НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ


Slide 1

НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ.

Нарықтың мәні мен түрлері.

Бәсеке: түсінігі және түрлері.

Нарық инфрақұрылымы. Қазіргі нарықтық инфрақұрлымының негізгі элементері.

Slide 2

Нарық

ұдайы өндірістің барлық сатыларында өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу- сату арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық- экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Slide 3

Нарықтың субъектілері- үй шаруашылығы, фирма, бизнес, ұйымдар, үкімет.

Slide 4

Нарық объектілері- тауар және ақша.

ч

Slide 5

Нарықтың қызметтері

Slide 6

Нарық экономикасы тәжірибиеде өзінің жоғары тиімділігін дәлелдейді. Оның негізгі тиімді жақтары:

экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделгіштігі мен икемдігі;

өндіріс шығындарын азайту мен пайданы көбейту үшін жаңа технологияны жылдам пайдалануы;

өндірісшілер мен тұтынушылардың шешімдер қабылдау, мәмілелер жасау кезіндегі тәуелсіз еркін болуы;

әртүрлі қажеттіктерді қажетті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.

бағаның еркін қозғалысы. Нарық бағаның мөлшері мен динамикасы, сұраныс пен керексінудің еркін өзара қатынасы процесінде қалыптасады. Бағаның еркін қозғалысын нарық қана қамтамасыз етеді;

экономиканы «сауықтыру» өз алдына шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижиесін қоғамдық бағалау бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден аяусыз алшақтатады;

бәсекенің жалпыға ортақ бірдейлілігі.

Slide 7

Hарықтың әлсіздігі

Еңбек пен табысқа кепілдік бермейді нарық жүйесі теңсіздікті одан әрі күшейте түседі;

Әлеуметтік қажеттілікті қорғау үшін пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді ынталандырмайды;

Нарық экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым- қатынастарды, макроэкономикалық пропорцияларды реттей алмайды, керісінше диспропорциялар тудырады.

Нарық экономикасы ғылыми- техникалық жаңалықтарды қолдануға ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануда сараңдық жасайды.

Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін нарық экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылатындықтан, бұл қызметті қоғам атқаруы керек.

Нарық экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Нарықтың механизм

Slide 11

Бәсеке

- өнім өндіру мен

өткізудің экономикалық жағынын негұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Slide 12

Бәсекенің түрлері

Жүргізу әдісіне қарай

Ниет тәсілдері бойынша

Бағалық (бағаны төмендету арқылы)

Бағасыз (сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы)

Адал бәсеке

Ниетсіз бәсеке

Slide 13

Бәсекенің формалары

Жетілген бәсеке

(Нарықтық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың сатылатын өнімдердің беріктілігі, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде сатушылар мен сатып алушылардың ешқайсысы да нарықтық бағаға әсер ете алмайды)

Жетілмеген бәсеке

(Еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарығы болып табылады)

Оның түрлері:

Монополия

Монопсония

Олигополия

Олигопсония

Дуополия

Монополистік бәсеке

Slide 14 Slide 15

Жарнама деп сұраныс ұлғайту мақсатымен тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпаратты таратуды айтады. Ол тауар өндірісінің пайда болуының бастапқы кезеңінде қалыптасты.

Ақпарат деп нарықтың жағдайын талдап және бағдарлау үшін пайдалынатын мәліметтерді айтады. Кез- келген фирма сұраныс пен ұсыныс туралы, пайда нормасы жөнінде, қай жерде арзан сатып алуға және қандай жерде қымбат сатуға болатыны туралы мәліметтерді қажет етеді. Қолдағы мәліметтер негізінде фирма өз іс-әрекетінің стратегиясын жасайды.

Консалтинг деп ақылы жағдайда мамандандырылған фирмалардың басқаруды жүзеге асыруға байланысты кеңестер беруін айтады. Қызметтер- тауарлар, қызмет көрсетулер, ноу- хау және т. б. нарықтарын зерттеу мен бағдарлау жөнінде көрсетіледі. Сондай-ақ құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Фирмалар консалтингті кеңінен пайдаланылады, себебі мұндай кеңестер алу өздеріне арнайы мамандарды қызметке қабылданғаннан анағұрлым арзанға түседі.

Аудиторлық компаниялар деп бизнес сферасындағы мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында фирманың қаржы-шаруашылық қызметін кешенді тексеруді жүзеге асыратын ұйымдарды айтады.

Slide 16

Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменгі көрсеткіштер мәлімдейді:

өндіріс пен құрылыс динамикасы;

тауар запастарының мөлшері;

баға, пайыз, бағалы, қағаздар курсының қозғалысы;

пайда, еңбекақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;

еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.

Slide 17

Биржа нақты ұйымдастыру, бақылау мен реттеу түрі ретінде XVI ғасырдан баршаға мәлім.

Биржа деп стандартталған тауарлардың көтерме сауда нарығын немесе валюталарды, бағалы қағаздарды және жұмыс күшін сатып алу-сату жөніндегі операциялар нарығын айтады.

Сатылған заттарға байланысты биржалар- тауар, қор, еңбек биржаларына бөлінеді.

Тауар биржасы- бұл материалдар мен заттай объектілердің, яғни шикізаттар, құралдар, астық, металл және т. б. ұйымдасқан нарығы. Мұндай биржалар мамандандырылған биржалар деп аталады. Әртүрлі тауарлар түсетін биржалар әмбебап биржалар деп аталады.

Slide 18

Биржа практикасында бірнеше мәмілелердің типтері жасалады.

Форвардтық мәміле деп келісімге сай сатушының қолындағы тауарлар мен оларды жөнелту мерзімі көрсетілген, нақты тауарларға жасалған мәмілені айтады.

Фьючерстік мәміле деп келісім жасалған кезде қолда жоқ, болашақтағы тауарларға жасалған мәмілені айтады. Шын мәнінде болашақтағы тауар емес, тауарға деген құқық сатылады.


Ұқсас жұмыстар
Нарық механизмі
Кәсіпорын экономикасына қатысты класстар және анықтамалар
Бәсеке
Нарықтық құрылымның жіктелуі
Бәсекелестік құқықтың негіздері
Әлемдік нарық
Бәсеке туралы түсінік, оның түрлері
Сұраныстың қисығы
Бәсеке ережелері
Бәсеке нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz