Тұлға дамуының мәдени - тарихи тұжырымдамасы



№1 ОМӨЖ
Тұлға дамуының мәдени-тарихи тұжырымдамасы. Даму идеясы Л. С. Выготскийдің зерттеулеріндегі негізгі проблема ретінде
Орындаған: 7М01101 - педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты Жұбаныш Аружан
Тексерген: п. ғ. к., доцент Тогайбаева А. К.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы кафедрасы

ЖОСПАРЫ
4
Л. С. Выготскийдің даму идеясы
2
3
5
Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы
1

Көрнекті психолог ғалым Л. С. Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.
Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.
Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.
Л. С. Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.

Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы: «Баланың мәдени дамуындағы барлық функция сахнаға екі рет, екі тұрғыда алдымен социалдық, интерпсихикалық категория ретінде, кейін психологиялық тұрғыда, интерпсихикалық категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін баланың ішкі әлемінде көрсетеді» дегенге негізделген. Выготский бойынша барлық ішкі процесстер интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол кейін оның санасына тұтастай енеді»

Л. С. Выготскийдің еңбектері

Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
Әрбір жеке тұлға қасиеттер жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. "Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет соның бір көрінісі, ”-деп анықтама беріледі
Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын "индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық - сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс, ”- деп түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталаты анық. Әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Ұжымдағы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше сипаттама беруге болады


Жасқа байланысты даму - балалық шақта - өзінің бір қатар ерекшеліктерінің салдарынан әр жас сатысында баланың тұлғасын түгел өзгертетін күрделі процесс.
Л. С. ВЫГОТСКИЙ БОЙЫНША ДАМУ САТЫЛЫҒЫ

Л. С. Выготскийдің жасқа байланысты кезеңдеуі төмендегідей болады

Кемістік жaне оның орнын толтыру
Дамудың біріншілік және екіншілік кемістігі туралы ұғымды Л. С. Выготский енгзді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Екіншілік кемістіктер - бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т. б. ) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез - құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық - педагогикалық коррекцияға оңай бағынады. «Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиге көнгіш болады».

Л. С. Выготскийдін кемістік пен онын орнын толтыру туралы ілімі
Кемістік пен онын орнын толтыру туралы ілімі
А. Адлерден кейін Л. С. Выготский де функционалдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л. С. Выготский былай деп жазды: «Жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».

Психикалык функциялардың кемшілігі мен закымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жузеге асырылады. Жанама жолга жататындар
жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы
жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану
жүйеішілік қайта құрулар

Тұжырымдауы
Л. С. Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан» деп айтып кеткен едi.

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz