ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ


Slide 1

ХІХ ғасырдағы еуропалық мәдениет

Дайындаған: Ілесбек Ұлдана

Қабылдаған:Саурбаева Райса

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану факультеті

Slide 2

І Кіріспе

ХІХ ғ. ғылым мен техниканың дамуында болған ұлы өзгерістер Европа континентінің барлық елдері мен халықтарының әдебиеті мен өнерінің дамуына көп үлес қосты.

Капитализмнің қалыптасу дәуірі - европалық көркем мәдениеттің дамуындағы жаңа дәуір. Осы дәуірде классицизм, романтизм, сыни реализм, импрессионизм қалыптасты.

Осы маңызды бағыттардың Европа мәдениетінің дамуындағы мәні мен мазмұнын қарастырайық.

Slide 3

Классицизм (лат. classicus - үлгілі деген сөзінен) XVIII ғ. француз мәдениетінде қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық ағартушылықпен байланысты болды және қоғамның буржуазиалық-революциялық құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және өнегелі идеалдарды бейнелеуге, айқын, үйлесімді бейнелерді жасауға тырысты. Сонымен қатар классицизмге утопизм, идеализация, дерексіздік, академизм белгілері тән болды.

Slide 4

Неміс әдебиетінде классицизм өкілдері - И. В. Гете және И. Ф. Шиллер.

Иоганн Вольфганг Гете (1749-1832 ж. ж. ) - неміс әдебиетінің негізін қалаушы, Петербург Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі өзінің әдеби қызметін бүлікшіліктен («Дауыл және тықсыру» бағытына қатысу), сентиментальды романтизмнен («Жас Вертердің азап шегуі») бастады, веймарлық классицизм кезеңінен өтті және «Фауст» трагедиясында өмір проблемаларын философиялық түсіндіруге тырысты.

Иоганн Фридрих Шиллер (1759-1815 ж. ж. ) - ақын, драматург, «Дон Карлос», «Мария Стюарт» трагедияларының, «Вильгельм Телль» драмасының авторы.

Slide 5

Романтизм (франц. romantisme, орта ғасырлық romant - роман) - Европаның барлық елдерінде және Солтүстік Америкада дамыған идеялық-көркем бағыт. Ғылымның, әдебиет пен өнердің барлық салаларында бейнеленді.

Германияда романтизм XVIII-ХІХғ. ғ. қалыптасты және ХІХғ. бірінші ширегінде жақсы дамыды. Классицизм дәстүрлері күшті болған Францияда романтизмнің қалыптасуы, әсіресе театр өнерінде ұзаққа созылды. Романтизм кең қоғамдық топтардың буржуазиялық революция нәтижелеріне қанағаттанбаудан, ұлттық езгі, саяси реакцияға қарсы шығудан шықты. Романтизм өкілдеріне XVIII ғ. ағартушыларының іліміне көңілдері толмау тән болды. Романтизм тұлғаның утилитаризмі мен біркелкілігіне шексіз еркіндікке талпынуды, жетілуге және жаңаруға құштарлықты, жеке және азаматтық тәуелсіздік пафосын қарсы қойды. Романтикалық қозғалыс өкілдері ұлттық өткен тарихқа (кейде оларды идеалды етіп көрсетті), өз халқының және басқа халықтардың фольклор дәстүріне және мәдениетіне қызығушылық тудырды, әлемнің универсиалды кейпін жасауға тырысты.

Slide 6

Романтизмнің нағыз отаны Германия болды. Неміс романтизмі Жан Поль (1763-1825 ж. ж. ), Генрих фон Клейст (1777-1811 ж. ж. ) тәрізді белгілі жазушыларды тудырды. Эрнст Теодор Амадей Гофман (1776-1822 ж. ж. ) романтизм шыңына шықты. Оның туындыларына драматизм мен сарказм, лирика мен гротеск тән (мысалы, «Албасты эликсирі») . Ол тұрмыстағы шындықты сыни қабылдады («Алтын құмыра» повесі, «Құйтақандай Цехес», «Бүргілер билеушісі» ертегілері) . Гофман - неміс музыкалық эстетикасы мен сынының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы романтикалық опералардың бірі «Ундинаның» авторы. Гофманның поэтикалық бейнелері Р. Шуманды («Крейслериана»), Ж. Оффенбахты («Гофман ертегілері»), П. И. Чайковскийді («Щелкунчик» балеті) шабыттандырды.

Slide 7

ХІХ ғ. бірінші жартысында Германияның ұлы ақыны, өз шығармашылығында романтика мен иронияны үйлестірген Генрих Гейне (1797-1856 ж. ж. ) өмір сүрді.

Англияда Дж. Ноэль Гордон Байронның (1788-1824 ж. ж. ) лирикалық романтизмінің ықпалы зор болды. Оның «Чайльд Гарольдтың қажылығы» поэмасы романтикалық бүлікші, Наполеон кезеңінен кейін көңілі қалған қаһарманды өмірге әкелді. Белсенді гуманизм мен әулиелік болжамдары Байронды сол кездегі Европаның ойшылы етті.

Ағылшын романтизмінің өкілдері - Дж. Китс пен Б. Шелли. Дж. Китс (1795-1821 ж. ж. ) - «Эндимион» патриархалды-утопиялық идилияның авторы, онда пуритандық екі жүзділікке қарсылық көрсетілген. «От», «Психея» одаларында ақын табиғат сұлулығы мен үйлесімін дәріптейді. Ол - «Гиперион» символико-аллегориялық поэмасының авторы.

Генрих Гейне

Дж. Ноэль Гордон Байронның

Дж. Китс

Slide 8

Музыкадағы романтикалық бағыт бай және дарынды болды. Бұл неміс композиторы, музыка сыншысы, романтизм эстетикасын суреттеуші Р. Шуман (1810-1856 ж. ж. ) . Ол бағдарламалық фортепьяналық циклдердің («Көбелектер», «Карнавал», «Фантастикалық пьесалар», «Крейслериана»), лирико-драмалық вокальды циклдердің, «Геновена» операсының, «Рай мен Пери» ораториясының және басқа туындылардың авторы.

Француз композиторы мен дирижері Г. Берлиоз (1803-1869 ж. ж. ) романтизм өкілі болды. Оның туындыларына «Фантастикалық симфония», «Траурлық-триумфальды симфония», «Трояндықтар» опера-дилогиясы, Реквием жатады. Романтикалық бағыт неміс композиторы, дирижері, музыкалық жазушысы, опералық өнер реформаторы Р. Вагнердің (1813-1883 ж. ж. ) шығармашылығында да кездеседі. Оның мына опералары белгілі және кең танымал: «Риенци», «Ұшатын голландиялық», «Тангейзер», «Лоэнгрин», «Тристан мен Изольда» және көптеген басқа музыкалық туындылар.

Slide 9

Кескіндемеде де романтикалық тенденциялар байқалады. Француз кескіндемесіндегі романтизм бастауы Т. Жерико (1791-1824 ж. ж. ) шығармашылығымен байланысты. Оның басты жұмыстарының бірі - «Медуза салы» полотносы. Романтизмнің керемет құбылысы - Э. Делакруа кескіндемесі (1798-1863 ж. ж. ) . Ол көбінесе Байрон поэзиясының мотивтеріне полотно жазған және бірқатар тарихи композицияларды дүниеге әкелген. 1830 ж. революциялық оқиғалардың қызған кезінде ол бүлікшілік пафостағы, романтизмге тән картина жазады, оны «Халықты бастаушы еркіндік» деп атаған.

Slide 10

Әдебиет пен өнердегі реализм - көркем шығармашылыққа тән құралдармен шындықты ақиқат, объективті бейнелеу.

Францияда 30-40-жылдары әлем таныған жазушылар өздерінің ең үздік реалистік туындыларын жазады, олардың қатарында 95-томдық «Адамгершілік комедиясын» жазған О де Бальзак (1799-1850 ж. ж. ), «Париж әйел құдайының соборы», «Тоқсан үшінші жыл», «Шеттетілгендер» романдарының авторы В. Гюго (1802-1885 ж. ж. ), «Бовари ханымы», «Сезімдерді тәрбиелеу», «Саламбо» романдарының авторы Г. Флобер (1821-1880 ж. ж. ) болды. П. Мериме (1803-1870 ж. ж. ) - новелла жазу шебері («Матео Фальконе», «Коломба», «Кармен»), пьесалардың, тарихи хроникалардың авторы («Карл ІХ кезеңінің хроникасы») .

30-40-жылдары реализм Англия әдебиетіндегі жетекші бағыт болды. Ағылшын сыни реализмінің негізін қалаушы Ч. Диккенс (1812-1870 ж. ж. ) болды. Атақты сатирик және юморист реализм шыңы болатын туындылар жазды («Домби мен ұлы», «Ауыр кезеңдер», «Үлкен үміттер») . Оның замандасы У. Теккерей (1811-1863 ж. ж. ) «Мансап құмарлық жәрмеңкесі» романында, «Генри Эсмондтың тарихы» тарихи туындысында, «Көрсеқызарлар кітабы» сатирикалық эсселер жинағында, «Даңқты жазып шығарушылар романдары» пародиялар циклінде буржуазиялық қоғамға тән кемшіліктерді көрнекі түрде көрсетті.

Slide 11

ХІХ ғ. музыкалық опералық өнерде реализм шыңына ұлы итальян композиторы Дж. Вердидің (1813-1901 ж. ж. ) шығармашылығы жетті. Оның «Сицилиялық кешкілік», «Бал-маскарад», «Тағдыр күші», «Симон Бокканегра» тарихи-қаһармандық опералары Италияның ұлт-азаттық қозғалысына арналған. Қаһармандардың жеке басындағы драма қоғамдық-саяси оқиғалармен тығыз байланысты. Оларды терең психологизмге толы көпшілік сценалардың динамизмі мен ашықтығы ерекше етеді; олар үшін оркестрлік бояулардың байлығы тән.

1850 жылдардағы «Риголетто», «Трубадур», «Травиата» белгілі операларында Верди музыка тілінің қарапайым мәнерлігімен кейіпкерлердің ішкі әлеміне терең бойлай білді. Оларға итальян халық музыкасына негізделген әуенділік, әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеуге бағытталған жоғары гуманизм тән.

Вердидің ең белгілі туындылары - «Дон Карлос» және «Аида» опералары. Композитор «Аидада» үлкен опера жанрлары - дамыған ансамбльдерді, көпшілік сценаларды, салтанатты шерулерді, балетті қолданды.

Slide 12

Опералық реализм құндылықтарына Шекспирдің сюжетімен Верди жазған «Отелло» муыкалық драмасы және «Фальстаф» күлдіргі операсы жатады. Осы операларда ол дәстүрлі ариялар мен дуэттерден бас тартып, оның орнына монологтар, диологтық сценалар енгізді, сонымен музыканың драмалық әрекетпен толық қосылуына қол жеткізді.

ХІХ ғ. соңында итальян операсында жаңа бағыт - веризм пайда болды (итал. vero шыққан verismo - ақиқат, шын) . Оған Р. Леонкавалло (1857-1919 ж. ж. ), П. Масканьи (1863-1945 ж. ж. ), У. Джордано (1867-1948 ж. ж. ), Д. Пуччини (1858-1924 ж. ж. ) жатады. Веризм эстетикасы - “өмірді шын көрсету”. Веристердің операсы өмірге ақиқат келетін сюжеттерімен, қарапайым адамдардың жан дүниесін шын бейнеленумен ерекшеленеді. Олардың операларының кейіпкерлері - шаруалар, кезбе актерлар, шеберлер, суретшілер. Әуезді вокальды мелодиямен қатар композиторлар драмалық речитативтерді, қысқа ариозоларды, симфонияны кең қолданды.

Slide 13

Реализммен көркем шығармашылық стилімен натурализм тығыз байланысты.

Өнерде натуралистік бағыт өкілдері адамның тағдырының, еркінің, рухани әлемінің әлеуметтік ортамен, тұрмыспен, тегімен, физиологиясымен толық анықталатындығы туралы түсініктен шықты. ХІХ ғ. 80-жылдарында натурализм француз әдебиетіндегі ықпалды бағыт болады. Осы ағымның ең ірі өкілі және теоретигі Э. Золя (1840-1902 ж. ж. ) . Өзінің басты еңбегі - жиырма томдық романдар сериясында (“Ругон Маккары”) Золя елдегі барлық топтардың өмірін қамти отырып, француз қоғамының кең панорамасын береді. Натурализмнің әдебиеттегі басқа белгілі өкілдері мыналар: француздар ағайынды Эдмонд (1822-1896 ж. ж. ), Жюль (1830-1870 ж. ж. ) Гонкур, немістер А. Хольц (1863-1929 ж. ж. ), Г. Гауптман (1862-1946 ж. ж. ), америкалықтар С. Крейн (1871-1990 ж. ж. ), Ф. Норрис (1870-1902 ж. ж. ) және бельгиялық К. Лемонье (1844-1919 ж. ж. ) .

Slide 14

Натурализм көркем шығармашылық стилі ретінде әдебиетте ғана емес, әлемдік мәдениеттің басқа бағыттарында да өз бейнесін тапты. Мысалы, театр өнерінде натуралистік позициялар жағынан француз режиссері А. Антуан (1858-1943 ж. ж. ) және неміс режиссері О. Брам (1856-1912 ж. ж. ), ал кескіндемеде француз суретшілері Э. Мане (1832-1883 ж. ж. ), К. Менье (1831-1905 ж. ж. ) және неміс суретшісі К. Кольвиц (1867-1945 ж. ж. ) болды.

Өнердегі натуралистік бағыт біртекті болған жоқ. Реалистік, демократиялық белгілермен қатар үмітсіздік, аморализм, рухтың төмендеуі тән декаденттілік тенденциялары байқалды.

Slide 15

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басында Европада өнерде өз бағыты - символизм қалыптасты. Француз символизмінің ең ірі өкілдері ақындар П. Верлен (1844-1896 ж. ж. ), С. Малларме (1842-1898 ж. ж. ), А. Рембо (1854-1891 ж. ж. ) болды.

Символизм басқа елдерде де дамыды: Германияда - С. Георге (1868-1933 ж. ж. ), Австрияда - жазушы Г. Гофмансталь (1874-1923 ж. ж. ), ақын Р. М. Рильке (1875-1926 ж. ж. ), Бельгияда - М. Метерлинк, Ж. Роденбах, Польшада - С. Побышевский.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын романтизмінің ерекшелігі
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны
ТҰРМЫСТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ ДІН МӘСЕЛЕСІНДЕ ОРНЫ
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы
Мэйдзи реформалары
Фридрих Ницше өмірбаяны
Ағылшын сәулеттік ерекшеліктері
Жапония - күн шығыс елі ХІХ ғасырда
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz