Онтология мен метафизика


Slide 1

Болмыс. Онтология мен метафизика

Орындаған: Қанатбеков Бексұлтан ИС 19-1

«Тұран Астана» университеті

Slide 2

ЖОСПАР

Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.

Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және биболмыс мәселесі.

М. Хайдеггердің адам болмысының заттар дүниесіне жинақталуы мәселесі.

Адам болмысының экзистенциялары. Қорқыныш, қасірет шегу, бақытсыздық феномені. (А. Шопенгауэр) .

Slide 3

Болмыс - санадан тыс,

тәуелсіз объективті әлем,

материяның тіршілік етуін

білдіретін философиялық

ұғым.

Slide 4

ОНТОЛОГИЯ

(грекше on, ontos - болмыс,

logos - ілім)

Бұл термин

философия тарихында

ХҮІІ ғ. бастап қолданылады.

Бірақ жалпы болмыстың

және ол туралы

философиялық ойлардың

қалыптасуы

өте ерте кезеңнен басталады.

Болмыс мәселесі -

діни иллюзиялардан

бас тартқан

философиялық

рефлексиялардың бірі.

Slide 5

Р. Гоклениус

(“Философиялық лексикон”,

1613)

“Онтология” терминін енгізген

И. Клауберг

(“Онтософия”,

1656)

Практикалық қолданыста

ұғымды негіздеген Христиан Вольф.

Slide 6

Шығыстық мәдениетте болмыс мәселесі шынайылық пен өткіншіліктің баламасы ретінде Үнділердің «Ригведа» гимндерінде талданады.

Әлем мен адам тұрақтылығының кепілі - универсалды, толыққанды, абсолюттік ақыл-ой.

Абсолюттік ақыл-ой - абсолюттік болмыстың бейнесі.

Slide 7

Болмыс сезім мен ақыл-ой арқылы қабылданбайтын, аскеттік мәнге ие - Брахман.

Брахман - жалғыз, мәңгілік, ол бір мезетте мәнді де мәнсіз, мәңгілік әрі шексіз, өлшенбейді өлмейді, бұзылмайды әрі жоғалмайды, ол бүтін әрі тұтас.

Slide 8

Парменид: “нағыз болмыс - ақыл-оймен игерілетін, бүтін, тұтас және әрқашан бар”.

Антик мәдениетінде болмыс адам мен әлемнің ара қатынасын,

әлемдегі адамның орнын іздеуден бастау алып,

адамның ақыл-ойына тәуелді нақты әрі шынайы болмыс болып қалыптасты.

Парменид (540/539)

Slide 9

Левкипп пен Демокрит

болмыс ұғымы ретінде атомды ұсынды.

Олар әлемді «болмыс» және «биболмыс» деп екіге бөлді: “болмыс” - өздеріне тең атомдар болса,

“биболмыс” - бос кеңістік деп атады.

Slide 10

Платон “идеалдық әлем” болмысы ойын ұсынып, болмыс парадигмасының екі жағын ашты:

“Феноменалды болмыс”

- пайымдау арқылы жетуге болатын көрінетін деректі болмыс;

“Метафеноменалды болмыс”

- көрінбейтін, түсінілмейтін, дерексіз болмыс.

Slide 11

Аристотель: “метафизика - ойдың эмпирикалық әлем шеңберінен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге ұмтылуы”.

Ол милеттіктерден Платонға дейінгі философиялық ой дамуы бағытын түйіндей отырып, метафизиканың 4 анықтамасын берді:

Бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін зерттеу;

Болмысты тану;

Субстанция туралы білім;

Құдай туралы білім.

Slide 12

Метафизика - бастапқы себептер туралы білім:

Формалды;

Материалды;

Әрекеттік;

Финалдық.

Slide 13

метафизикалық

зерттеу

логикалық

зерттеу

Slide 14

Плотин бойынша:

Плотин Нусты, яғни әлемдік рухты құрайтын «меон» ретінде көрсетеді.

Тұтастық - болмыс пен интеллектен

жоғарғы тұрған материалдық

емес шексіздік.

Ол - барлығының бастауы және

потенциалдық формадағы

барлық мәнділіктің жоғары

концентрациясы.

Slide 15

Ал

Гегельге дейін болмыс тұрақты субстанция, абстрактылы

жалпылық және тұлғасыз каузалдық

ретінде пайымдалды.

Гегель болса болмысты тарихи қозғалысты

жүзеге асыратын субъект-субстанция

деп тұжырымдап, оған аластатылған

күйдің субъекті және формалдық

түзілімдердің сыртқа айналған

шынайы субъекті -

Абсолюттік идея деп анықтама берді.

Slide 16

Болмыс мәселесі:

Антик философиясында космоцентристік;

Ортағасырда теоцентристік;

Жаңа дәуірде ғылыми сипатқа ие болды.

Гегельше - болмыс формаларын жіктеп сапа, сан, өлшем формаларына бөлді.

Slide 17

Батыстық өркениеттің кеңістіктік-уақыттық өсуі адамзаттың белсенді әрекеті шекарасын кеңейту қажеттілігін барған сайын алға тарта отырып, табиғи және әлеуметтік әлем туралы идеяларды негіздейтін жаратылыстанымдық-ғылыми және философиялық концепцияларды дүниеге әкелді.

Субстанция - абсолюттік бастауды, түпнегізді бейнелеу үшін қолданылатын ұғым.

Slide 18

БЕНЕДИКТ СПИНОЗА:

«Мен, субстанцияны

өзімен-өзі өмір сүретін,

яғни басқа нәрседен түзілетіндей

өзге затпен салыстыруға

келмейтін нәрсе деп түсінемін»

Slide 19

Француз және ағылшын философтары әлемде адам өмір сүруінің қажетті шарты “табиғат”, ал табиғаттың онтологиялық негізі субстанцияның алуан түрлі көріністерінің бірі ретіндегі материя деп тұжырымдады.

Slide 20

Маркс бойынша:

қоғамдық болмыс - қоғамның материалды өмірі, әлеуметтік өмірдің онтологиясы.

Slide 21

Философ В. П. Тугариновтың пікірінше:

Б О Л М Ы С -

органикалық емес құрамдастардың

өмір сүруі болып табылатын

“органикалық емес” әлем,

“органикалық” әлем - өмір түрінде,

ал қоғам - өмір қамының

нақты процесі ретінде

К Ө Р І Н Е Д І.

Slide 22 Slide 23
Ұқсас жұмыстар
МЕТАФИЗИКА ОНТОЛОГИЯ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Философия пәні, әдістері және қызметтері
Ежелгі заман философиясы
ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ БОЛМЫСТЫҢ ЖАНА
Материалдық болмыс
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
Философия дүниегекөзқарастың тарихи түрі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz