ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ


Slide 1

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Экономикалық теорияның пәні. Экономикалық категориялар және заңдар.

Экономиканы ғылымы танудың әдістері мен құралдары. Нормативті және позитивті талдау.

Экономикалық теорияның қызметтері.

Slide 2

«Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған:

«ойкос»- үй, шаруашылық, «номос»- ілім, заң деген мағынаны білдіреді.

Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырда экономикалық ойлар ғылым ретінде қалыптаспады. Оның себебі, ол заманда тауар- ақша қатынастары, нарық дамымады.

Греция. Полуостров Аттика. Афины. Рафаэль Санти «Афинская школа»

Slide 3

МЕРКАНТИЛИЗМ

Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Алғашқы өз алдына қаланған мектеп- меркантилизм. Оның негізгі өкілдері: Т. Мен, У. Стаффорд, А. Монкретьен, Кольбер. Олар қоғамдық байлықтың негізгі ақша, алтын деп білді. Байлық - ол біріншіден барлық затты, қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін алтын. Оның негізінен сыртқы сауда әкеледі. Ендеше алтынды елге енгізу қажет, ал елден шығаруға еш болмайды, сондықтан айналым саласын ғана зерттеу қажет. Бірақ сауда қоғам байлығын, адамдардың әл- ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс сферасында тек қана құн формасы ауысып тұрады, жаңадан құн жасалмайды.

Ганс Гольбейн Младший. Георг Гизе, Лондон (1532ж. )

Slide 4

ФИЗИОКРАТИЗМ

Меркантилистердің осы осалдығын экономикалық теорияның ғылым ретінде дамуындағы екінші бағыт - физиократтар мектебінің өкілдері байқады да қоғамдық байлық өндірісте пайда болатындығын дәлелдеді. Бірақ олар өндірістін ішінде өнімдісі ауылшаруашылығы деп түсінді. Физиократтардың өндіріске көңіл бөлуі үлкен жаңалық болды.

Олардың негізгі өкілдері- француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774ж. ) және

Анн Роберт Жак Тюрго (1727-1781ж. ) .

Ф. Кенэ

(1694-1774)

А. Тюрго (1727-1781) .

Slide 5

Классикалық саяси экономия

Оның өкілдері қоғам байлығы жалпы өндірісте пайда болатындығын өздерінің еңбектерінде айқын көрсетті.

Бұл бағыттың негізгі өкілдері:

У. Петти, П. Буагильбер, А. Смит, Д. Рикардо. Классикалық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой пікірдің қалыптасуы өндірістін қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді

жан- жақты дамытты.

Уильям Петти 1623 - 1687

Адам Смит (1723-1790)

Slide 6

МАРКСИЗМ

Карл Маркс 1818 - 1883ж.

Экономикалық теорияны ең ашық идеологияландырған марксистер болды.

Олар өздерінің теориялық көзқарастарында жұмысшылар табының мүдделерін ашық қорғады. Сондықтан, олардың экономикалық ғылымын жұмысшы табының саяси экономикасы деп атайды.

Олардың теориясының басты жорамалы- өндіріс құралдарына қоғамдық меншік пен жұмысшылар мүддесі негізінде барлық экономикаға орталықтандырылған жоспарлау басшылығын орнату болатын.

Бұл бағыт XIXғ. алғашқы жартысында қалыптасып, XXғ. алғашқы ширегінде Лениннің еңбектерінде дамыды.

Slide 7

МАРЖИНАЛИЗМ

Маркстік теорияға қарама- қарсы бағыт XIX ғ. 70 жылдарында дүниеге келген маржинализм болды.

Олар экономика ғылымының мақсаты шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде деп таныды. Маржинализм өкілдері «саяси экономия» ұғымының орнына «экономикс» ұғымын енгізді. Сонымен қатар шекті өнім, шекті пайдалылық, шекті шығын, шекті табыстар ұғымдарын пайдаланып экономикалық құбылыстарды түсіндірді.

Карл Менгер 1841-1921

Фридрих фон Визер 1851-1926

Леон Вальрас 1834-1910

Вильфредо Парето 1848-1923

Slide 8

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ежелгі дүниеден- 19 ғ. дейін

Экономия Аристотель, Антисфен, Платон

Меркантилизм Антуан де Монкретьен

ФИЗИОКРАТТАР Ф. Кенэ, А Тюрго

Классикалық саяси экономия Адам Смит, Жан Б. Сэй, Давид Рикардо, Роберт Мальтус

Орта ғасыр Фома Аквинский, Уильям Оккам

Марксизм К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин

Маржинализм Ф. фон Визер, К. Менгер, Л. Вальрас

Slide 9

Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағытта жүреді: неоклассикалық және кейнсиандық.

Альфред Маршалл 1842-1924

Бірінші бағыт ХІХғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі А. Маршалл (1842-1924) болды. Неоклассикалық доктрина ХХғасырдың 30-жылдарына дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің (1883-1946) атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық) «ығыстырып» шығарды. 1929-1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге нарық қабілетті емес екенін, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуін мемлекеттік реттеу қажет екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе- мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің араласуы шектелуі тиісті деп есептеді. Кейнсиандықтар керісінше, нарық экономикасынын мемлекеттің бақылауымен және макрореттеудің белсенді көмегімен дамытуға болады деп есептеді.

Джон Мейнард Кейнс 1883-1946

Slide 10

Институционалды- әлеуметтік бағыт

Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде институционалды- әлеуметтік бағыт қалыптасты.

Оның өкілдері: Т. Веблен, У. Митчелл, Д. Гэлбрейт, М. Вебер.

Бұл теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты тек нарықтың өзі ғана емес, тұтас экономикалық институттардың жүйесі.

Торстен Веблен 1857-1929

Slide 11

Қазіргі заманғы экономикалық ғылым

Kлассикалық саяси экономия Адам Смит, Жан Б. Сэй, Давид Рикардо, Роберт Мальтус…

Марксизм К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин

Маржинализм Ф. фон Визер, К. Менгер, Л. Вальраc

Неоклассикалық мектеп Альфред Маршалл, Йозеф Шумпетер

Монетаризм Милтон Фридмен

Кейнсианство Посткейнсианство Дж. Мейнард Кейнс, Михаил Калецкий…

Институционализм

Slide 12

«Экономика» сөзінің

түсінігі

бұл адамдардың шаруашылық

іс-әрекетімен және өндіріспен

байланысты қоғамдық қатынастар

жиынтығы.

бұл жеке шаруашылық

немесе өндірістік жүйе

бұл қоғамның шаруашылық

өмірінің белгілі бір саласын

зерттейтін ғылыми


Ұқсас жұмыстар
Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі және субъектісі
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
Экономикалық теория тұрғысынан шығын факторлары
Экономикалық теория
Экономикалық теорияның пәні және әдістері
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория - байлық туралы ғылым
Өндірістік мүмкіндіктер
Халықаралық экономика теориясының объектісі және пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz