Болмыс ұғымы




Презентация қосу
Тақырыбы:
«Болмыс»
Болмыс ұғымы
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі
əрі маңызды категорияларының бірі. Ол
жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру»
проблемасын қамтиды. Бар болудың қарама-
қарсы ұғымы, əрине, жоқ болу. Ендеше,
болмыс туралы айтқанда болмыссыздық
ұғымын қоса еске алған жөн. Олар өзара
тұтастықта, ажырамас ауыспалы
диалектикалық байланыста.
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш
пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне
грек ойшылы Парменид (б.з.б. VI-V) еді. Оның
пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір
сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу –
болмыссыздық.. Парменид әлемнің болмыс есебінде
тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең
бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл
бөледі.
Неміс классикалық философиясының аса ірі өкілі Г.
Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп
тұжырымдады. Платон арнасын жалғастыра отырып,
болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан
келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына
диалектикалық сипат беріп, даму процесінде
қарастырды. К. Маркс пен Ф. Энгельс философияға
«қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа түсінік енгізді.
Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы
объективті заңдылықтарға бағынады және
оның материалдық негізі бар, деп
тұжырымдады олар.
Болмыстың 3 мәні және 4 формасы бар.
1 Мәні : 1 – болмыс – болу, бар болу, өмір сүру.
2 Мәні: болмыс мәселесі өмір мен өлім мәселесі
сұрақтарын қарастырады.
3 Мәні: дүниенің бірлігң мәселесі. Дүние көп түрлі,
ал осы көп түрліліктің бірлігі бар ма? Екі жауап
беріледі: «Иә» не «Жоқ». «Иә» деп материализм,
идеализм, біртұтас дүниеге көзқарастағылар жауап
береді..
Материалистер дүниенің бірлігі оның
материалдығында, яғни, оның объективтік
өмір сүруінде. (адамнан тәуелсіз).
Идеалистер дүниенің бірлігі ойлаудан тұрады– біз
ойлаймыз дүние бірлікте. Ол туралы Энгельс
әзілдеп былай деді: біз етік щеткасын сүт
қоректілермен бір қатарға қойсақта оның сүт бездері
өсіп шықпайды. Біртұтас дүниеге көзқарастағылар
дүниенің бірлігі оның материалдығының және
руханилығының бірлігінде деп түсіндіреді.
«Жоқ» - деп дуализмдегілер жауап берді. Декарт екі
субстанцияны – табиғат пен Құдайды қарастырады,
сол себепті дүниенің бірлігі болмайды.
4 болмыстың түрі: дүние, сана, адам, қоғам.
1) Дүние болмысы екі деңгейде: 1 деңгей – бірінші
табиғат болмысы, ол объективті сипатта, адамзаттан
және адамнан тәуелсіз.
2 деңгей – болмыстың 2ші деңгейі адам келбетті
табиғат, объективті-субъективті-әлеуметтік сипатта.
Адам жасаған әлеуметтік дүние туралы.
2) Сана болмысы 2 деңгейде: 1 деңгейде – индивидтің
жекеленген санасы. Ол қоғамдық сананы тудырады.
2 деңгей- объективтірілген сана- қоғам
санасы, ол субъективті- объективті сипатта.
Болмыстың 3 түрі – адам болмысы, ол да 2 деңгейде
өмір сүреді. 1 деңгей- адамның физикалық
болмысы, оның тән саулығы. 2 деңгей – жандық –
руханилық. Ол жан және рух ұғымдары арқылы
түсіндіріледі. Жан – адамның дүниеге деген
психоэмоциялық қатынасы. Жанның 3 түрі бар –
романтикалық (дүниені сұлу не сұрықтыс ретінде
қарастырады), адамгершілік(дүниені мейірімді не
зұлым ретінде түсінеді), прагматикалық
(ситуациялық).
Рухтың 3 түрі бар. Рух – адамның дүниеге
теориялық қатынасы. Рухтың 3 түрі:
Эстетикалық(дүниені сұлу не сұрықсыз деп
түсінеді), Этикалық (дүниені мейірімді не зұлым
ретінде түсінеді), ғылымилық (дүниені мейірімді не
зұлым ретінде нақты жағдайды есепке ала отырып
түсінеді).
Адам руханилық пен материалдықтың бірлігі.
Болмыстың 4 түрі – қоғам болмысы екі деңгейде
өмір сүреді: адам болмысы индивид ретінде –
жалпы қоғам тұрмысы мен болмысы – ол
материалдық құндылықтарды өндіру
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Табиғаттың болмысы
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Дүние болмысы екі деңгейде
Онтология мен метафизика
Әлеуметтік болмыс
Адам және қоғам болмысы
Адамның танымдық мүмкіндіктері және білім табиғаты туралы Демокриттің ілімі
Материалдық болмыс
Парменидше дүние қозғалмайтын және тұтасынан толтырылған шар сипаттас
Құндылық түрлері
Пәндер