ЖҰӨ дефляторы номинальды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ


Slide 1

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: МАЗМҰНЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІН ӨЛШЕУ.

Slide 2

Жоспар:

1. . Ұлттық экономиканың құрылымы

2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы мінездемесі.

3. Ұлттық есеп жүйесі

Slide 3

1. Ұлттық экономиканың құрылымы

Ұлттық экономиканың көптеген анықтамалары бар. Мы­салы, В. Леонтьев: «ұлттық экономика - бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әртүрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе» - деп санайды. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың кең тараған анықтамасы келесі тұжырымдалады: ұлттық экономика - өзара байланысқан салалар, өндіріс түрлері және территориялық кешендер жүйесі.

Ұлттық экономиканың мақсаттары берілген экономиканың даму ерекшелігі мен экономикалық жүйесінің түріне байланысты болады. Дегенмен, барлық ұлттық экономикаларға төмендегідей негізгі мақсаттар тән болады:

Slide 4

экономикалық өсу

жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейін ұстап тұру

бағаның баяу өсуін қамтамасыз ететін баға деңгейін тұрақтандыру

төлем балансын ұстап тұру

қоғамда әлеуметтік әділеттікке жету.

Ұлттық экономиканың құрылымы-бұл оның құрамдас бөліктерінің арасындағы тұрақты сандық қатынастар.

Классификациялау критерийіне байланысты келесідей кұрылымдарды бөліп көрсетеді:

Slide 5

-ұдайы өндіріс құрылымы - ұлттық экономиканы біртектес экономикалық субьектілер топтарына бөлу (фирмалар, үй шаруашылықтары, мемлекет) ;

-әлеуметтік құрылым - бұл кұрылымның негізінде меншік қатынастары, еңбек түрлері және тағы басқалары жатады;

-салалық құрылым - ұқсас әлеуметтік-экономикалық қызметтер орындайтын біртектес шаруашылық бірліктерінің жиынтығымен сипатталады;

-территориялық құрылым - ұлттық экономиканы эко­номикалық аймақтарға бөлу;

-сыртқы сауда құрылымы - экспорт пен импорттағы тауарлар топтарының ара қатынасымен анықталады;

-инфрақұрылым - өндіріске қызметтер көрсететін салалар.

Slide 6

Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі оның орындайтын қызметтерімен анықталады. Мемлекеттің не­гізгі қызметтеріне келесілер жатады:

шаруашылық субъектілерінің арасындағы өте маңыз­ды қатынастарды реттеуші құқықтық;

өндірістік процестердің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін ұдайы өндірістік-технологиялық;

монополияға қарсы іс-әрекет пен бәсекені қолдауға бағытталған бәсекені қорғау қызметі;

тұрақтандыру қызметі - үкіметтің ұлттық экономи­каның негізгі мақсаттарына жетуге бағытталған іс- әрекеттері;

болжамдық - экономиканың дамуын болжамдау негізінде дамудың приоритеттік бағыттарын анықтау;

реттеуші- нарықтық экономика қызметтерінің жағымсыз салдарын мейлінше азайту.

Slide 7

2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы мінездемесі.

Ұлттық экономика жұмысының нәтижелерін қорытындылаушы ретінде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) кепілдемесі бойынша агре­гаттар қолданылады. 1991 ж. бастап Халықаралық есеп жүргізушілік жүйесіне Қазақстанда да көшті.

Негізгі және қорытындылаушы болып ұлттық байлық есептеледі.

Ұлттық байлық - қоғамның бүкіл тарихы ішіндегі жинақталған тұтыну құндарының жиынтығы.

Алғашқы рет ұлттық байлықты 1664 ж. Англияда У. Петти есептеген. Бұны 100 жылдан соң А. Смит қайталаған.

Францияда ұлттық байлықты алғашқы бағалау 1789 жылы, АҚШ-та 1805 жылы, Ресейде 1864 жылы болды.

Slide 8

Ұлттық байлық мынаны қамтиды: мүлік (негізгі және айналым қорлары, үй мүлігі), табиғи байлық (жер, минерал және орман қорлары), заттай емес байлық (ұлт денсаулығы потенциалы, оның рухани байлығы, білім және ғылым потенциалы, интеллектуалдық меншік құраушылар) .

Бір жылғы шаруашылық іс-қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші болып қоғамдық өнім есептеледі. Оны бірнеше анықтамалар арқылы көрсетуге болады: Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) .

Жалпы ұлттық өнім Ж. Ұ. Ө. - белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады.

Slide 9

Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж. Ұ. Ө. - бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны.

Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж. Ұ. Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж. Ұ. Ө. -ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ

баға индексі

Slide 10

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы =номинальды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар: «шығындар бойынша», «табыс бойынша».

Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

Slide 11

кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

Slide 12

таза экспорт - шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

мұндағы, С - жеке тұтыну шығындары; G - мемлекеттің сатып алуы; І - жалпы инвестициялар, Х - таза экспорт.

Slide 13

Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

мұнда, W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R - ренталық төлемдер; I - жинақ капиталының пайызы (%) ; P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі - қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

Slide 14

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Slide 15

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:

ТҰӨ = ЖҰӨ - А,

мұнда, А - амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бір компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж. с.

мұнда, ж. с. - жанама салықтар.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономиканың құрылымы
Ағымдық тұтыну шығындары
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Макроэкономика пәні
Қор инвестициясы
Ұлттық Экономикалық
Ұдайы өндіріс теориясы. Ұлттық есептеу жүйе
Ақша агрегаттары
Қазақстан Республикасындағы экономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz