Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым



«Астана Медицина Университеті» КЕАҚ «Қалыпты физиология кафедрасы»
Нұр-сұлтан 2020ж.
Орындаған: Ермаханбет Ұ.
Топ: 211
Факультет: Жалпы медицина
Қабылдаған: Аделия Маратовна
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Қанның физикалық - химиялық константалары

Жоспар:
1. Қан тамыр арналарының әртүрлі бөліктерінің фунционалды сипаттамасы.
2. Қанның формалық элементтерінің құрамы.
3. Артериялық қысым. Оны анықтаушы факторлар. Маңызы. Өлшеу әдістері мен ережелері.
4. Артериялық пульс. Сипаттама. Өлшеу ережелері.
5. Тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз ететін факторлар. Веноздық пульс. Веноздық қысым.
6. Қан айналым функцияларын зерттеудің аспаптық әдістері (сфигмография, реография, флебография) .

Қантамырлар
Қантамырлар - адам организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қантамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Құрылым ерекшеліктеріне байланысты - артериялар, артериолалар, веналар, венулалар және капиллярлар болып бөлінеді.
Сонымен қатар әрекеттік маңызына қарай да жіктеледі. Б. Фольковтың жіктеуі бойынша амортизациялық (серпімді), резистивтік (кедергілі), жапқыш, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дәнекер тамырлар (анастомоз) болып жіктеледі.

Артерия немесе қызылтамыр - қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі мүшелерге тасымалдайтын қантамырлар.
Адам артериясының диаметрі 0, 4-2, 5 см-қабырғасының калыңдығы 0, 8-0, 9 мм артерия жүйеде жалпы қан көлемі (орташа есеппен) 950 мл.
Артерия қабырғасы 3 қабаттан құралған. Сыртқы (адвентиция) дәнекер ұлпадан тұрады. Ол өте берік ішкі қысымға төзімді, сонымен қатар созылмалы қан тамырлары мен жүйке жүйесі жақсы жетілген. Ортаңғы қабаты тегіс бұлшық ет және созылмалы талшықтардан құралған. Оның жиырылып созылуы нәтижесінде артерия қуысы ұлғайып кішірейеді. Соның нәтижесінде ағзаларға келетін қан мөлшері реттеліп тұрады. Ең ішкі қабаты интима эндотелий мен дәнекер ұлпадан тұрады. Ол қан тамырларына қосымша беріктік береді.
АРТЕРИЯЛАР

Қызылтамырша немесе артериола - қызылтамырлар (артериялар) мен қылтамырларды (капиллярлар) жалғастырып тұратын жіңішке артерия қан тамыры. Қызылтамырша - микроойналым арнасының бастама қан тамырларына жатады. Жіңішке етті артериялар - қабықтары жұқарып, диаметрі тарылып, қызылтамыршаға айналады. Оның арнасының диаметрі 50-100 мкм. Олар тарамдалып, диаметрі жіңішкеріп, қабырғалары жұқарып қан капиллярларына ауысады.
Қызылтамыршаның қабырғасы үш қабықтан құралған. Ішкі қабығы - интима өз кезегінде үш: эндотелий, эндотелийасты және ішкі эластинді жарғақ (мембрана) қабаттарынан тұрады. Ортаңғы қабығы - медианы 1-2 қабатта жатқан бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттері құрайды. Миоциттердің аралықтарында аздаған эластин талшықтары болады. Медиа мен адвентиция қабықтарының аралықтарында сыртқы эластинлі жарғақ болмайды. Сыртқы қабығы - адвентиция талшықты борпылдақ дөнекер ұлпасынан тұрады.
Артериола

Вена қантамырлары немесе көктамыр - мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды.
Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналаскандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді.
Веналар теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық кантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі куысты вена қантамырларына айналады. Бүл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Веналар

Көктамыршалар немесе венулалар - микроайналым арнасының қылтамырлардың (капиллярлардың) қосылуынан түзілетін, жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары. Көктамыршалардың қабырғалары: ішкі - интима, ортаңғы - медиа (бірыңғай салалы ет ұлпасының бір қабат миоциттерінен тұрады) және сыртқы - адвентиция қабықтардан құралған. Көктамыршалардың кең арналары (30-50 мкм) арқылы қан төменгі қысыммен баяу ағып, ұлпалардағы зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері вена қанына өтеді. Бұлардың кең арналы қуыстарында денедегі қанның қоры сақталады. Көктамыршалардың жұқа қабырғаларындағы саңылаулар арқылы қаннан қоршаған ұлпаларға лейкоциттер өтеді. Көктамыршалар бір-бірімен өзара қосылып, көктамырларды (веналарды) құрайды.
Венулалар

Қылтамыр немесе капилляр- ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр.
Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді.
Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады. Оның қабырғасы үш қабаттан: ішкі - эндотелийден, ортаңғы - негіздік жарғақта орналасқан перициттерден, сыртқы - адвентициальды жасушалардан тұрады.
Лимфа капиллярлары - тым жүқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Олардың қабырғалары да жалаң қабат жалпақ келген эндотелиоциттерден тұрады. Бірақ, эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының арасында негіздік жарғақ болмайды.
Капиллярлар

Қанның пішіндік элементтері:
Эритроцит
Лейкоцит
Тромбоцит

Эритроциттер - ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4, 0х1012 - 5. 0х10 12 /л. Әйелдерде 3, 7х10 12 - 4, 7 - 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі - эритроцитоз, азаюы - эритропения деп аталады.
Эритроцит

Эритроциттердің қызметі:
Тыныс алу - ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар;
Қоректік - қоректік заттарды ас қорыту ағзаларынан жасушаларға тасымалдайды;
қорғаныс - эритроциттер токсиндерді антиденелер арқылы байланыстырады, қан ұюға қатысады;
ферментативтік - әр түрлі ферменттердің тасушысы.

Лейкоциттер - қанның ақ денешіктері. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда тыныштық жағдайда лейкоциттердің мөлшері 4, 0-9, 0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз, азаюы - лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулациттері ( түйіршіксіз) . Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.
Лейкоцтит

Лейкоциттердің қызметі:
Қорғаныс - ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді;
Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар;
Антиденелер өндіреді;
Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады;
Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді;
Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады;
Ферментативтік - олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет;

Тромбоциттер - немесе қан пластинкалары. Олардың мөлшері 180 - 320 109/л. Оның көбеюі - тромбоцитоз, азаюы - тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір - бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.
Тромбоцит

Тромбоциттер қызметі:
Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
Қорғаныс - тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.

Артериялық қысым
Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсірентін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әр түрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек босаңсығында болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының қысымы деп аталады.
Артериялық қысым жүрек-тамыр жүйелері жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қысым өзгерген кезде жүрекке жүктеме, сондай-ақ ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету деңгейі өзгереді.

Артериялық қысым
Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм сын. бағ., ал ең аз қысымы 70-80 мм сын. бағ. құрайды.
Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т. б себепші болады. Гипертонияның алдын-алу үшін тамақтану және ұйықтау режімін қадағалап, жұмыс пен демалысты кезектестіріп, салауатты өмір салтын сақтау керек.
Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендеуі гипотония деп аталады. Бұл-адам өміріне қауіпті, организмнің әлсіреген іс-әрекетінің көрсеткіші болып табылады.

Артериялық пулсь
Жүректің ырғақты соғуына (жиырылып босауына) байланысты қолқадағы қан қысымының жоғарылап-төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады. Мұны артерия пулсьі деп атайды. Систола кезінде жүректен шыққан қан қолқаны кеңейтеді, ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де, қанды сырып қолқадан әрі артерияға ысырып жылжытады.
Жүректен шыққан қанның ықпалынан пайда болған осы қолқа қабырғасының толқыны пулсьтік толқын деп аталады. Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап кетеді. Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пулсьтік толқын сезіледі.

Артериялық пулсьті өлшеу
Пулсь көбінесе қатты сүйектің үстінде теріге жақынырақ орналасқан артерияларда байқалады. Мысалы, адамда самай, білезік, білек, ұйқы артерияларының бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып анықтайды.
Пулсьті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Тамырдың соғуын көрсететін қисық сызық - сфигмограмма анакроттық көтерілу және катокроттық төмендеу сызықтарынан тұрады. Катокроттық төмендеу кезінде ойыс (инцизура) кездеседі. Одан кейін дикроттық тіс пайда болады (қайта көтерілу) . Анакротта қан қысымының систолалық көтерілуіне, ал катокротта оның диастолалық төмендеуіне сәйкес келеді. Ал дикроттық тіс диастола мезгілінде қолқаның айшық қақпашаларының алдымен қарыншаға қарай созылып ауытқуынан, кейін бұрынғы қалпына келіп, бастапқы орнына түсуіне байланысты қанның біресе қарыншаға ауытқып, содан соң қайтадан қолқаға өтуінен пайда болатын қосымша толқын.

Гемодинамика
Қанның тамырлар бойымен қозғалысын - гемодинамика деп атайды. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсін - әлсін тек систола кезінде өтеді. Соған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Мұның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуы.
Тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз ететін факторларға қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы ( көлемдік, сызықтық) және қантамырлардың тонусы, яғни қан ағысына көрсететін кедергісі жатады.

Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері
Қысым - қанның тамырлардың бірлік ауданына түсіретін күші.
Қан айналымының көлемдік және сызықтық жылдамдығын анықтайды:
• Көлемдік желдамдық деп (Q) құбырдың (тамырдың) берілген ауданы бойынша бірлік уақыт ішінде ағатын сұйықтың көлеміне тең шаманы айтады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz