ЛОКАЛЬДІ ЖӘНЕ ГЛОБАЛЬДІ ЖЕЛІЛЕР



ТАҚЫРЫБЫ: Бұқаралық оқу құралдарын
оқу процесінде қолдану.

ЛОКАЛЬДІ ЖӘНЕ ГЛОБАЛЬДІ ЖЕЛІЛЕР. INTERNET ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА.
Екі немесе одан да көп компьютерлер физикалық біріктірілгенде компьютерлік желі пайда болады. Жалпы жағдайда компьютерлік желілер құру үшін арнайы (желілік) аппараттық жабдықтар және арнайы (желілік) программалық жабдықтар қажет.
Компьютерлік желілер құрғанда шешілетін негізгі мәселе - аппараттық жабдықтардың электрлік және механикалық көрсеткіштер бойынша және және ақпараттық жабдықтардың программалар мен деректердің кодтау жүйесі мен деректер пішімі бойынша үйлесуін қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу стандарттау саласына жатады және OSI (Model of Open System Interconnections - ашық жүйелердің өзара байланыс жүйесі моделі) деп аталатын моделге негізделген.
OSI моделіне сәйкес компьютерлік желі құрылымын (архитектурасын) әртүрлі деңгейде (деңгейлердің жалпы саны - жетіге дейін) қарастыруымыз керек. Ең жоғарғы деңгей - қолданбалы, ең төменгі деңгей - физикалық.

Егер желіде барлық қатысушыларға ортақ пайдалану үшін бөлінген арнайы компьютер болса, ол фаилдық сервер деп аталады. Бөлінген сервері жоқ, ол барлық локалдық компьютерлерді бөліктерімен “тең құқықты” қатынаса алса (әдетте бұл кішігірім желілер), ондай желілер бір рангілі компьютерлік желілер деп аталады.
Сөзбе сөз аударсақ интернет - бұл желі арасы, яғни кіші мағынада интернет - желілердің біріктірілуі. Физикалық мағынада Интернетті бір-бірімен барлық мүмкін байланыс жолдарымен қосылған миллиондаған компьютерлер деп те қарастыруға болады, бірақ Интернетке деген мұндай “физикалық” көзқарас бір жақты.
Интернет - ішінде үздіксіз деректер алмасып жатқан ақпараттық шексіз кеңістік. Ақпарат желі тораптарын сұрайтын компьютерлер арасында алмасады.

ИНТЕРНЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
Интернеттегі жұмыс туралы немесе интернетті қолдану туралы сөз болғанда шындығында әңгіме жалпы интернет жайлы емес, тек оның көптеген қызметтерінің біреу немесе бірнешеуі жайлы айтылады.
Желі клиенттері нақты мақсаттары мен мүдделеріне байланысты өздеріне қажетті қызметтерді ғана пайдаланады.
Әр түрлі қызметтерге әр түрлі хаттамалар тән. Оларды қолданбалы хаттамалар деп атайды. Олардың ережеге сай орындалуын арнайы программалар қадағалап, қамтамасыз етіп отырады. Интернеттің қайсыбір қызметті пайдалану үшін компьютерге осы қызмет хаттамасы бойынша жұмыс істей алатын программаны орнату керек. Олар клиенттік программалар немесе жай клиенттер деп аталады.
Мысалы, Интернетте файл тасымалдау үшін арнайы қолданбалы хаттама FTP (File Transfer Protocol) қолданылады. Осыған сәйкес, интернеттен файл алу үшін:
Компьютерде FTP клиенті болып табылатын (FTP- клиент) программа болуы;
FTP қызметін көрсететін сервермен (FTP - сервер) байланыс орнатылуы
керек.


Электронды оқулықтар оқушыларға ауыр сөмке асынып жүруден құтылуға жол ашады. Алайда, бұл - басты басымдық емес. Олар барынша көп білім алып, материалдарды бірнеше рет қайталап тыңдауға, сондай-ақ тапсырмалардың дұрыс жауаптарын бірден білуге мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтар дегеніміз не және оларды Қазақстанда қандай баспа үйлері дайындап жатқанын талдап көреміз.

Электронды оқулық дегеніміз не?
Сабақ бойынша ақпараттардың бәрі мәтін, суреттер, бейне, аудиожазба, анимациялар және басқа да графикалық құралдар түрінде берілетін оқу курсы.
Дамыған байланыс пен іздеу жүйесі оқулықтың бір бөлімінен екіншісіне немесе фрагментінен басқасына бір демде ауысуға мүмкіндік береді. Материалдарды меңгеру дәрежесін интерактивті тапсырмаларды орындап болған соң бірден білуге болады. Электронды оқулықтың online және offline нұсқалары болуы мүмкін. CD-дискке немесе басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдарға, болмаса интернетке сайтқа орналастырылуы мүмкін.

Қазақстанда электронды оқулықты шығарумен кімдер айналысады?
"Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директорының орынбасары Саят Омаровтың айтуынша, соңғы екі жылда төмендегі баспалар сараптама үшін өздерінің электронды оқулықтарын жолдаған:
"Келешек-2030";
"Алматыкiтап баспасы";
Bilim Media Group білім беру порталы;
"Бөбек" Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру орталығы;
"Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы";
"Ұлттық ақпараттандыру орталығы" АҚ;
"Жаңа білім беру технологиялары" ЖШС.
Өнімдері әзірге ресми түрде сараптамадан өтпеген бұлардан басқа да әзірлеушілер бар.

Қазақстанда қай мектептерде электронды оқулықтарды қолданып жатыр?
2018-2019 оқу жылында Қазақстанда "Алматыкiтап баспасы"-ның электронды оқулықтары пилоттық жобамен қолданылды. Компанияның баспа ісі жөніндегі вице-президенті Рано Әнуардың айтуынша, жобаға 350 педагог пен 3, 6 және 8 сыныптардың мыңдаған оқушылары қатысқан.
"Келешек-2030" баспасының электронды оқулықтары да жалпы білім беру мектептеріне қолжетімді дейді", - Ольга Лосенко.
- Оқулықтарға бірінші іштей сараптама және сынамадан өткізу жұмыстары баспаны әзірлеу кезеңінде педагогтарды, шығармашылық топ - пән мамандарын, қалалық әдімтемелік бірлестіктер мұғалімдерін тартумен жүргізіледі. Осылай оқулықтың типтік оқу бағдарламаларына, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық, эстетикалық, гигиеналық талаптарға сәйкестігі тексеріледі - деп түсіндірді Ольга Лосенко

Электронды оқулықтарды алу үшін қандай қосымшаны жүктеу қажет?
"Bilim Media Group" ЖШС электронды оқулықтарын пайдалану үшін bilimland. kz, itest. kz, twig-bilim. kz и imektep. kz сайттарына тіркелу жеткілікті.
"Келешек-2030" баспасы 7-11 сыныптарға арналған электронды оқулықтарын БҒМ бекітілген тізіміне сәйкес диск түрінде жеткізіп береді.
"Алматыкiтап баспасы" электронды оқулықтарының кітапханасы opiq. kz платформасында қолжетімді. Оған кез келген құрылғыдан: ноутбук, планшет, смартфоннан кіруге болады. Сайт автоматты түрде сол форматта жұмыс істей бастайды.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Қазіргі Интернеттің ең көп тараған қызметі - World Wide Web (WWW) қызметі.
World Wide Web - Web-серверлерде сақталған, өзара байланысқан миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттарды Web-беттер деп атайды. Тақырыптың біріктірілген Web-беттер топтарын Web-тараптар (Web-сайт) деп атайды.
Web-беттердің қарапайым мәтіндік құжаттардан айырмашылығы, олар нақты тасығышқа байланбай өрнектелген. Бейнелеу олардың клиенттің компьютерінде шақырғанда, шолушы программаның баптауларына сәйкес орындалады .
Web- беттерді қарауға арналған программаларды броузерлер (толушылар ) деп атайды . Броузер құжатты экранға құжаттың авторы оның мәтініне енгізген бұйрықтарды басшылыққа алып шығарады . Ол бұйрықтар тегтер деп аттайды. Тегтерді жазу ережелері гипермәтіндерді теру тілі - HTML (Hyper Text Markup Language) -нұсқауларында қарастырылған .


HTML тегтері көмегімен жүзеге асырылатын Web-беттердің ең маңызды бөлігі - гипермәтіндік сілтемелер . Мәтіннің кез-келген фрагментімен немесе, мысалы, суретпен, тегтер көмегімен басқа Web-құжатты байланыстыруға, яғни гиперсілтеме орнатуға болады. Жүз миллиондаған құжаттар арасындағы гипермәтіндік байланыс әрбір құжаттың өз жеке-дара адресі болуына негізделген . Кезкелген файлдың адресі дүниежүзілік маштабта ресуртардың біріңғайланған адресі -URL-арқылы анықталады.
URL- адресі үш бөліктен тұрады:
1. Аталған ресурсқа қол жеткізетін қызметті көрсету (әдетте осы қызметке сәйкес қолданбалы хаттаманың атымен белгілемелері. Мысалы www қызметі ұйым жасалған қолданбалы хаттама HTTP (Hyper Text Transter Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) . Хаттаманың атынан кейін қоснүкте (:) мен екі «/» (қисық сызық) белгісі қойылады:
http:// . . .
2. Аталған ресурс сақталған компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету:
http://www. abcde. com…
3. Сол компьютердегі файлға қол жеткізетін толық жолды көрсету. Ажыратқыш ретінде «/» (қисық сызық) символы қолданылады:
http://www. abcde. com/Files/New/abcdefg. zip


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА (E-MAIL) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz