Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
Презентация қосу
Қазақ тіл білімінде
когнитивті
лингвистиканың зеріттелуі
Орындаған: Арнауытова Н
Жоспары:
• Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл
біліміндегі орны.
• Зеріттеулер
• Соңғы зеріттеулер
• Қорытынды
• Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде когнитивтік
лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу
нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е.
Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж.
Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б.
Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г.
Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А.
Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені
лексикология, этнолингвистика, когнитология,
лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан
қарастырып зерттеу үстінде.
• Зеріттеушілердің пікірі бойынша, тіл мен
таным қоршаған ортаны қабылдау және
сұрыптау ұстанымдары, ең алдымен тілдің
ерекше әмбебап табиғатынан , жалпы
адамзат өмірінде атқарар қызыметінен
туындайды – дейді ғалымдар.
С.Аманжолов тіл мен танымның
арақатынасына мынандай сипаттама
береді “ Тіл- амал, құрал, оның
арқасында адам бірімен- бірі қарым-
қатынасқа енеді,пікір алысады , және
бір-бірін түсінеді. Демек адамның
дүние тануға деген жетістіктері сөзде,
сөйлем құрылысында тіркеледі ,
сүйтіп адам қоғамында пікір алысуға
мүмкіндік жасайды”
1936 жыл Қ.Жұбановтың аса мол
жемісті жылдарының бірі болды. Бұл
жылы оның «Қазақ тілінің грамматикасы
І бөлім. Жалпы морфология» деп
аталатын кітабы жарыққа шықты. Осы
еңбегінде ғалым: «Адам баласының
табиғатында әуелі басқаны біліп алып,
өзін кейіннен білу қасиеті бар .... Ежелгі
дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа
заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға
ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние
деп біліп, оны ана үлкен дүниеге
ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де
әсер еткен...,- деп тұжырымдайды.
А.Байтұрсынұлы сөзді қолданудағы
тұлғаның танымында болатын обьективті
үдеріс өзектендіруді анық байқаған: Сөздің
дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде
талғау сөздің көрнекті болуын да керек
қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі
зат түсініктірек , жансыз заттың күйінен
жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан
адам сөйлегенде, сөзі толық түсінікті болуы
үшін, дерексіз заттарды деректі затша,
пернесіз заттарды пернелі затша
қалыптайды.
1914 ж. шыққан «Тіл құрал» атты еңбегінде
«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,
жұмсайтын қаруының бірі...» дей келе, «Тіл –
құрал» деген қандай жат көрінсе, ішкі
мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер,
өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа
зат деген автордың пікірін тіл – ойлау –
таным – мәдениет арасындағы байланыс
мәселесіне қатысты ой-тұжырымдарының
бастамасы деуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Ғалым «суреттеулерді жоғалтпай
сақтай білуі ес деп аталады». Осылай
деп есті төмендегі түрлерге бөледі:
1) көру есі, 2) есту есі; 3) қозғалту
есі яки мотор есі. Осы естің түрлері
сөйлеу әрекетінің механизмдерінің
бірлігі: қысқа мерзімдік
(оперативтік) және ұзақ мерзімдік
есте сақтау қабілеті, ықтималдылық,
болжау, ұғыну, ойлау тұрғысынан
түсіндіріледі.
Профессор Ж.Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің
когнитивтік негіздері" атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский,
Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев,
Б.Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты
когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына
қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай
деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше
қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым
саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми
парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен
тұтасуы"
Когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде
ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға
болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі
когитивтік модельдер: типологиясы мен
динамикасы» атты докторлық
диссертациясы осы бағыттағы қазақ
тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады.
Докторлық диссертацияда адам санасындағы
білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері,
құрылымы мен динамикасы қарастырылған.
• Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы
жұмыстардың бірі ретінде К.Ә. Жаманбаеваның "Тіл
қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік
сана" монографиясын атауға болады. Монография авторы
алғы сөзде былай деп көрсетеді: "Зерттеу проблемаларын
тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені
психологиялык, философиялық, тілдік әдебиеттану
тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру
арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз. Бұл
жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік
сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң
концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарастырылған.
Қорытынды
• Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен
туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу
нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл
білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам
арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика
(индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау,
оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы),
лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы
негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс
табуы, тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу
ерекшеліктері), салалары тілді антропологиялық бағытта
қарастыруда.
Пайдаланған әдебиет
• http://nblib.library.kz/elib/library.kz/jurnal/
f_2007_3/Beisenbayev.0703.pdf
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz