Білім берудегі метапәндік тәсілдеменің теориясы, әдістемесі және практикасындағы қолданылуы


Slide 1

Тақырыбы: Бастауыш білім беру пәндерін

метапәндік тұрғыда оқыту

мәселесінің зерттелу жайы

Тексерген: Амирова А. С.

Орындаған: Нұрлан А. Н.

1 Курс 3 жылдық қазақ тобы

Slide 2

Жоспары:

Мета, метапән ұғымдарының зерттелу жайы

2. Метапәндік тұрғыда оқыту мәселесін зерттеген шетел, қазақстандық ғалымдар

Slide 3

Метапәндік тәсілдеме идеясының ауқымды қолданылуын сонымен қатар ҚР білім беру жүйесінде табылған, мұнда метапәндік тәсілдеме бастауыш, негізгі және орта (толық) жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жатыр. Метапәндік тәсілдеменің тиімділігі эксперименттік тұрғыдан дәлелденген және А. Г. Асмолов, Ю. В. Громыко, Н. В. Громыко, А. В. Хуторский, Е. Я. Аршанский, О. В. Петунин, В. Р. Имакаева, Л. В. Квитова, К. Ю. Колесина, М. Р. Леонтева және т. б. ресей ғалымдарының көптеген жарияланымдарымен расталған.

Ғалымдар өз еңбектерінде метапәндік оқытудың негізгі ұғымдарына анықтама беріп қана қоймай, сонымен бірге білім беру тәжірибесіндегі метапән тәсілін іске асырудың негізгі технологияларын, әдістері мен тәсілдерін сипаттайды. Сонымен қатар білім берудегі метапәндік тәсілдеме түрлі ғылыми пәндердің бытыраңқылығы, бөлшектенуі, байланыссыздығы мәселесін шешу үшін дайындалды деген қорытындыға келеді.

Slide 4

Бүгінгі таңда қатардағы мұғалім «метапән» ұғымын түсіне қоймайды, «метапәндік тәсілдемені» сабақта қалай қолдануға болатынын түсінбейді. Көбісі жобалық әрекет дегенді түсініп үлгерген жоқ, енді метажобамен оқыту пайда болды. Сол себепті осы ұғымға қатысты, сонымен қатар метапіндік және пәнаралық байланыстар туралы сұрақтар әлі де көп туындауда. Сондықтан, ең алдымен, «метапәндік» ұғымын теориялық тұрғыда және оны сабақта қолдану практикасы тұрғысынан түсініп алу керек.

Метапәндік тәсілдеме өзектілігі білім беру тәжірибесінің жаңа үрдісі ретінде синтездің жаңа бір өзіндік желісі ретінде қарастырылады, сол арқылы ол қосалқы сала технологияларының пайда болуына ықпал етеді. Метапәндік тәсілдемені бірқатар түйінді түсініктерінің мағынасына жатқызамыз.

Slide 5

Мета - «үсті», «жалпыланған», «интеграцияланатын».

Аралық - «мынаған да, басқасына да жақын»,

«бірдеңемен аралас».

Метапәндік - білім беру мазмұнына жалпы дүние тану

(пән үстілік) интерпретацияға оқытудың бағыттылығы.

Пәнаралық - жалпыланған білімді немесе анықталған

құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында бірнеше

пәндерден немесе оқу пәндерінен білімдердің интеграциясына

оқытудың бағыттылығы. Пәнаралық әртүрлі пәндік аумақтардан

қандай да бір құбылыстардың араласуымен негізделген,

ал метапәндік пән негіздеріне жүгінулікті білдіреді.

Slide 6

Пәнаралық сабақтасудың нәтижесі пән болып табылады, ал метапәндік тәсілдің нәтижесі үрдіс, желі, аяқталмаушылық болып табылады. Бір сабақ ешқандай жағдайда желі бола алмайды. Сондықтан «метапәндік сабақ» туралы айтудың қажеті жоқ, дұрысы сабақтағы «метапәндік тәсіл» туралы айту керек.

Сабақтағы метапәндік тәсіл сабақтастықты мазмұн деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік жолмен білімді алуға бағытталған қызметтің белгілі бір типтеріне қабілеттерді ұйымдастыру деңгейінде сабақтастықты болжайды. Мұндай үрдістің нәтижесі білімдер мен өмірлік қарекеттің әртүрлі аумақтарында қолданылатын, белгілі бір қабілетті игеру болып табылады.

Slide 7

Метапәндер - бұл жаңа білім беру нысаны, ол әдеттегі оқу пәндерінің үстінен қалыптасады.

Метапәндік тәсілдеме баланың білімдер жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен бірге әрекеттердің әмбебап тәсілдерін игеріп және олардың көмегімен әлем туралы ақпаратты өздігімен алатындығын болжайды.

