Терінің іріңді және вирустық дерматоздары




Презентация қосу
Терінің іріңді және
вирустық дерматоздары
ОРЫНДАҒАН: ТУРГИМБАЕВА АРУЖАН ЖОМАРТОВНА
ҚАБЫЛДАҒАН: МУСАЕВА АКНУР ТУРЕХАНОВНА
ЖОСПАР

Кіріспе
Терінің іріңді аурулары
Этиологиясы және Патогенезі
Псориаз
Терінің вирусты аурулары
Герпес
Жүйелі қызыл жегі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Терінің іріңді аурулары

Пиодермиялар (терінің іріңді аурулары) – іріңдікті микроорганизмдермен негізінен
стафилококктармен, стрептококктармен жиі, басқаларымен сирегірек
(псевдомонозды инфекция және басқалар) туындайтын тері ауруларының тобы.
Пиодермиялар – барлық жастағы топтарда ең кең таралған тері аурулары. Бұл
стрептококктар, стафилококктардың адамды қоршаған ортасында (ауада, жабық
орынның шаңында, киімде, адам терісінде) жиі кездесуімен байланысты болуы
мүмкін. Зақымдалмаған таза тері бактериялардың ішке енуіне сенімді тосқауыл
бола алады. Бірақ тері зақымдануларында (жарақаттар, сызаттар, тырналу), оның
жақпа майлармен, шаңмен, жану сұйықтықтарымен ластануында, теріге дұрыс күтім
жасамағанда оның қызметі, соның ішінде қорғаныс қызметі де бұзылады. Аурудың
дамуына ағзаның иммунды жүйесінің төмендеуі, тер құрамының бұзылуы және
терінің су-липидті мантиясының рН, май секретінің құрамы мен санының өзгеруі,
тиімсіз тамақтану, гиповитаминоз (А, С, В тобы), эндокринді бұзылыстар (қантты
диабет, тоңу, қалжырау және т.б.) ықпал етеді.
Этиологиясы және патогенезі.

Стафилодермиялар негізінен грам оң алтын сары стафилококкпен (Staphylococcus
aureus) шақырылады. Түкті фолликулдарды мекендей отырып стафилококктар
фолликулярлы пустулалардың қалыптасуына ықпал жасайды, ережедегідей, олардың
пішіні конус тәрізді болып келеді. Жаңа туған нәрестелерде фолликулярлы аппарат
жеткіліксіз дамыған, негізінен фолликулярлы пустулалар түзілмейді, тек іріңді
сұйықтықты везикобуллезді элемент (эпидемиялық көпіршік) пайда болады.
Стрептодермиялар негізінен В-гемолитикалық стрептококкпен шақырылады және
солғын қақпақшалы, ішінде іріңді сұйықтық және периферия бойымен қабынулы
тәжді, диаметрі 0,5-0,8 мм жалпақ көпіршікті фолликулярлы емес пустула-
фликтенамен сипатталады. Терең зақымдануларда қабынулы инфильтрат түбінен
күшейеді және тіндер жара түзілімінен-эктимдерден таралуға ұшырайды. Көп
жағдайларда осы екі қоздырғыштың бірге әрекет етуі байқалады, нәтижесінде
вульгарлы импетиго немесе созылмалы жаралы пиодермия түріндегі зақымдалу
түзіледі.
Микоздар (саңырауқұлақты аурулар) – патогенді
саңырауқұлақтармен туындаған тері жамылғыларының
зақымдануының ауқымды тобы.
Дерматомикоздардың заманауи жіктемесі саңырауқұлақтардың
тұқымына және түріне, зақымданған тіндерге ену тереңдігі және бұл
тіндердің жауап реакциясына, саңырауқұлақтардың тері
қосалқыларына (шаштар, тырнақтар) қатынасына, микоздың басым
орналасуына байланысты негізделген.
Оларды былай бөледі: І. Кератомикоздар: түрлі-түсті теміреткі және
басқалар. ІІ. Дерматофитиялар: шаптық эпидерматофития; табан
эпидермофитиясы, руброфития, трихофития; микроспория; фавус.
ІІІ. Кандидоз. IV. Терең микоздар: бластомикоз, споротрихоз.
Хромомикоз және басқа да псевдомикоздар; эритразма,
актиномикоз.
Кератомикоздар дегеніміз - қоздырғыштар эпидермистің тек мүйізді қабығын
зақымдайтын және терінің қабыну реакциясын туғызбайтын терінің саңырауқұлақты
аурулары.
Дерматофитияларға теріні (негізінде эпидермисті) және оның қосалқыларын (шаштар
және тырнақтар) зақымдайтын саңырауқұлақтармен шақырылатын микоздар тобына
жатқызады. Ондай қоздырғыштарға Trichophyton, Microsporum және Epidermophyton
тұқымының саңырауқұлақтарын жатқызады.
Дерматофиттердің басқа микроорганизмдерден ерекшелігі, олар адам қанынын
температурасынан төмен температурада жақсы өседі. Оларға 25-тен 30°С-қа дейінгі
температура қолайлы. Олар төмен температураны жақсы көтереді, ал жоғары
температурада өледі.
Жоғары температураны дезинфекцияның тиімді әдісі ретінде қолдануға болады.
Дерматофиттердің дамуы мен өсуіне қажетті жағдай ылғалды орта болып табылады. Бұл
әсіресе өкше микоздарының қоздырғыштарына қатысты. Міне сондықтан ауруды
жұқтыру және оның асқынуы көбінесе жазғы уақытта, аяқтың терлегіштігі артқанда
байқалады. Дерматофиттер ультра күлгін сәулеге төзімді, олардың өмір сүруіне
оптимальды жағдай нейтральды және әлсіз сілтілі орта; қышқылдықтың осы немесе
басқа жаққа ығысуы, әсіресе қышқыл жаққа ығысуы саңырауқұлақтарға негативті әсер
етеді. Кейбір дерматофиттер тек адамда паразиттейді, ал басқалары – адамда және
жануарларда паразиттейді.
Терінің вирусты аурулары

Терінің вирусты аурулары-вирустық этиологиялы
дерматоздар тері ауруларының ішінде үлкен топты құрайды
және жиі кездеседі. Оған қарапайым көпіршікті
теміреткі,сүйелдер, ұшық жұқпалы қатынасты ұлу, өткір
ұшты кандилома жатады. Ересектерде вирусты тері
аурулары 3-4 жастағы балаларда 9,5% құрайды. Вирустың
ену жолдары әртүрлі: тері, инфицирленген заттар, кілегей
қабаттары, ауа-тамшылы жолдар арқылы беріледі.
Иммунитет төмен жағдайда инкубациялық кезеңі бірнеше
күннен 2-3 аптаға созылады. Жай (қарапайым) герпес- өте
жиі кездеседі. Инфекция, жай герпес вирусымен
шақырылады.
Герпес

Жай (қарапайым) герпес- өте жиі кездеседі. Инфекция, жай
герпес вирусымен шақырылады. Этиологиясы және
патогенезі: Герпес вирусына 4морфологиялық ұқсас
вирустарды жатқызады: ЖГВ, вирус varicella zoster -
желшешек және белдеме теміреткі қоздырғыштары,
Эпштейн- Барр және цитромегаловирус вирустары. ЖГВ-
ның екі серотипі бар. ЖГВ-1 керато-конъюктивит, ауыз
айналасы мен ерінде, ал ЖГВ-2 гениталий айналасында
бөртпелердің пайда болуымен білінеді. Ерекше маңызды
орын алатыны ЖГВ вирусы, әсіресе ЖГВ-2нің, онкогендік
қасиеті бар. Ауру кез келген жаста кездесуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі: Жиі герпес элементтер табиғи тесіктер
айналасында орналасады: мұрын қанатында, ауыздың
бұрышында, жыныс мүшелерінде және ерін ұшында.
Бастапқыда бір жерде кездеседі, екі және одан да көп
жерлерде сирек кездеседі; кішкентай шектелген гиперемия
пайда болады, көпіршік диаметрі 1-3 мм әрбір ошақта 2-10ға
дейін және одан да көп көпіршіктер болады. Көпіршіктер
топталып орналасады, мөлдір экссудаты болады, осы
экссудаат 2-3 күн бойы лайлы болып тұрады. Егер көпіршік
үйкелуге немесе мацерацияға душар болмаса, одан әрі
олардың құрамындағы сұйықтық құрғап, сары-сұр қабыққа
айналып, 5-6 күнде, артында аздап гиперемияланған немесе
пигменттелген дақ пайда болады. Көпіршікті бөртпелер
күйеді, ауырады, кейде айналасындағы тіннің қатты ісінуі
байқалады. Жалпы жағдайы қалыпты, кейде науқастарда
бұлшықеттің ауырсынуы, қалтырау, дене температурасы 38-
39Скөтерілуі мүмкін, осы процесс 1-1,5 аптада аяқталады,
бірақ екіншілік инфекция қосылғанда ұзақтығы ұзарады.
Диагностика

Диагностикасы: Жыныс мүшелерінде орналасқан қарапайым
ұшық қатты шанкрға ұқсас болып тұрады, бірақта қатты
шанкрдан айырмашылығы эрозия проциклды үрдісті болып
келеді, қатты шанкрға қарағанда инфильтратсыз қабынған
негізде орналасады. Қарапайым ұшықты
анықтаудацитологиялық әдісті қолдануғаболады.
Қырындыны зерттеудікүлдіреуік пайда болғаннан 2-3күннен
кейін жүргізеді. Романовский-Гимзе бояуымен бояғанда 3-
4немесе оданда көп ядролыбазофильдік цитоплазмалы
алыпклеткалар анықталады. Ядроларыжақын, бір-біріне
қабаттасаорналасады.
Емі

Емі: Сыртқы ем ретінде анилинбояуларының спиртті
ерітіндісі,ішінде вирусқа қарсы препараттарбар, соның
ішінде фукорцин,жақпамайлар(оксалин 3%, тербофен3-5%,
зовиракс,ацикловир)қолданылыды.Лейкоцитарлинтерферон
ерітіндісін зақымдалғаношаққа күніне интерферон
ерітіндісінзақымдалған ошаққа күніне 6-7 ретқолданады.
Ұшықты ацикловирдіңжоғары терапиялық әсері бар,
онықайталамалы ұшықта 200 мг-нантәулігіне 5 рет ішеді,
ұзақтығы 5 күн.Құрсау теміреткі- бұл аурудынейротропты
вирус шақырады, олантигендік құрылымында
адамныңэмбриональдық тіндерде дамитынжелшешек вирус
ұқсас немесе соғансійкес келеді.
Псориаз

Псориаз – қабыну бөртпелері мен қабыршақтанумен ілесіп жүретін терінің созылмалы қабыну
ауруы. Псориаздың ошақтары әдетте нәзiк күмiстей қабыршақтармен жабылған дөңес кедiр-бұдырлы
қызыл бөлiктермен көрінеді.
Алғашқыда бөртпелер шынтақта және тобық буындарында пайда болады. Олар бiр уақытта дененiң
басқа бөлiктерінде, әсіресе бастың шашты бөлiгiнде пайда бола алады.
Аурудың дамуын зерттеудіңі үлкен жетістіктері бола тұрса да оның себебі әлі де белгісіз күйінде
қалып отыр. Анығында бұл жерде сыртқы орта ықпалы мен генетикалық факторлардың ролі маңызды
болып отыр. Псориаздың пайда болуына жұқпалы аурулар, жарақаттар (терінің зақымдануы),
күйзелістер, климаттық өзгерістер мен дәрі-дәрмектерге реакциялар себеп болып отыр.
Псориаздың ең кең таралған түрі –ол негізінде тері үстінен биіктеу тұратын, шашыраңқылы,
көбінесе шынтақта, тізеде, дене мен бастың шашты бөлігінде орналасатын бляшкалық псориаз.
Псориаз бастың шашты бөлігінде жиі шығады және осы бөлікте ғана шектелуі мүмкін, кей
жағдайларда бір уақытта дененің басқа да бөліктерін зақымдауы мүмкін.
Құлақ қалқанының псориазы күрделі мәселелер шақыруы мүмкін, яғни қабыршақтардың
жиналып қалу салдарынан есту жолы жабылып, құлақ естуінің бұзылуы мүмкін.
Псориаздың ең кең таралған түрі –ол негізінде тері үстінен биіктеу тұратын, шашыраңқылы, көбінесе шынтақта, тізеде, дене мен бастың
шашты бөлігінде орналасатын бляшкалық псориаз.
Псориаз бастың шашты бөлігінде жиі шығады және осы бөлікте ғана шектелуі мүмкін, кей жағдайларда бір уақытта дененің басқа да
бөліктерін зақымдауы мүмкін.
Құлақ қалқанының псориазы күрделі мәселелер шақыруы мүмкін, яғни қабыршақтардың жиналып қалу салдарынан есту жолы жабылып,
құлақ естуінің бұзылуы мүмкін.
Псориатикалық артрит – білезіктердің майда буындары мен өкшені зақымдайтын, буындардың қабыну ауруы. Науқастардың көпшілігінде
тері симптомдары буынға дейін, бірақ кейбір науқастарда бірінші кезекте буындарды зақымдайды, ал кейде тері бөртпелерінсіз буындардың
оқшауланған бөліктері зақымданады.
Осы аурудың ағымына күннің әсері. Жалпы аз мөлшердегі күннің сәулесі псориазға қолайлы әсер етеді. Суық климатта өмір сүретін
пациенттер күн ваннасын немесе оңтүстікте болған кездегі жағдайларының айтарлықтай жақсарғанын сезеді. Бірақ күннің астында ұзақ уақыт
болу псориаздың асқынуына алып келетінін есте сақтаған жөн. Науқастардың 5-10% күн ваннасын алғаннан кейін жағдайлары нашарлаған.
Басқа да ілеспелі аурулардың псориаздың ағымына әсері қазіргі күнге дейін талқыланып келеді. Қант диабетінде, семіздікте және
гипергидрозда (жоғары терлегіштік) псориатикалық бляшкалар көбінесе тері қыртыстарында пайда болады, яғни қыртыс псориазы деп
аталатын көріністі қалыптастырады (интертригинозды псориаз).
Стрептококкты инфекциялар (баспа, созылмалы тонзиллит, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары) және егулер, әсіресе балаларда. Егер
псориаз бар болатын болса жоғары тыныс жолдарының стрептококкты инфекциялары асқыну шақыруы мүмкін.
Псориаз кезіндегі ілеспелі инфекциялар ішінде АИТВ-инфекция ерекше орын алады, өйткені ЖИТС фонында псориаз ауыр түрінде
болады. Бұл кезде псориотикалық бөртпелер бір-біріне құйыла және тарала отырып, бүкіл тері жамылғысын жаулап алуы мүмкін (мұндай
жағдай псориатикалық эритродермия деп аталады).
Емі

Псориазды емдеуге кіреді:
рациональды тәртіпті сақтау, теріге тұрақты түрде күтім жасау,
гипоаллергенді емдәм;
жалпы ем;
сырттай емдеу;
физиопроцедуралар;
санаторлы-курортты ем.
Жүйелі қызыл жегі

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – ұзаққа созылатын, қабынумен
сипатталатын ауру.
Себептері Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – аутоиммундық ауру, бұл
кезде адамның өзіндік иммундық жүйесі қате түрде сау
тіндерді зақымдайды. Яғни, тері, буындар, бүйрек, ми және
басқа ағзалар зақымданады. Аутоиммундық аурулардың
негізгі себептері толық зерттелмеген. ЖҚЖ ерлерге қарағанда
әйелдерде жиі кездеседі. Ол кез келген жаста пайда болуы
мүмкін, бірақ, 10-50 жас аралығында жиі кездеседі. Азиялықтар
басқа нәсілдерге қарағанда жиі ауырады. ЖҚЖ кейбір дәрілік
препараттарды қабылдау салдарынан да туындауы мүмкін
Симптомдары Әр адамда аурудың симптомдары әр түрлі
болуы мүмкін, симптомдар пайда болып, жойылып отыруы
мүмкін. ЖҚЖ шалдыққан барлық дерлік науқастардың
буындары ауырады, және ісіну болады. Кейбірінде артрит
дамиды. Көбінесе, саусақтың, білектің, тізенің буындары
зақымданады.
Басқа кең таралған симптомдары:
Кеудедегі ауырсыну, терең тыныс алғанда
Шаршау
Қызба
Жалпы жайсыздық, мазасыздық немесе дімкәстік Шаштың
түсуі Ауыз қуысындағы ойықжаралар
Күн сәулесіне сезімталдық «Көбелек» секілді бөріткен
шамамен, ЖҚЖ шалдыққан науқастардың жартысында
кездеседі. Бөріткен, көбінесе, жақта, кеңсірікте пайда
болады, барлық денеде де болуы мүмкін. Бөріткен әдетте,
күннің көзінде болғаннан кейін пайда болады.
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Диагностика
Жүйелі қызыл жегі диагнозын қою үшін аурудың 11 мүмкін
симптомының 4 болуы қажет. Дәрігер науқасты қарап, кеуде
қуысын стетоскоппен тыңдайды. Бұл кезде белгісіз шу
естілуі мүмкін, бұл перикардтың (жүректің сыртқы қабығы)
үйкелу шуы немесе плевраның үйкелу шуы (өкпенің сыртқы
қабығы) аталады. Дәрігер неврологиялық та тексеруді
өткізеді.
ЖҚЖ анықтау үшін қажетті тексерулер:
Антиденеге талдау, оның ішінде, антинуклеарлық (АНА)
Қанның жалпы талдауы (ОАК)
Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
Бүйректің биопсиясы
Несеп талдауы
Емі
ЖҚЖ жазылмайтын ауру. Емдеудің мақсаты – симптомдарын бақылауға алу
жүректі, өкпені, бүйректі, т.б. ағзаларды зақымдайтын ауыр симптомдарын
сәйкес мамандардың көмегімен жиі емдеу қажет болады.
Аурудың жеңіл түрлерін емдеуге болады:
Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттармен (НПВП), мысалы,
ибупрофен (буын синдромы және плеврит болуында)
Кортикостероидтық кремдермен (тері бөріткенінде)
Безгекке қарсы препараттармен (гидроксихлорохин) және
кортикостероидтардың төмен мөлшерлемесімен (тері синдромында және
артритте).
Жүйелі қызыл жегінің ауыр өтуінде емдеуге кіреді:
Кортикостероидтардың немесе иммундық жауапты басатын
препараттардың жоғары мөлшерлемесі
Цитоуыттық препараттар (жасушалардың өсуін тежейтін дәрілер). Бұл
препараттарды әдетте, кортикостероидтармен емдеуде әсер болмаса
немесе оларды тоқтатқанда симптомдар нашарласа, тағайындайды. Бұл
дәрілердің жанама әсерлері өте күрделі болуы мүмкін, сондықтан оларды
қабылдағанда өзіңіздің жағдайыңызды мұқият қадағалауыңыз қажет
Қолданылған әдебиеттер тізімі

ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕРІ
Абуова Г.Н
Zdrav.kz

Ұқсас жұмыстар
Паповавирустар. Поксвирустар. Парвовирустар
Сиырдың желінсау ауруы
Құрсақішілік инфекциялар
Беттің шиқаны мен көршиқаны
Жіті жүйелі қызылша
Вирустық инфекция
Ауыз қуысы ауруларында тағайындалатын диеталык азықтар
Балалардағы тамақ, құлақ аурулары
Тері іріңді аурулары мен терінің инфекциялық аурулары екшеу диагностикасы
Хирургиялық инфекция
Пәндер