Имиджінің түсінігі және басқарудағы оның ролі
Презентация қосу
Орындаған: Қанатбеков Бексұлтан ИС 19-1
ЖОСПАР
Имиджінің түсінігі және басқарудағы
оның ролі.
Қазіргі нарық жағдайында имидж
және бедел.
Басшы имиджі.
Имиджмейкингтің негіздері
«Имидж» ағылшын тiлiнен шыққан сөз. Яғни, бет бейне, түр-тұрпат
немесе кескiндеме дегенді білдіреді. Белгiлi бiр кәсіпорынның тауар
таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай
бағаланып, қадірленуіне байланысты іс әрекеттер, осының барлығы
имиджге жатады. Кәсіпорын өз беделін көтеру үшін атқарушы
қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, кешенді шараларды
жүзеге асыруға ұмтылады. Сондай-ақ жұмыс тәсіліне баса назар
аударады.
Сол арқылы өз бейнесін жұртшылық күткен деңгейге келтіруді қолға
алады. Қоғамдық пікірді ұйымдастыру барысында маркетинг тәрізді
аудиторияның мұқтажы мен талап-тілектерін, психологиясын білу
қажет болса, коммуникация саласында ептілік, адамдардың
көзқарасына әсер ететін бағдарлама жасап, оны іске асыруға
қабілеттілік талап етіледі. Маркетинг пен қоғамдық пікірді
ұйымдастыру арасындағы ұқсастық бірқатар кәсіпорындарда бұл екі
функцияның біріңғай басқаруға бірігуіне алып келеді.
Кәсіпорындарда маркетингтің қазіргі бейнесін бағалауды және оны
жақсарту жөніндегі бейнені қалыптастыру жоспарын жасауды талап
етеді [1].
Фирма имиджінің құрылымы төмендегілерден
құралады:
1)тауар имиджі;
2) тауарды пайдаланатын
тұтынушылар имиджі;
3) фирманың ішкі
имиджі;
7) фирманың әлеуметтік имиджі;
8) Фирманың бизнес имиджі.
Персонал имиджі. Персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор,
себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі
қарай дамуына мүмкіншілік береді. Кәсіпорын қызметкерінің сырт бейнесі, қызметкерлердің
мінез-құлқы, өздерін ұстай білуі, әдептілік танытуы, қошемет білдіруі, клиентпен сөйлесе
білуі және оның қажеттіліктерін анықтауға тырысушылық қабілеті, клиенттің
қарсылықтарымен, күмәнділіктерімен жұмыс істей білу және сұхбатты аяқтау фирма
имиджін қалыптастыруда зор рөл атқаратыны сөзсіз.
Жұмыс тобының психологиясы – бұл ұжым мүшелерінің қалыптасуы және қызмет етуі
процесінде пайда болатын нақты әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың жиынтығы.
Оған моральді-психологиялық климат (жағдай), қарым-қатынас тәсілдері, қоғамдық пікір
және көңіл күй, салт-дәстүрлер, жетекшілік проблемасы, топішілік қақтығыстардың мәні
және т.б. жатады
Жұмыс тобының маңызды сапалық сипаттамасы болып оның жетілуі (кемелденуі) болып
табылады. Ол жалпы құндылықты бағыттар негізінде оның мүшелері арасындағы берік
формальді емес байланыстармен сипатталады. Бұл кезде жеке келіспеушіліктер тез
жойылады, тәртіп саналы сипатты иеленеді, өз ұжымы үшін мақтаныш сезімі пайда болады,
тұрақты әдет-ғұрып қалыптасады.
Қызметкерлер өздерінің шығармашылық потенциалын білдіруге мүмкіндік алады, қойылған
міндеттерді шешуге құлшыныспен араласады [3].
Ұйымның визуалды имиджi. Ұйымның визуалды (көзге көрініп тұрған) имиджi – саудалық
және демонстрация залдарының, кеңсенiң интерьер және экстерьерiнің безендірілуін,
қызметкерлердің бет-бейнесi, киімдері және фирмалық стиль элементтерін
тұтынушылардың сезінуі, көруі. Фирманың визуалды имиджіне эстетикалық, психологиялық
және этникалық факторлардың әсері мол.
Қазіргі кезеңде мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде
ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында да
толыққанды мүдделес әріптес болуы керек. “Әлеуметтік жауапкершілік
тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін
жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек
бизнестікі”, – деп атап көрсетті Президентіміз Н. Ә. Назарбаев және түрлі
нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік саланы қолдауға ықыласын арттыру
мақсатында өз Жарлығымен жыл сайын берілетін “Парыз” сыйлығын
белгіледі.
Кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне қарай халықтың әлеуметтік жағдайына
қарайласып отыруы дүние жүзі бойынша практикаға кең тараған құбылыс.
Бірақ, мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың
мәжбүрлеуімен немесе талап етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы
билік органдармен меморандумдарға қол қою арқылы атқарылса, нәтиженің
де қомақты болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, дүние жүзінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
демеушілік пен қайырымдылық көмек көрсетумен шектелмейтінін көріп
отырмыз. Ал халық тұрмысына қатысты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге
асыруға белсене араласу, бизнес қауымдастығының өзінің де беделінің
артуына қызмет ететінін ескеру қажет.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар,
зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог
құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен
тәуекелді басқаруға да әсер етеді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны
жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы
серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша
тиімді тәсілі.
Аталмыш қызметтің негізгі аспектілерінің бірі болып аймақтық нарықта әрекет
етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі
тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік
қарым-қатынастар орнату табылады..
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz