінің пішіні элипс тәрізді болып келген, құрамында бір-біріне тығыз жабысып орналасқан 40-60-қа жуық жасушалары бар құрылымдар. Бұл жасушаларды бес топқа бөледі: сенсоэпителилі, “ашық түсті” ұзын цилиндр тәрізді, “күңгірт” түсті тіректі, аз дифференцияланған базальды және шеткі (перигеммальды) жасушалары. Дәм сезу бүртіктері астыңғы дәнекер тіннен базальды мембрана арқылы бөлінеді. Бүртіктердің ұшы тілдің бетіне дем сезу саңылауы арқылы байланысады. Мұндай саңылаулар біртіндеп эпителий жасушаларының бетіндегі дәм сезу шұңқырларына ұласады.

Slide 15

Дәм сезу мүшесі.

Slide 16

Кортий мүшесі.

Slide 17

Есту мүшесі.

Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет - құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Ортаңғы құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады.

Есту түтікшесі тамақтың, мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады, сондықтан тұмау кезінде инфекция мұрын-жұтқыншақтан сол түтікше арқылы ортаңғы құлаққа түседі. Ал дабыл қуысы сыртқы есту жолы мен құлақтың ішкі бөлігі лабиринттің (шытырманның) арасында орналасқан. Ол бұрыс куб тәрізді, сондықтан алты қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын үш кішкене сүйекше бар. Сүйекшелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне жібереді.

Slide 18

Есту мүшесі.

Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Ішкі құлақ - “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады.

Дыбыс өткізгіш аппаратына құлақтың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы) орталықтары жатады.

Notes: Consciousness is simply being aware of something - within the realm of psychology, we talk about consciousness as being an awareness of one’s sensations, thoughts, and feelings (your mental activity) at any given moment.


Ұқсас жұмыстар
Көру сезу
Есту тепе - теңдік мүшесі
Иіс сезу мүшесі
Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері
Құлақ аурулары
Дәм сезу мүшесі
Анализаторлардың ортақ қасиеттері
Иіс сезу мүшесін тап
Тері қабаттары мен құрылысы
Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкі құлақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz