Психология ғылымындағы даму ұғымы


Slide 1

ОМӨЖ №3 Дамудың әлеуметтік жағдаяттары, орталық психикалық қызмет, жас тұрғысынан жаңа құрылымдар және жетекші іс-әрекеттер ұғымдары. Іс-әрекеттің тұлғалық сипатының критерийлері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы кафедрасы

Орындаған: 7М01101 - педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты Жұбаныш Аружан

Тексерген: п. ғ. к., доцент Тогайбаева А. К.

Slide 2

Жоспары

4

1

2

3

Даму заңдылықтары туралы түсінік

Психология ғылымындағы даму ұғымы

Slide 3

Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым теориялық және эксперименттік деп аталады. Жалпы психолоия адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім-күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі.

Сондықтан, бұл пәнді меңгеруде мынадай үш мәселені бөліп қарастырамыз:

а) психикалық процестер,

ә) психикалық кейіп,

б) психикалық қасиеттер немесе адамның ара психологиялық ерекшеліктері.

Психика, сана - материяның ең жоғарғы түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактілі ойға қарай дамиды. Ал, ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі - адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканың және оның өте жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.

Психология психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: «Псиюхе» (жан), екіншісі «Логос» (сөз, ілім) .

Slide 4

Категория - тарихи қалыптасқан адам іс-әрекеті мен ойлауының принциптері мен заңдары, барлық нәрсе бізге осылар арқылы беріледі, ой елегінен осылар арқылы өтеді.

Категория - адам ойының шындықтың өз формалары бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін, нәрселердің қалыптасуы мен реалдық қызмет етуінің тәсілін терең ұғынуға жол ашатын әмбебап ұғымдар, сондай-ақ, шындықты практикалық-заттық түрде игерудің идеалды формалары. Адам өзінің іс-әрекетінде табиғатты жай бар күйінде, дайын қалпында ғана қайталай салмайды, оны белсенді өзгертеді, онда жоқ нәрселерді жасайды, дамытады. Сол сияқты адам ойына да шығармашылық белсенділік тән.

Категория - шындықты оның өзгеруінде, дамуында бейнелейтін ойлау формалары. Ойлау К-сы адамзаттың да мыңдаған жылдар бойғы тарихында түзілген танымының жалпы шарттары, принциптері. Категория - адамның практикалық және танымдық қызметінің реалдық нәтижелері қорытылған логикалық фигуралар. Сондықтан әрбір адамның адам ретінде қалыптасуы, оның ақыл-ойының дамуы да осы қоғамдық заттық-практикалық іс-әрекетке баулу процесінде, әлеум. қозғалысқа қатынасу арқылы тарихи жинақталған рухани байлықты игеру процесінде іске асады. Категория бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олар белгілі бір жүйені құрайды, жүйелі түрде дамып отырады

Slide 5

Категория жөніндегі ілім Аристотельден басталады. Ол “Категориялар” деген еңбегінде 10 категорияны атап айтты:

сан

орын

субстанция

әрекет

қатынас

сапа

уақыт

ахуал

қасірет

жағдай

Slide 6

Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады

Slide 7

Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, срның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден және жойылуына орай танылады. (Л. С. Рубинштейн) .

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды. Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зертейтін обектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді. (Б. Ф. Ломов) .

Slide 8

Жас кезеңдері

Жас кезеңдері - бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

Slide 9

Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады.

Даму

төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

Slide 10

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді.

Slide 11

Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады.

Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді.

Slide 12

Дамудың әлеуметті жағдайы

Дамудың жақын зонасы

адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметтік жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады

психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л. С. Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер.

Дамытатын күштер - балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.

Slide 13

Онтогенез

Онтогонез (грек. on - табыс, ontos - нағыз, нақты және генез) - организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.

Онтогенез терминін неміс биологы Э. Геккель ұсынған (1866) . Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы - код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.

Slide 14

Филогенез

Филогенез - органикалық формалары және Жер бетінде өмір сүру кезеңінде органикалық түрлер және сана түрлерінің дамуын білдіретін ғылыми термин.


Ұқсас жұмыстар
Психологияға кіріспе
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Эволюциялық бағыт
Жеке тұлға
ПРЕЗЕНТАЦИ ПСИХОЛОГ
ҰЙЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОСПАР
Тұлға теориялары
Адамның шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz