Лекцияның құрылымы
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
Лекцияның құрылымы. Лекцияға
қойылатын талаптар
Орындаған: Кішкенбай А.Е
Тобы: 311
ЖОО-дағы лекция-оқытудың дидактикалық циклының басты
бөлігі. Оның мақсаты-оқу материалын студенттің игеруінің
бағдарлық негізін қалыптастыру.
Қазіргі жоғарғы мектеп өмірінде лекцияны «ыстық нүкте» деп
атайды. «Лекция» сөзінің түп тамыры латынша «lection»- оқу
дегенді білдіреді. Лекция Ежелгі Грецияда пайда болып, Ежелгі
Римде орта ғасырларда одан әрі жалғасты. Оқытудың лекциялық
формасының даму тарихындағы жарқын беттерін бірінші Ресей
университетінің негізін қалаушы М.В.Ломоносов жазып өткен
және ол оқытушының жанды сөзінің құндылығын бағалаған. Ол
табандылықпен және жүйелі түрде шешендік өнерге үйренудің
қажеттілігін, оның мәні «кез келген материя туралы әдемі айта
білу өнеріне үйрену және осы арқылы басқаларды өз пікіріне
иландыру» қажет деп есептеген. Сондықтан ол лекторлар «ақыл-
ойын сөзді құрастыру мен айтып жеткізу қабілетін үнемі ұштап
отыру, авторлардың жазған ережелерін жатқа оқып беруден аулақ
болуға тапсырады».
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің өркендеуіне
байланысты лекцияларды практикалық жұмыстармен ұштастыра жүргізу, оны
студентердің дербестігімен белсенділігін арттыруға ынталандыру қажетілігі туындады.
Лекцияның міндеті студентерді кітаппен өз бетімен жұмыс жасауға дайындау. Атақты
орыс хирургы және педагог Н.И. Пирогов-тың айтуынша лекция тек сол уақытта оқылу
керек, егер лектор ғылыми материалды жетік біліп тұрса, немесе сөз сөйлеу өнерін аса
меңгерген жағдайда Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студентердің
өздік жұмысын күшейту керектігін айтқан, бірақ педагогикалық қатынас процесінде
лекцияның эмоциялық әсерін баса айтқан. 1896 жылы болған техникалық және кәсіптік
білім беру жөніндегі Ресей ғылымдарының екінші съезі лекцияның маңызын, мәнді
сөзбен ғылыми білімді таратудың күшті құралы екенін және пәннің аса маңызды
жақтарын берік ұғындыру қабілеті жағынан ешбір кітап пен айырбастауға болмайтынын
атап айтқан.
30-шы жылдары кейбір ЖОО- дарда эскперимент ретінде лекция оқуды тоқтатқан
болатын. Бірақ эксперимент өзін ақтамады. Студенттердің білім деңгейі күрт төмендеп
кетті.
Лекцияның артықшылықтары:
Бұл лектордың аудиториямен творчестволық бірлесуі, өзара бірігуі,
эмоционалдық әсерлесу;
Лекция – жалпы түрде білім негізін алудың өте үнемді тәсілі;
Лекция ойлау іс-әрекетінің белсенділігін арттырады
Лекцияға қойылатын талаптар:
Лекция мен оқытудың өнегелілік жағы, ғылымилық және ақпараттанулық дәлелділік
және аргументілік, жергілікті мөлшерде айқын, нанымды мысалдардың,
айғақтардың негіздемелердің барлығы, баяндау формасының эмоционалдығы,
тыңдаушылардың ойлануын белсенділендіру, ойлану үшін сұрақтар қою;
баяндалған мәселенің бірізділікпен логикалық ашылуы және айқын құрылымы;
әдістемелік өңдеу - басты ойды және ережелерді бөліп көрсету, қорытындыға ерекше
көңіл аудару, оларды әртүрлі тұжырымда қайталау; түсінікті және оның түрде
баяндау, жаңадан енгізілетін терминдер мен атауларды түсіндіріп отыру; Тыңдау және
көруге арналған дидактикалық материалдарды барынша пайдалану. Көрсетілген
талаптар лекцияның сапасын бағалаудың критерилерінің негізіне алады.
Лекцияның құрылымы.
Кіріспе лекция. Ол студенттерді курстың мақсаты мен қызметі, оның оқу пәндері жүйесіндегі рөлі
мен және орынымен таныстырады. Одан әрі курсқа қысқаша шолу жасалады. Мұндай лецияларда
ғылыми проблемалар қойылады, болжамдар жасалады, ғылымның даму перспективасы белгіленеді
және оның практикалық үлесі туралы айтылады. Кіріспе лекцияда теориялық материалды мамандардың
болашақ жұмысымен байланыстыру маңызды.
Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспект емес жоғарылау деңгейдегі білімді жүйелеу. Оқыту
психологиясы көрсеткендей, жүйелеп баяндалған материал оңай есте қалады. Көптеген ассоциациялық
байланыстар іске асырылады. Шолу лекциясында сонымен қоса емтихан билеттерінің ерекше қиын
мәселелері де қарастырылады. Лекциялық маериалды баяндағанда оқытушы студенттердің конспект
жазып отырғанын бағдарлау керек.
Лектордың шеберлігі. Лекцияда студенттердің жұмысын жақсы ұйымдастыруға
көмектеседі.Лекцияның мазмұны, құрылымының айқындығы назар аудару тәсілдері- осының бәрі ой
белсенділігі мен жұмыс қабілетін жақсартуға, педагогикалық конспект тағайындауға, студентердің
эмоционалдық үн қосуын туғызуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, пәнге қызығуды қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Лекция сапасын бағалау.
Оқытушының лекцияларына қатынасқан кезде оның әріптестері талдау жүргізіп лекцияның сапасына
баға береді. Сапасын бағалаудың түйінді критерилерін атауға болады.
Лекцияның нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбие аспектісі, дидактикалық мақсаттарға жетуі.
Проблемалық лекция
Проблемалық лекция туралы біз оқытудың активті әдістеріне байланысты
сөз етеміз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасын
келтіреміз.ақпараттық лекциялардан өзгеше, онда студенттерге дайын
ақпарат дайын ақпарат беріліп түсіндірілетінін,оны еске сақтауға
арналғанын ескере отырып, проблемалық лекцияда жаңа білім бұрын
белгісіз, оны «ашу» керектігі жайында айтпақпыз. Оқытушының міндеті-
проблемалық ахуал туғызып, студенттерді сол проблеманы шешу
барысында, қадам-қадамдап іздеген мақсатқа жетуге қызықтыру болып
табылады. Ол үшін жаңа материал проблемалық мәселе түрінде беріліді.
Оның шартында қайшылықтар бар, соны тауып шешу керек болады.
Екеуара лекция
Лекцияның бұл түрі екі оқытушының өзара диалогы түрінде материалды баяндау
проблемасын дамыту және жалғастыру болып табылады. Мұнда теориялық және
практикалық мәселелерді талқылаудың нақтылы ахуалын екі маманның
модельдеуінде қарастырылады. Мәселен, екі ғылыми мектептің өкілімен,
теоретик пен практик, жақтаушы мен қарсылар және басқаға техникалық
шешімдер тағы басқа.
Мыналар қажет:
Оқытушылардың диалогы пікір-талас, проблеманы біррлесіп шешу мәдинетін
көрсету керек;
Талқылауға студенттерді тартып, оларды сұрақ қоюға итермелеу, өздерінің
көзқарасын айтуға, болып жатқан жағдайға үн қосуын көрсетуге баулу;
Лекция – пресс-конференция
Лекцияның тақырыбын хабарлап оқытушы студенттерге осы тақырып бойынша сұрақтарын жазбаша түрде
беруін өтінеді. Екі үш минутта студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды тұжырымдап оқытушыға
береді. Ол үш-бес минут бойы сұрақтарды саралап олардың мазмұны бойынша лекцияны бастайды. Лекция
сұрақ-жауап түрінде емес, байланысты мәтін түрінде баяндалып, оның құрамында әлгі сұрақтарға жауап
беріледі. Лекция сонында оқытушы жауаптарды талдап, оқушылардың қызығушылығымен білімдерін
анықтайды.
Мұндай лекцияны:
Тақырыптың басында қажеттілікті айқындау топтың немесе потоктың қызығушылық шеңбернін, оның
моделін: мүмкіндіктерін; нұсқауларын анықтау;
Ортасында, студенттерді курстың түйінді моменттері және білімдерін жүйелеуге пайдалануға бағытталған
кезде;
Аяғында – даму перспективасының игерісін мазмұнын анықтау үшін.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz