Халықаралық жүзу федерациясы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

Дайындаған: Берікқызы М.
Қабылдаған:Мухиддинов Ержан
Тобы: ХНК 2топ
2020 жыл
Жүзу

Жүзу , спорттық жүзу – спорт
түрлерінің бірі.
Спорттық жүзу жарыстары еркін (
кроль), брасс, баттерфляй,
шалқалап жүзу, тағы да басқа
тәсілдерімен 50 метрден 1500 метр
қашықтық аралығында өткізіледі.
Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су
астында жүзу, синхронды
(көркемдік) жүзу т.б. түрлері
болады. жүзудің тұрмыстық, емдік,
ойын түрлері де бар.
Халықаралық жүзу
федерациясы
• Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның құрамына 128 ел кірді.
Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүз. чемпионаттар 1973 жылдан, еуропалық чемпионаттар 1926
жылдан өткізіледі. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде жүзумен адамдар ежелгі дәуірден бастап айналыса
бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы жылытылатын 50x20, 100x50 метрлік үй ішіндегі
бассейндер салынған. 16 ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы
Венецияда өткізілді. КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан
бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел
дамуына ықпал етті.
• Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт
және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық
жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық
біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты.
Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және
демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық
біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына
қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік
эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн
іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7
жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының
үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын
алады. Жүзумен тұрақты шұғылданған адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке тамыры нығаяды,
денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады
ЖҮЗУ ТАРИХЫ
Тарихшылардың айтуынша, адамдар жүзуді
баяғы заманнанбілген. Сонымен қатар, соғыс
кездерінде әсери құралды жүзуді әрбір сарбаз
үйренген. 1515 жылы Венецияда алғашқы
Әскери жүзуден жарыстар өткізілді. 1869
жылы Англияда алғашқы әуесқой жүзу мектебі
ашылды. («Англияда жүзудегі спорт
әуесқойлары қауымдастығы»). Кейінірек
осындай мектептер Швеция, Германия,
Венгрия,Франция, Нидерланды, АҚШ, Жаңа
Зеландия,Ресей, Италия және Австрияда пайда
болды. XIX ғасырдың аяғында су спорттарының
танымалдылығының өсуі байқалады. Соның
арқасында жасанды бассейндердің пайда болуының
алғышарттары көрінді. 1896 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жүзу Олимпиада ойындарының
бағдарламасына кіреді. 1899 жылы “Еуропалық чемпионат” деп аталатын Еуропа чемпионаты
өткізілді. 1908 жылы Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) жарыстардың негізгі
қашықтықтарын, сондай-ақ жүзудің тәртібін анықтады және бекітті.
ЖҮЗУ ТҮРЛЕРІ

Кроль — жүзудің ең жылдам түрі,
ол аяқ-қолдардың және аяқтың
симметриялық қозғалыстарымен
сипатталады. Қолдардың
әрқайсысы үлкен ескекті денесінің
осі бойынша жасайды. Ал аяқтары
кезек-кезек көтеріліп, түсіп
отырады.
Артқы кроль — қарапайым және
көзбен көріп отыратын жүзу стилі.
Сондай-ақ, спортшы балама
көтеріліп аяқтарын төмендетумен
қатар баламалы қол арқылы
соққыларды орындайды. Спортшы
арқасымен шалқайып жүзіп, суға
тікелей қолын тигізеді.
СУДА ЖҮЗУДІҢ
ПАЙДАСЫ:
Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен,
біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр
бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай
қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.
Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін

арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады».
Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының
алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.
Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына

игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.
Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын

болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.
Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай, иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға

қарсы тұра алады.
Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен

энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса,
жүзу кезінде омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек.
Және де жүзу спорты жүйкені жұқартып, ойды мың бөлген күйзелістен арылтуға сеп

болады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып
әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
АТУ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Жүзу туралы ұғым
Бұқаралық спортты дамыту
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдардың даму тарихы
Астана медалі
Жанболат Жақияұлы Сәрсенов
Егеменді еркін ел. Дүниетану
Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФУТБОЛДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстан - Ресей байланысы
Пәндер