Метапәндер - бұл дәстүрлі оқу пәндерінің үстінен құрылатын білім беру нысаны. Балалар мен жастардың қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру үрдісі дәстүрлі пәндік қатынас саласында емес, пәндік және метапәндік құрамдауыштардың үйлесімділігінде құрылады.

Пәнүстілік бағдарламалар - бұл жағдаяттық тапсырмаларды шешу үрдісінде іске асырылатын және оқушылардың өзекті әлеуметтік-мәдени және тұлғалық маңызды мәселелерін шешуге бағытталған, педагог пен оқушылардың біріккен қызметінің бағдарламасы.

Метапәндік тақырыптар - қосымша білім беру бағдарламаларының аясында әлем туралы онтологиялық ұғымдарды қолданады.

Метапәндік қызмет - зерттеу, жобалау, коммуникациялық, ойын қызметі және сәтті әлеуметтену, жеке және кәсіби өзіндік анықтау үшін қажетті оқушылардың маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Slide 8

Бұл - жаңа үлгідегі оқу пәні, оның негізінде оқу материалын интеграциялаудың ойлау қызметінің түрі және ойлаудың негізгі қабілеттеріне - «білім», «белгі», «проблема», «міндет», рефлекстік қатынас принципі жатыр.

Slide 9

«Белгі» метапәні аясында оқушыда «сызбалау» қабілеті қалыптасады. Олар сызбалар арқылы өз ойларын, түсініктерін, не ойлауға ниеттенгендерін, не істегілері келетіндіктерін көрсетіп үйренеді. .

«Білім» аясында - өзіндік қабілеттер блогы қалыптасады. Олардың қатарына, мысалы, қабілеттерді жүйелейтін түсініктермен жұмыс істеу қабілетін (яғни білім жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін) жатқызуға болады.

«Міндет» метапәнінде білім алушылар міндеттердің әртүрлі түрлері және оларды шешу тәсілдері туралы білім алады.

«Мәселе» метапәнін зерделей отырып, оқушылар осы күнге дейін шешімін таппаған айқын проблемаларды талқылап үйренеді. «Мәселе» метапәнінде білім алушылар проблемалармен жұмыс істеу үшін тиісті деңгейде жабдықталады.

Slide 10

Метапәндік тәсіл ерекшеліктері:

Оқушылардың іс-әрекетімен міндетті түрде жұмыс жасау.

2. Мектеп оқушыларының бойында

базалық қабілеттерді дамыту (ойлау, қиялдау,

айырмашылықты білдіретін тәсілдер, мақсат қоюға немесе

өзін-өзі анықтау қабілеттілігі және т. с. с) .

3. Метапәндік тәсілдердің әр түрлі типтерін пайдаланудағы жаңашылдық.

С. В. Галянның пікірінше, метапәндік сабақтың негізгі

әдістемелік ұстанымдары:

субъектілеу (білім беру процесінің барлық қатысушыларының

тең құқылығы) ;

• метапәнділік (нәтижеге жетудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру) ;

• іс-әрекеттік тәсіл (іздеушілік және зерттеушілік іс-әрекеті

барысындағы білім алушылардың дербестілігі) ;

• рефлексиялылық (өзінің іс-әрекетін білімге қатысты

қайта талдау қажет болатын жағдай) ;

• импровизациялылық (педагогтың сабақты өткізу

кезінде оның барысын өзгерту мен

түзетуге дайындығы) .

Slide 11

Білім беру тәжірибесі неліктен метапәндік тәсілдемені іске асыруды қажет етеді?

Slide 12

Біріншіден

Екіншіден

Үшіншіден

Төртіншіден

ғылыми білімнің қызу дамуы басталды, бұрын білім беру нақты білім беру аумақтарының мамандарын даярлауға бағдарланды. Бұл оқу пәндрінің бөлшектенуіне алып келді. Әлдебір әмбебаптық, әлемді қабылдаудың тұтастығы жоғалып кетті. Бірақ технологиялық процесс ашықтықты, ақпараттанушылықты, бір мезетте

білім игеру мүмкіндігін берді.

метапәндік тәсілдеме оқушының, студенттің даму тұтастығын ғана емес, білім беру процесінің барлық сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етеді.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту: теориясы мен әдістемесі
Білім берудегі инновациялардың теориясы мен педагогикалық технологиялары
Бастауыш білім беруде метапәндік оқыту әдістемесі: әмбебап оқу әрекеттері мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту: теориялық негіздері мен ұйымдастыруы
Мультимедиалық технологиялар: түсінігі, құрылымы және білім берудегі қолданылуы
ACTIV интерактивті жүйесінің құрылғылары, бағдарламасы және білім беру практикасындағы қолданылуы
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелері: білім, білік, дағды
Арнайы білім берудегі оқыту әдістерінің жіктелуі және терапиялық әдістердің қолданылуы
Бастауыш мектепте метапәндік оқыту: теория, тәжірибе, әдістеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz