Көру анализаторы




Презентация қосу
Тақырыбы : Сенсорные
жүйелер туралы заманауи
түсінік.Анализаторлар және сезім
органдары туралы түсінік.
И.П.Павловтың анализаторлары
туралы. Сенсорлық жүйелердің
жалпы қасиеті.

Орындаған : Хозыұлы
Фархат .
Тобы : БТ – 39.
Жоспар :
I. Анализатор туралы ұғым және оның бөлімдері .
II. Рецепторлар және олардың классификациясы .
III.Анализаторлардың ортақ қасиеттері .
IV. Сезім мүшелері .
V. Көру анализаторы .
VI.Есту анализаторы .
VII. Дәм сезу .
VIII. Иіс сезу .
IX. Сипап сезу .
• Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін
информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-
синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын
және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап
реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы
мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін
маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер
немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар
туралы ілімді жасаушы И.П.Павлов болып есептеледі.
• Анализатор өзара морфологиялық және
функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын
тұтас, бірыңғай жүйе:

- Перифериялық. Рецептордың әр түрлі
тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім)
- Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан
тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті
(ОЖЖ Р), аралық жолдар.
-Ми қыртысындағы орталық бөлім.
Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және
функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың
принциптері:

Көп қабаттылық

Көп каналдық
Рецепторлар және олардың классификациясы .

Рецепторлар - әр түрлі тітіркендіргіштерді
маманданған белсенді жүйке жүйесіне тасмалдауға арналған
құрылымдар.
Рецепторлы жасушалар басқалардан екі қатынаста айырмашылығы
бар:
-Тітіркендіргіштердің энергиясы процентерді қоғалысқа
ұшырауын стимулдайды, ол жасушада метаболизм процентерінде
пайда болған потенциялды энергия есебінен жүреді.
-Рецепторлы жасуша электр энергиясын бөледі.
Рецепторлар орналасу және тітіркендіргіштермен өзара
әрекеттесу ерекшеліктеріне қарай үлкен екі топқа бөлінеді.

I. Сыртқы –экстерорецепторлар: көру, иіс, сезу, дәм сезу,
тактиль (жанасуды сезу) рецепторлары;
II. Ішкі-интероцепторлар: висцерорецепторлар (ішкі
органдардың проприорецепторлар.)
Өзі таңдап алған қабылдайтын тітіркендіргіштің табиғатына (модальдығына)
қарай рецепторларды тағы да топтарға бөлуге болады.

І.Механорецепторлар (тітіркендіруші әсердің механикалық энергиясын
қабылдауға бейімделген). Бұған сету, гравитациялық, вистивулярлық, терінің
тактильді, тірек-қимыл аппаратының рецепторларын және жүрек-қан тамыр
жүйесінің барорцепторларын жатқызуға болады.
Хеморецепторлар. (химиялық агенттер әсерін сезеді:
Темоцепторлар (темературалық-салқын, жылы-әсерлері) қабылдайды (терінің,
органдарының, сондай-ақ орталық нерв жүйесінің термосезгіш клеткалары).
Фоторецепторлар (жарық энергиямен қабылдайды).
Электрорецепторлар. (электромагнит тер белсенділерін сезеді).
(Амфибийлердің, сүйікті балықтардың, дөңгелек ауыздылардың бүйір сызық
органдарында орналасқан).
Ауыр (ноцицептивті) рецепторлары ауыратын тітіркендірулерді қабылдайды.
Басқадан рецепторлар ауыратын әсерлерді қабылдай алады деп есептеледі.
Рецепторларды басқа да қасиетеріне қарап топтауға болады. Мәселен, тез және
баяу адаптацияланатындар, төменгі және жоғарғы табалдырықтылар т.б.
Анализаторлардың ортақ қасиеттері .

1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай
тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп
атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез
бейімделеді.
3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде,
екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі
күшейеді.
4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады.
Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының
арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.
5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге
болады. Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты
оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінсн белгілі бір
қашықтықта орналасқан заттардың оссрін сезу және контактты (лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни
сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар. Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш
деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне
айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі
өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік - ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік -
ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге
бедерсіз серпіністердің қосылуы.
6. Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Біррайлықтың өзінің
ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық,
мерзімділік және ұзақ тылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-
жақын т. б. болады.
,

Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және
ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты
алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы
анатоми-физиологиялық жүйе, сенсорлық жүйенің
перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық
мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.
Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:
көру мүшесі - көз,
есту мүшесі - құлақ,
дәм сезу мүшесі - тіл,
иіс сезу мүшесі - мұрын,
сипап сезу мүшесі - тері жатады.
Көру анализаторы .
• Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы
таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі
жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң
көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден
шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру
анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ
көру орталықтары жатады. Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние
тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Құрылысы бойынша көру
анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша
құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш
құрылымдар. Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның
қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік,
кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі
химиялық заттар, су, шаң-тозаң т. б. ) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын
түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын
үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан
келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни
дезинфекциялық (фран. дез- - құрту, жою + инфекция — лат. жүқтыру) қызмет атқарады. Көз
жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады.
Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көзалмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз
бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен
ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада).
Есту анализаторы
• Есту анализаторының шеткі бөліміне - ішкі құлақта орналасқан К о р т и
мүшесі, өткізгіш бөліміне - дыбыс жүйкесі, қыртыс бөліміне - самай
тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс
анализаторының ең шеткі бөлімі - құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы
және ішкі құлақ болып. Дыбыс жүйкелері сопақша мида бір-бірімен
түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол
жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген жүйке қозуды оң жақ самайға
өткізеді. Дыбыс анализаторының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай
тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42
аймақтар) зоналардан тұрады . Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең,
ал ассоциативтік зонаның 22 -аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42 -
аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады. Есту орталықтары
Өткізгіш жолдар Рецепторлар
Дәм сезу анализаторы
• Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен
қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл талдағыштың қабылдаушы
бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы
бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл
бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып бөлінеді. Осы
бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашығы, орналасады.
Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа тәрізді болып келеді. Ол бүйірлі,
үршық пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш
жасушалардан тұрады да, тілдің көп қабатты эпителийі бойында
орналасады. Дәм жасушаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер)
болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп
аталатын кішкентай тесікпен ашылады.
Иіс сезу анализаторы
• Иіс сезу анализаторы – негізгі және вомероназальді бөліктерден тұрады.
Бұлардың әр қайсысы үш бөлікке: шеткі (иіс сезу мүшесі), аралық
(өткізгіш жолдары), орталық (гипокампты орналасқан) болып бөлінеді.
Иіс сезу бөлігіне мұрын сүйегінің астын және мұрын пердесінің бетін
тыстап жатқан кілегейлі қабықтың сезімтал аймағы жатады. Иіс сезу
аймағының түсі респираторлы бөлігіне қарағанда ерекшеленген – сары
түсті болып келеді. Вомероназальді (Якобсонов) бөлігінің түрі жұп
эпителиальді түтікше түрінде болып келген, түтікшкнің бір ұшы тұйық,
ал екінші ұшы мұрын қуысына ашылады. Адамда бұл мүше мұрын
пердесінің 1/3 алдыңғы бөлігінің дәнекер ұлпасында орын алады
(сошник пен шеміршек перденің арасында).
Сипап сезу анализаторы
• Сипап сезу (түйсіну) арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен
жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің
сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың
пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі
жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды.
Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында,
алақан менсаусақ ұшында көбірек болады. Тері арқылы суықты,
жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты ұстап, саусақпен
сипағанда тері рецепторларындағы козу миға беріледі.
Назарларыңызға
рахмет !

Ұқсас жұмыстар
ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫ
Есту мүшелері
Дәм сезу анализаторы
Дәм қабылдағыштары
Анализаторлардың ортақ қасиеттері
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары
ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ
Көру кемістігі бар балаларды психологиялық педогогикалық сипаттамасы
Соқырлар - көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар
Дәм сезу механизмі
Пәндер