Деңгейлеп оқыту технологиясы



ОМӨЖ №5 Деңгейлеп оқыту технологиясы
Орындаған: 7М01101 - педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты Жұбаныш Аружан
Тексерген: п. ғ. к., доцент Тогайбаева А. К.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы кафедрасы

Жоспары
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі мен зерттелуі
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі

Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - оқытуды оқушының әр түрлі топтарына, ерекшеліктеріне сай бейімдеу, ыңғайлау. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз - әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі. Деңгейлеп оқытуда мұғалім ақпарат беруші және ұйымдастырушы, кеңес айтушы қызметін ғана атқарады.

В. П. Беспалько деңгейлеп, саралап оқытудың жаңа жолдарын ұсынып, оны төмендегідей деңгейлерге жіктеді:
Екінші - алгоритмдік деңгей
Үшінші - ізденушілік деңгей
Төртінші- шығармашылық деңгей
Бірінші -
оқушылық
деңгей
Аталған деңгейде ұсынылатын тапсырмалар бағдарлама талабына сәйкес беріледі.
Бұл деңгейде тапсырмалардың мазмұны күрделендіріле ұсынылады.
Аты айтып тұрғандай, бұл деңгейде ұсынылатын тапсырмалар оқушыны ізденушілікке жетелейтіндей болуы шарт. Олар өзара сабақтастыққа, жүйелілікке негізделіп, оқушылардың танымдық қабілетін мен танымдық құзіреттілігін жетілдіруге бағытталады.
Бұл деңгей оқушының шығармашылық қабілетін, дарындылығын, талантын ұштауға, оның жеке қабілетін дамытуға көмектесетін тапсырмалардан тұрады. Аталған деңгей тапсырмалары оқушының бүкіл қабілетін дамытып, жетілдіруге ықпал етеді.

Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н. П. Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С - үш деңгейге бөлуді ұсынады.

«А» - бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.
«В» - бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.
«С» - бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Бірінші - тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды) .
Екінші - қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет (3-5 дейін) өткізіледі.
Үшінші - қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары.
Төртінші - материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды) .
Бесінші - пратикум сабақтар.
Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.
Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.

Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Диагностикалық кезең
Оқушылардың білім деңгейін диагностикалау
Мұғаліммен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау
Оқушыларды топқа бөлу
Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау
Топтардағы оқыту талапта рының жобасын талқы лауға қатысу
Оқытуды іске асыру
Мұғалімнің материалды оқу топтарын беруі
өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы
Білімді меңгерту нәтижесін бағалау
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнатылуы)
Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру
Деңгейлеп оқыту туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген


Міндеттері:
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау. . .
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Философиялық әдебиет білімді адамның рухани келбеті деп қарастырады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы
Оқушы белсенділігінің оянуы
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы

Бірінші топқа «4-5» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар береді.
Екінші топқа «3-4» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға іздену түріндегі тапсырмалар дайындайды.
Үшінші топқа «2-3» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға стандартқа сай тапсырмалар береді: сыныптағы барлық оқушылар орындай алуы қажет.
Г. Ғ. Еркибаеваның денгейлеп оқыту технологиясы жоғарыда айтқан ғалымдардан басқаша. Ол тапсырмаларды 3 денгейге бөліп береді, бірақ оқушыларды білім денгейге қарап 3 топқа бөледі.
І деңгей тапсырмаларыларын қазақ тілін әлі меңгермеген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткіліксіз студенттерге беріледі.
1. Мәтінді оқып шығып, сөздік жұмысын жүргізу. Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, түсіндірме сөздіктен мағынасын анықтаңыздар
2. Ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғатты қорғау тақырыбында лексикалық минимум құрастырыңыздар.
Жыл мезгілдері, күн, ай, жыл аттары.
ІІ деңгейдегі тапсырмалар қазақ тілін таяз меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткіліксіз студенттерге беріледі.
Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібін анықтаңыздар.
2. Мәтінді оқып шығып, мәтіндегі сөздердің орын тәртібін схема арқылы көрсетіңіздер
Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақтарға мысал келтіріңіздер.
ІІІ деңгейдегі тапсырмалар қазақ тілін жақсы меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткілікті студенттерге беріледі.
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz