Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік




Презентация қосу
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Отанды қорғау жолындағы
қазақстандық батырлардың ерліктері

Қабылдаған:Оразаева Ж.Ж
Дайындаған:Тасболат А.А
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4
ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды.
Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың
әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни
жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды.
Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен
Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі,
Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті,
Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты.
Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты.
Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес
Одағының Батыры атағына ие болды, олардың
100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері
атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді.
Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван
Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі
мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат
Бигелдинов 305 рет әскери шабуылға шығып,
жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып
қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын
сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп
атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте
батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз
ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан
аман-есен оралды.
• «Ердің туы намыс», деп білген ержүрек
батырымыз Бауыржан Момышұлының
есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Аты
аңызға айналған 316 атқыштар
дивизиясының жасақталуына белсене
атсалысып, сол дивизия құрамында
майданға аттанған Б. Момышұлы өзін
даңқты жауынгер, әскери қолбасшы,
стратег және тактик ретінде көрсете
білді. 1941 жылдың 26 қарашасында
маршал Рокоссовский оны полк
командирі етіп тағайындады. 1941-1945
жылдары Панфилов атындағы 8-
гвардиялық дивизияның батальон, полк
командирі, соғыстың соңғы жылдары
аталған дивизия командирі болды.
Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк, әуедегі ұрыстарда талай
жаудың көзін жойған Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар қыздарының
даңқын әлемге жайды. Атақты партизан Қасым Қайсенов пен соғыстың
аяқталуын Гитлердің кабинетінде қарсы алған Сағадат Нұрмағамбетовтің,
жаудан қаймықпайтын қазақтың батыр ұлдары Мәлік Ғабдуллин мен
Төлеген Тоқтаровтың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.
«Гитлердің үйінде» барлау взводының
командирі, лейтенант Рақымжан
Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл Туды тігу
туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді.
Жалауды оған батальон командирі Давыдов
және саяси жетекші Васильченко табыс етті.
"Гитлер үйі" мен Рейхстагқа дейін ара
қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-
жағынан оқ жауған ашық алаңда еді.
Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен
толассыз атылған оқтың астынан жерге
жабыса 7 сағат бойы еңбектеп өтті. Межелеген
орынға ол Григорий Булатов деген солдатпен
бірге жетіп, бұйрықты орындап, Рейхстагқа
туды тікті. Бұл оқиға сәуірдің 30-ы күні 18
сағат 30 минутта болған еді. Тарихи оқиға
жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді
шарлады. Рейхстаг түбіндегі ұрыстарда
қазақстандықтар Нығмет Наукенов, Әлімқұл
Жылқыбаев, Павел Василевский, Алексей
Ковалев және басқа да жауынгерлер ерлік
көрсетті.
Төлеухан Шайділдинов Рейхстаг қабырғасына былай деп жазып кетіпті:
«Мен - қазақпын, Қазақстаннан келдім. Қан майданда жүріп Мәскеуден
Берлинге дейін жеттім. Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік.
Шайділдинов Төлеухан».
Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк
автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3
зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. Н.
Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы
қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтеріледі.
Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит
артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды.
Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан
Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Қазанның 23-і күні тұңғыш
рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "егер біз
фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты
өмірмен қоштасамыз..."
Шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан
Баймағамбетов, фашистердің 14 танкісінің көзін жойған Василий Мартехов,
ұшағын танкілер колоннасына бұрып ерлікпен қаза тапқан Бақтыораз
Бейсекбаев және осы секілді ерлік көрсеткен қазақстандықтар саны көп
болды. Бізге дейін есімдері жетпеген, ұмыт қалғандары қаншама? Сол кездегі
солақай саясаттың кесірінен елге танылмай кеткен талай боздақтарымыз да
болды. «Қызыл жұлдызды» кеудесіне таққаны да, тақпағаны да бар, тылдағы
еңбегімен Жеңіске жол салған ата-әжелеріміздің ерлігі бүгінгі бақытты өмір
сүріп жатқан әрбір жас ұрпақтың санасында әрдайым жаңғырып тұруы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері
Берлин операциясы
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Салқам Жәңгір хан 1610-1652
Ұлы Отан соғысы және Қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі
Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық
Одағының Батыры атағын алған қазақтар
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Ленинград үшін шайқас
Көтерілістің себептері
Пәндер