Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар



Презентация
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Орындаған: ТПП-33 топ студенті Құтжан Т. Қ.
«Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібінің дамуына үлес қосқан ғалымдар»

Тамақ өнеркәсібі - халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Тамақ өнеркәсібінің өскелең дамуы кез-келген елдің азық-түлік қауіпсіздігінің бірден-бір кепілі және әлеуметтік ахуалдың негізі болып табылады. Ауыл шаруашылық шикізаты өңделіп, азық-түлік саласын құрайды. Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы қуаты жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.


Т. Ш Шарманов медицина ғылымдарынң докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының және Ресей медицина ғылымдрының академигі, Қазақстан тағамтану академиясының және профилактикалық медицина академиясының президенті. 1973 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Т. Ш Шарманов Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы және президенті.
Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібіне үлес қосқан ғалымдар өте көп. Олардың барлығы өзіндік еңбектерімен ерекшеленеді.
Солардың бірі өз еңбектерін сіңіріп, мараппатталған болса, бірі әлі күнге дейін өз үлестерін қосып келеді.

Қазіргі таңда жұртшылықты тамақ өнімдерімен қамту мәселесі күрделене түсуде. ҚР тамақ өндірісінің кепілі болатын ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімдегі үлесі күрт төмендеп кетті. Ол сайып келгенде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан жуық арадағы жылдарда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тұрғыда жүргізілетін сындарлы саясат және экономикалық қолдау қажет. Ол үшін басты бағыттар болып мыналар табылады: агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы рынокта сатуды ұлғайту, өңдеуші құрылымдардың тиімділігі мен пәрменділігін арттыру.

Елбасы аграрлық өнеркәсіптің дамуы бірден екі стратегиялық мақсатты, экономиканы әртараптандыру және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап көрсетіп, оған бөлінетін қаржылық-материалдық ресурстардың қомақты болатынын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, экспортқа бағдарланған сүт өндіретін фермаларды, құс фабрикаларын, мал бордақылау кешендерін салу, ет және ұн өңдейтін кәсіпорындарды іске қосу көзделуде. Сайып келгенде қойылған мақсаттардың жүзеге асуы жаңа кәсіпорындардың іске қосылуымен және жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың қуаты мен тиімділігінің артуына тығыз байланысты. Тамақ өнеркәсібінің өскелең дамуы кез-келген елдің азық-түлік қауіпсіздігінің бірден-бір кепілі және әлеуметтік ахуалдың негізі болып табылады.

Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді:
өсімдік шаруашылығының шикізаттары
мал шаруашылығының шикізаттары
өндіріс шикізаттары (тұз өндіру, минералды сулар, балық аулау, теңіз өнімдері) .

Тамақ өнеркәсібінің ірі саласы, ол тамақ өнімдерінің 14-ін құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары сапалы нәруыз бен басқа да құрауыштардың болуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі - халықтың тұрмыстық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді.
Тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Оған: ұннан жасалатын нан және макарон өнімдері, ұн, жарма жатадыБидайды тасымалдау ұнды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан ұн тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырылады.
Қант-маңызды тағам түрлерінің бірі, оны өндіру үлесі 2003 жылғы есеп бойынша 481419 т - ны құраса, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 21, 7кг - ға жетті.
Тамақ өнеркәсібі салаларының ішінде үшінші орында, 2002 жылғы статистикалық мәлімет бойынша шаруашылықтың барлық түрінде сүт өндіру 4, 1 млн т - ны құраса, әрбір сиырдан сауылатын сүттің орташа көрсеткіші - 2044 кг - ға жетті
Ет өнеркәсібі
Ұн тарту
Қант өнеркәсібі
Сүт өнімдері өнеркәсібі

Қазіргі таңда кәсіпорындарда өндірістік процестерді ұйымдастыру мен басқару көп жағдайда тәжірибе мен интуицияға негізделіп жүр. Ал ақпарат ағымының ұлғайған жағдайында және бәсекелестіктің өткірленуі кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс жасауы дер кезінде дұрыс басқару шешімдерін қабылдауды, келешектегі процестер мен құбылыстарды нақты болжай білуді, жаңа тәсілдерді игеруді қажет етеді. Кәсіпорындардың, соның ішінде тамақ өндіретін өндіріс орындарының қызметіне қандай факторлардың, қалай және қаншалықты әсер ететінін сипаттайтын, әрі олардың тиімділігін есептейтін нақты экономикалық-математикалық модель құрудың маңызы қай уақытта да жоғары. Аталмыш модельдерді барынша жетілдіру, оларды жаңа құбылыстар мен жағдайға икемдеу біздің ойымызша әрдайым өзекті болып қала бермек. Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Экономикалық жүйелердің (соның ішінде кәсіпорындардың) құрылымын талдау және оның қызметтерін зерттеу әрдайым отандық және шетелдік ғалымдар мен практиктердің назарында болып келді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz