Тұлғаны зерттеу әдістері


Slide 1

Тұлғаның жеке қасиеттері. Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні. Тұлғаның жеке қасиеттерінің мотивтері

Орындаған: Қанатбеков Бексұлтан ИС 19-1

«Тұран Астана» Университеті

Slide 2

Жоспар: 1. Тұлға туралы түсінік 2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары 3. Тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдері. 4. Тұлғаны экспериментальды-психологиялық зерттеу әдістері.

Slide 3

Тұлға-әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі.

Slide 4

Адам - бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану жөне өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән. Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "тұлға" ұғымымен түсіндіреді.

Slide 5 Slide 6

Психологияда "адам" және "тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түріңде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.

Slide 7

Тұлғаның өзіндік ерекшеліктері мыналармен жақсы байқалады:

Slide 8

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды. Мотивтер дегеніміз іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сөйтіп мотив түрінде алуан түрлі жайлар көрініс береді.

Slide 9 Slide 10

Қызығу-тұлғаның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес.

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Э. Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін) ; 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас) ; 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы) ; 5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы) ; 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы) ; 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы) ; 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары) . Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен

Slide 14 Slide 15

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторларын екі үлкен топқа бөлуге болады:

1) Әлеуметтік - әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени аспектісінің бейнеленуі мен сол мәселенің тарихи, мәдени, этникалық ерекшелігінің қамтылуы.

2) Жеке тұлғалық - тұлғаның өмірлік жолын белгілейтін кезеңі.

Slide 16 Slide 17

Тұлғаны зерттеу әдістері

Жеке тұлғаны психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және ақыл-ой сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру үшін жүзеге асырылуы да мүмкін.

Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:

- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;

- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;

Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін сынақтарына жататын тәсілдер:

- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI) ;

- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО) ;

- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы) ;

- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;

- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.

Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу - психофизиологиялық зерттеулердің соңғы кезеңі болып табылады

Slide 18

Тұлғаның танымдық мүмкіндігі - оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние жөніндегі білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.

Тұлғаның құндылықтық мүмкіндігі - оның ізгіліктілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы мен оның өзіндік санасы жөнінде әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында, көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында ашылып, көрінуі.

Slide 19

Тұлғаның шығармашылдық мүмкіндігі - ол қабылдаған және өз бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық, өнім беру немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.

Тұлғаның қарым - қатынас мүмкіндігі - оның басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу, байланыс түзу әрекеттерінің сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.

Slide 20

Тұлғаның көркемөнерлік мүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая, ашылады.

Slide 21

Назарларыңызға көп рахмет


Ұқсас жұмыстар
Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы
Сауалнама әдістері
Психологиялық зерттеудегі тәжірбиеші мен зерттеуші ролі
Жеке тұлға
ПСИХОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдері
Тәрбие принциптері
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ - ПСИХОЛОГИЯДА
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БІЛІМ
Пассивті әдістер Активті әдістер Интербелсенді әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz