Жасушаның молекулалық биологиясы


Slide 1

Жасушаның молекулалық биологиясы

Орындаған Шакибаева А

115б ОМ 1 курс

Тексерген Айгерім Тұрарбекқызы

Slide 2

Жасуша теориясы (клеточная теория) ; (гр. teoria cellulae cellula - жасуша және теория) - жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады

Slide 3

Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж. ) жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюлла“- “жасуша” деп атады.

Slide 4

Жасушаның ашылу тарихы

1609 ж Г. Галелей

микроскопты құрастырды

1665 ж Р. Гук микроскоппен

жасушаның майда ұяшықтан

тұратынын көрді.

Жасуша терминін қолданды

А. Левенгук қан құрамындағы

эритроциттің бір жасушалы

екенін анықтады.

1831 ж Р. Броун

өсімдік жасушасын ашты

1839 ж Я. Пуркине

жасуша ішіндегі

сұйықтық протоплазманы

тапты.

Slide 5

Жасуша теориясының қалыптасуы

Ботаник М. Шлейден зоолог Т. Шванн өсімдік пен жануар жасушасын салыстырып, олардың ұқсастықтарын тапты.

Нәтижесінде жасуша

теориясының

негізін қалады.

1858 ж Р. Вирхов “әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады” деген қорытындыға

келді.

Slide 6

Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж. ) . Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты.

Slide 7

Жасушаны зерттейтін ғылым. Цитология -грекше: цитос-жасуша, логос- ғылым.

Салалары

Цитология

Цитохимия

Цитогенетика

Цитоэкология

Молекулалық

Биологияның

бір саласы

Клеткадағы нуклейн

қышылын зерттейді.

1870 ж Мишер лейкоцит

ядросынан нуклейн

қышқылын тапты

Тұқым қуалаушылық

пен өзгергіштік

заңдылықтарын жасуша

деңгейінде зерттеуге

мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаның бұзылуына

байланысты жасуша

құрылымының өзгеруін соның

салдарынанаурудың алдын алу

шаралары қарастырылады.

Slide 8

Өсімдік жасушасы протоплазмасындағы ядроны ағылшын ботанигі Р. Броун (1773 - 1858) ашты (1830) . Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны жасуша құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М. Шлейден (1804 - 81) . Шлейден теориясын одан әрі талдап, Клетка теориясысын құруда неміс зоологы Т. Шванның (1810 - 82) еңбегі зор болды. Ол жануарлар мен өсімдік жасушасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екенін анықтады.

Клетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен жасуша бөлінуі ашылуына байланысты болды. 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р. Вирхов (1821 - 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, жасушадағы ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді.

Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін жасуша ядросы басқаратынын Э. Геккель анықтады (1866) . 1970 - 80 ж. барлық жасушалы ағзаларға тән жасуша бөлінуінің тәсілі митоз ашылды. Қазіргі кезде Клетка теориясы көп жасушалы азғалар бірлескен жеке жасушалардан тұрады және олардың өзара байланыстылығынан ағзаның тұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастық қасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктерде жасушалардың цитоплазмалық байланысы арқылы жүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі - жасуша екендігін одан әрі дәлелдей түсті.

Slide 9

Жасуша теориясының қағидалары:

1. Жасуша -барлық тірі ағзалардың ең кіші өлшем бірлігі .

2. Әр түрлі ағзалардың жасушалары құрылысы, құрылымы, химиялық құрамы зат алмасуы негізгі тіршілік әрекеті жөнінен ұқсас.

3. Ағзалардың жасуша құрылыстарының ұқсас болуы -өсімдік пен жануарлардың шығу тегінің бар екенін дәлелі болып табылады.

4. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.

5. Жасушаның негізгі құрылымдық бөлігіне цитоплазма және жасуша мембранасы жатады.

6. Көп жасушалы ағзалардың жасушаларының ең негізгі бөлігі -ядро, тұқым қуалау аппараты сақталып келесіұрпақтарға беріліп отырады.

Slide 10

Тірі ағзалар жасушалары жетілуіне байланысты

Прокариоттар

ядросыз жасушалар

Эукариоттар

ядролы жасушалар


Ұқсас жұмыстар
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы туралы
Қараңғы өріс микроскопиясы
Жасанды қоректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы
ЖАСАНДЫ ҚОРЕКТІК ОРТАДА ӨСЕТІН ӨСІМДІК КЛЕТКАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯСЫ
Онкогенетика
Қартаюдың молекулярлы – генетикалық механизмдері. Биологиялық жүйенің сенімділігі
Ісік промоциясы
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Теломералар - эукариотты хромосомалардың шеткі ұштары
Жасушалық цикл туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz