Санасыз әрекет


Slide 1

Қызметтік тұғырдағы тұлға ұғымын анықтау пробелмалары

№4 ОМӨЖ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

Орындаған: 7М01101 - педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты Жұбаныш Аружан

Slide 2

Жоспары

4

Іс-әрекет ұғымы

1

2

3

Сана дегеніміз не?

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі

Санасыздықтың түрлері

Slide 3

Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі.

Іс-әрекет - адамның әлеуметтік ортада мақсатқа бағытталған белсенділігі.

Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы - белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы.

Slide 4 Slide 5

Іс-әрекеттің құрылымы: А. Н. Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады:

Қажеттіліктер - ағзаның бір нәрсеге керекті кескінін ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын субъективті құбылыс болып табылады. Барлық қажеттіліктерді екі негізгі топқа бөлуге болады:

биологиялық (виталды)

ақпараттық (әлеуметтік қажеттіліктер негізіне жататын)

Slide 6

Биологиялық қажеттіліктер бұл организмнің өмірлік қажеттіліктері, адам денесінің қалыпты функционалдығына барлық алғашқы қажеттіліктер, денсаулық, физикалық даму, табиғатпен қарым-қатнас, тамақтану қажеттіліктері. Егер адам немесе жануарлар осы қажеттіліктердің әсерінен әрекеттенсе, онда олардың белсенділіктері шектеулі болар еді.

Ақпараттық қажеттіліктер танымдық және әлеуметтікке жататын, биологиялық қажеттіліктерге қарағанда толық болып табылады.

Адам өзінде қандай қажеттілік туындағанын саналы түрде түсінсе, сонда ғана түрткі (мотив) пайда болады.

Slide 7

Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив - субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат - адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет - белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.

Slide 8

А. Маслоудың ұсынған қажеттіліктің иерархиялық пирамидасы

Slide 9

Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің негізгі үш түрімен шектеледі.

1. Ойын;

2. Оқу;

3. Еңбек.

Ойын - адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді.

Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.

Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т. б. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Ойын балалардың жетекші іс-әрекет болып табылады.

Slide 10

Іс-әрекет психологиясы - кеңестік дәуірде психология ғылымының дамуында үлкен рөл атқарған психология саласы. Бұл теорияның пайда болуы мен дамуы Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин және басқалардың есімдерімен байланысты.

Іс-әрекет пен еңбек адам санасының қалыптасуы мен психикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Адамның психикалық феноменінің танылуында іс-әрекет зор маңызға ие. Себебі адам жайлы, яғни оның тұлғасының ерекшеліктері жайлы сөз болғанда, негізінен, оның жасаған істерінің нәтижесіне қарай нәтиже шығарамыз.

Slide 11

Сана - пәлсапалық санат. Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Slide 12

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте - анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл - оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Slide 13

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, - адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Slide 14

Сана құрылымы

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері - түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері - адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Slide 15

Санасыз

Санасыз - санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде) . Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) : ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Slide 16

3. Фрейд

Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде) . Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) : ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардыңталабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген.

Slide 17

В. Вундт

Психологяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде. Санасыз әрекет туралы ойлар

Г. Лейбниц,


Ұқсас жұмыстар
Психика
Сана және санасыздық
Психология тарихы. ХХ ғасырдың 2 жартысындағы психологияның жаңа бағыттары
Психология тарихы және жаңа бағыттары
Негізгі идеясы
Психология жан туралы ғылым
Қолдан сұрыптау
Тәрбие процесінде өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Адам психикасы
Зигмунд Фрейдтің классикалық психоанализі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz