Саяси кепілдіктер


Slide 1

Тақырыбы: «Жеке тұлғалардың конституциялық құқықтық мәртебесі»

Slide 2

Жеке адамның құқықтық мәртебесі

Жеке адамның құқықтық мәртебесі деп мемлекетпен азаматтық арқылы байланыстығы адамның құқық, бостандық және міндеттерін пайдалануда, іс жүзіне асырудағы жағдайларын айтады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бабы. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. » - деген құндылықтарды жариялайды.

Slide 3

Адам құқықтары мен бостандықтары

Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары.

Slide 4

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жинақтап 3 түрге бөлеміз:

1) жеке құқықтар мен бостандықтар;

2) саяси құқықтар мен бостандықтар;

3) әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар.

Slide 5

Жеке құқықтар мен бостандықтар

Оларды кейде азаматтық құқықтар мен бостандықтар деп те атайды. Жеке құқықтар мен бостандықтар әркімнің құқығы болып табылады және адамның мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.

Slide 6 Slide 7

Саяси құқықтар мен бостандықтар

Олар мемлекеттің азаматтығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады

Slide 8 Slide 9

Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар

Адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.

Slide 10 Slide 11

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері - бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар.

Slide 12

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерінің түрлері :

әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер;

саяси кепілдіктер;

заңи кепілдіктер.

Slide 13

Әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер.

1. Әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер адамдардың құқықтар мен бостандықтарды еркін пайдалануын қамтамасыз ететін тиісті орта мен материалдық негіздің болуын анықтайды - мысалы, әлеуметтік тұрақтылық, дамыған экономика, өндірістік күштердің болуы, қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіктеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін мекемелер жүйесінің болуы т. б.

Slide 14

Саяси кепілдіктер

2. Саяси кепілдіктер - адамдардың еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған мемлекеттің саясаты - саяси тұрақтылық, саяси құрылымдардың тұрақтылығы мен олардың азаматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениетінің тиісті деңгейі, т. б.

Slide 15

Заңи кепілдіктер

3. Заңи кепілдіктер - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар. Нақты айтсақ, әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі; құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттің қорғау міндеті, құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың өзінің қорғау механизмінің болуы (арыздану, БАҚ-на жолдану, т. б. ), соттық қорғау, халықаралық қорғау, зиянды өтеу т. б. Құқықтар мен бостандықтардың заңи кепілдіктері жеке адамға берілген бірқатар құқықтарда да байқалады.

Slide 16

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ДЕМОКРАТИЯ ТЕОРИЯЛАРЫ
Заңдылықты қоғамдық тәртіп пен ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтары
ҚР ҮРДІС АЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІ
Қазақстан мемлекетін орнату
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы - тарихи естеліктерді құрметтеу, қадірлеу және қорғау бағдарламасы
Жалақының мөлшері
Азаматтық қоғамның қалыптасының теориялық кезеңдері
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл
Қазақстандағы орта тап
Қазақстан ядролық қарусыз аймақ болу жолында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz