Қазақстандағы жалбыз, жуа және жусан түрлерінің сипаттамасы, таралуы және қолданылуы


Slide 1

Дәрілік өсімдіктер

Slide 2

Жалбыз (Mentha) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) түрлері қолдан өсіріледі. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs) . Оның биікт. 15 - 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым - тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы - көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.

Slide 3

Жуа(Allіum) - көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі - үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т. б. ) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездес

Slide 4

Жусан (Artemіsіa) -күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде - шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 - 60 см, кейде 1, 5 - 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі - тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі - дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады.


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік кесте жусан (Pyrethrum coccineum): ботаникалық сипаттама, таралуы, химиялық құрамы және медицинада қолданылуы
Жалбыз (Mentha): түрлері, биологиялық сипаттамасы және пайдалы қасиеттері
Раушангүлділер тұқымдасы (Rosaceae): негізгі туыстар мен Қазақстандағы түрлерінің сипаттамасы
Сәлбен (Salvia) және жалбыз (Mentha): морфологиясы, өсіру технологиясы және дәрілік қолданылуы
Қашқаргүл тәрізділер (Asteraceae): морфологиясы, таралуы және шаруашылық-дәрілік маңызы; итошағанның сипаттамасы мен қолданылуы
Жеңіл атлетика түрлерінің жіктелуі және сипаттамасы
Лалагүлдер (Liliaceae) тұқымдасының сипаттамасы, таралуы, көбеюі және қолданылуы
Шегіршіндер тұқымдасы (Ulmaceae): Қазақстандағы Ulmus (қарағаш) және Celtis (таудаған) түрлерінің морфологиясы мен таралуы
Қашқаргүлдің биологиялық сипаттамасы, сұрыптары, гүлдеу мерзімі, қолданылуы және Қазақстандағы күтімі
Қалампырлар тұқымдасы мен Жарықдәрі (Herniaria) туысының ботаникалық сипаттамасы, таралуы және дәрілік қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz