Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы


Slide 1

Орындаған: ТПП-33 топ студенті Құтжан Т. Қ.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Тақырыбы: ҚР тамақ өнеркәсібінің негізгі даму бағыттары және қауіпсіздігі

5В072700- «Азық - түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған «Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы» пәнінен

Презентация

Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

Slide 2

Тамақ өнеркәсібі - халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Тамақ өнеркәсібінің өскелең дамуы кез-келген елдің азық-түлік қауіпсіздігінің бірден-бір кепілі және әлеуметтік ахуалдың негізі болып табылады. Ауыл шаруашылық шикізаты өңделіп, азық-түлік саласын құрайды. Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы қуаты жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

Slide 3

Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторларына байланысты

Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар (қант, спирт, май шайқау, сүт, консерві, крахмал, сірне т. б. ) ;

1

Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

2

3

Тұтынушыға жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер өнімдері т. б. ) ;

Шикізат көзіне де тұтынушыға да жақын орналасқан салалар (ет, ұн тарту, шарап жасау, темекі өңдеу т. б. ) .

Slide 4

Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің жақсы дамыған салалары:

Ет

Ұн тарту

Жарма

Қант өнімдері

Балық

Кондитер

Шарап жасау

Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

Сүт

Slide 5

Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді:

өсімдік шаруашылығының шикізаттары

мал шаруашылығының шикізаттары

өндіріс шикізаттары (тұз өндіру, минералды сулар, балық аулау, теңіз өнімдері) .

Ет өнеркәсібі - тамақ өнеркәсібінің ірі саласы, ол тамақ өнімдерінің 14-ін құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары сапалы нәруыз бен басқа да құрауыштардың болуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі - халықтың тұрмыстық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. 2002 жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 45 кг-ды көрсетті. Қазіргі таңда ет өнімдері жоғары техникамен жабдықталған ет комбинаттарында дайындалады.

Slide 6

Ұн тарту - жарма өнеркәсібі - тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Оған: ұннан жасалатын нан және макарон өнімдері, ұн, жарма жатадыБидайды тасымалдау ұнды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан ұн тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырылады.

Ұн тарту еліміздің астықты және индустриялы экономикалық аудандарында, яғни Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жақсы дамыған. Мысалы, қазіргі кезде Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанай ұн тарту комбинаттары елімізде жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуде.

Нан кәсіпорындары еліміздің барлық елді мекендерінде бар. Нан зауыттары жоғары сапалы технологиямен жабдықталған. Қазіргі шағын нан жабу кәсіпорындары ірі елді мекендердің бәрінде ұйымдастырылған. Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларында орналасқан. Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту үшін жетілдірілген технологиялар, шағын зауыттар және басқа құрал-жабдықтар сатып алу жөнінде Қазақстан Республикасы бірқатар мемлекеттермен келісімшарт жасады. Мысалы Ақтөбе макарон фабрикасы Италияның макарон жасайтын технологиясымен жабдықталған.

Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

Slide 7

Қант өнеркәсібі. Қант-маңызды тағам түрлерінің бірі, оны өндіру үлесі 2003 жылғы есеп бойынша 481419 т - ны құраса, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 21, 7кг - ға жетті.

Республикамызда бірнеше қант зауыттары жұмыс істейді. Қант зауыттары қызылша егу шаруашылығымен айналысатын Жамбыл, Алматы облыстарында орналасқан. Боралдай, Тараз, Шу, Мерке, Қарабұлақ қант зауыттары құмшекермен қатар шақпақ қант шығарады. Құмшекер өнеркәсіптері өз елімізде өсірілген қызылшаны өңдеп қана қоймай, сонымен қатар шетелдерден келген қант шикізаттарын да пайдаланып, қант өнімдерін шығаруда. Қазақстанға қант құрағы Бразилия, Аргентина, Ау стралия т. б. елдерден әкелінеді. Өйіткені елімізде өндірілетін қант өнімдері халықты қантпен толық қамтамасыз ете алмайды.

Тағам өндірісінің үрдістері мен аппараттары

Slide 8

Тағам өндірісінің үрдістері мен аппараттары

Сүт өнімдері


Ұқсас жұмыстар
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Тұмшаланған ыдыстағы консервілердегі ақау түлері
Тот баспайтын болат
Күнбағыс майын гидрогенизациялау
Жеуге жарамды балдырлар - адам жеуге жарамды
Дәнді ақтау
Түсті металдар туралы түсінік
Ұнды кондитер өнімдерінің технологиясы
Бөлшектер мен тораптарды құрастыру кезіндегі жалпы мәліметтер. Тамақ өнеркәсібінің жабдықтарын жүйелеу
ҚАСИЕТТЕРІН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ОЛАРДЫҢ ҚОСПАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz