ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ




Презентация қосу
ЖОҒАРЫ
МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ
ПРОЦЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
ЖӘНЕ
КОМПОНЕНТТЕРІ
ОҚЫТУ
Окыту процесі - бұл мұғалім мен
оқушылардың белгілі бір мақсатқа
бағытталған өзара әрекеттестігінің
барысында окушыларға білім беру
міндеттерін шешу.
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ
Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:
Мақсат.
Педагог
Оқушы, білім алушы.
Оқыту әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру түрі.
Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
Педагогикалық диагностика.
ЛЕКЦИЯ
Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу
материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру.
Лекцияға қойылатын талаптар:
Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік)
жағы;
Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)
Дәлдігі мен дәлелділігі;
Түсіндірудің эмоционалдық жағы;
Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;
Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының
нақты болуы;
ЛЕКЦИЯ
Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;
Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру;
Қорытындылау;
Тілінің түсінікті және анық болуы;
Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;
Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио,
видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҮШ ТҮРІ БОЛАДЫ:
1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын
орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет
оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу
пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму
перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық
материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына
байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми
әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа
пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен
жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн.
ЛЕКЦИЯ
2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік
бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша
жүргізіледі.
3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект
түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп
берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан
сұрактарының жауаптары қарастырылады.
СЕМИНАР
Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді
( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша):
Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;
Танымдық мотивтер;
Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану.
Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау
жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді
шешеді.
СЕМИНАР
ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі:
Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін.
Әдіснамалық жағынан маңызды белгілі бір тақырыптын
немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру.
Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу
мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама,
пікірталас түрлерінде өтіледі.
ЛАБОРАТОРИЯ
Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық деген
мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Лабораториялық жұмыстар оқу
жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты жағдайда
жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-әрекеті - ең
тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының
ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді өз
бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды
ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында
бағыттаумен анықталады.

Ұқсас жұмыстар
Музыка. Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі
Балалар және жастар шығармашылығының орталықтарындағы ерекшеліктер
Қоғам мен жеке тұлға
Тәрбие
Оқыту процесінің мәні
Архимед мектебі
Оқытудың принциптері
Әлеуметтену және бірегейлік
ОҚЫТУҒА ҚАБІЛЕТСІЗ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Пәндер