Мәдениет концепциясы




Презентация қосу
ОБӨЖ №1
Пәні: Мәдениеттану
Тақырыбы: «Мәдениет концепциясы»
Орындаған: Хим-20-1 тобының студенті Еділбаева
Гулбану
Тексерген: Арашова Н
Жоспар:

1.Қоғамдық тарихи мектеп .
2.Мәдениеттану концепциялары.
П.Сорокиннің әлеуметтік теориялары .
3. Освальд Шпенглер және Арнольд Джозеф Тойнби
теориялары.
4. Э.Тайлор теориясы. Л.Уайт теориясы.
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ
САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕР

ХХ ғасырға келетін болсақ, бұл кезеңде
мәдениеттану философиядан тысқары
тұратын, бірақ онымен мәдениет
философиясы арқылы байланысқан жеке
ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Мәдениет философиясынан мәдениеттануға
көшу – мәдениеттің тоқырауын түсінумен және
адам мен табиғаттың үйлесімділігі
бұзылғанын ұғынған уақытта жүзеге
асырылады .
ХХ ғасырда өткен кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі
жетістіктердің негізінде бірнеше мәдениеттану мектептері
қалыптасты. Олар:

Қоғамдық-тарихи Натуралистік
мектеп мектеп

Социологиялық Рәміздік мектеп
мектеп
МӘДЕНИЕТТАНУ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.

Мәдениеттанудың 3 концепциялары бар :

Технологиялық

Қызмет концепциясы

Құндылықтар
концепциясы
СОРОКИННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕОРИЯЛАРЫ

Мәдениеттің өзгеше концепцияларын
дамытқан, өз өмірінің көпшілік уақытын АҚШ-та
эмиграцияда өткізген орыс социологі әрі
мәдениеттанушысы П.Сорокин (1889 - 1969) еді.
П.Сорокиннің ойынша, тек құндылықтар ғана кез
–келген мәдениеттің тірегі мен негізгі ретінде
қызмет атқарады. Құндылықтардың мұндай
үстемділік ерекшеліктеріне байланысты барлық
жоғарғы құрылымды мәдениеттер үш типке
бөлінеді : идеациональдық, идеалистық және
сезімдік .
ОСВАЛЬД ШПЕНГЛЕР ТЕОРИЯСЫ

Освальд Шпенглер (1880-1936) - әрі философ , әрі
тарихшы . Өз заманында дүниені дүр сілкіндірген
«Закат Европы» деген еңбектің авторы. Бұл еңбегінде ол
тарихты түрлі мәдениеттердің алмасуы деп қарастырады
Мәдениет саласында жалпы мирасқорлықтың
болуын Шпенглер жоққа шығарады . Ол мәдениетті
тарихи тұрғыдан 8 түрге бөледі . Олар :

Египиттік Үнділік Вавилондық

Қытайлық Антикалық Исламдық

Батыс Орталық
Европалық Америка
АРНОЛЬД ДЖОЗЕФ ТОЙНБИ ТЕОРИЯСЫ

Арнольд Джозеф Тойнби(1889-1975) ағылшынның
тарихшысы, социологі , 12 томдық «Исследования истории»
(1934-1961) деп аталатын көлемді еңбектің авторы.
Алғашқы кезде Тойнби Шпенглердің ықпалымен өркениет
шеңберіндегі адамзат дамуын ғылыми ой елегінен өткізуге
тырысып, «өркениет» терминін «мәдениет» ұғымын
синоним ретінде қарастырды . Тойнби тарихты бір - бірімен
генетикалық аз бір уақытта жүйелі түрде дамитын
өркениеттердің жиынтығы деп қарастырды . Өз
еңбектерінде нәсілдікшілдік пен «еуроорталықтарды» батыл
сынай отырып , Тойнби ұлт - азаттық қозғалыстарды
жақтайды, дүниежүзі халықтарының арасындағы
ынтымақтастық пен өзара түсінушілікті батыл қолдайды .
ТАЙЛОР ТЕОРИЯСЫ

Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың
бiрi ағылшын тарихшысы Э. Тайлордың «Ертедегi
мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж.) кiтабы
болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық
материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы)
мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк
жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр
бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның
қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл
практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл
табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген
тұтас көрiнiсiн бердi.
ЛЕСЛИ УАЙТ ТЕОРИЯСЫ

“Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы
зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы ойлаудың даму
феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа
енгiзу кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ
мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы
ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін
қолданудың негізін қалады. (Л. Уайттың негiзгi еңбегi осылай
аталады). Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше
объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды.
Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет”
өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен
тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей
объектiсi адам емес, мәдениет болады».

Ұқсас жұмыстар
Семинар жоспары
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Бюрократияның түсінігі және ерекшеліктері
Мәдениет философиясы
Корпоративтік мәдениет
Психиканың перцептивті сатысы
Тарихтың үздіксіздігі Мәдениет пен ретінде қоғамдық өркениеттің прогресті жоққа қарсы тұруы
Мәдениеттің көшпелілік типтері
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Ұтымды тамақтану. Салмағы артық адамдардың тамақтану принциптері
Пәндер