Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар


Slide 1

Тақырыбы: Сабақ - оқытудың негізгі формасы.

Орындаған:Шыныбай Жұлдыз

Тексерген:Баймуканова М.

Семей - 2015

Slide 2

Жоспар:

1) Сабақтың жалпы мәні

2) Сабақтың артықшылықтары

3) Сабақ - динамикалық құбылыс

4) Оқытудың үш қызметі

5) Сабақтың ұйымдастырылу тенденциялары

6) Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар

7) Шығармашылық қызметтің құрылымы

Қорытынды.

Slide 3

Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Педагог балаларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, олардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.

Slide 4

Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.

Slide 5

Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.

Slide 6

Сабақтың артықшылықтары

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Slide 7

Сабақ - динамикалық құбылыс.

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Slide 8

Оқытудың үш қызметі

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру - тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.

Slide 9

Сабақтың ұйымдастырылу тенденциялары:

Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.

Slide 10

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар:

Slide 11

Сабаққа қойылатын талаптар:

Slide 12

Шығармашылық қызметтің құрылымы:

Slide 13

XIX ғасырда француз психологы Теодюль Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.

Slide 14

Тапсырмаларға қойылатын талаптар:

Slide 15

Қорытынды:

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т. б. жатқызады.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Жаппай жұмысты уйымдастыру
Бақылау сабақтары
Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру
Сабақ – оқытудың негізгі формасы туралы ақпарат
Көрнекі құрал - таным құралы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Тексеру сабағы
Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні
Интелектуалды ойындар ойнау қабілетін дамыту
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz