Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі - өнеге бола білуінде




Презентация қосу
SILKWAY
ХАЛЫҚАРАЛЫ
Қ
УНИВЕРСИТЕТ
ТОБЫ:116-91
І
ОРЫНДАҒАН:КУРБАНОВ
АЛ БУХАРИЙ
ҚАБЫЛДАҒАН:САУРАНБЕКОВА
ГҮЛНАЗЫМ
ТАҚЫРЫП:ПЕДАГОГИК
АЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ КӘСИБІ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТІ
Педагог шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар
жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын
тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті,
білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық
техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық
шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман
мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен
оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен
теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп
ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман
оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір
қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым –
қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау
немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы
бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру,
шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете
білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз
шебер болуы керек.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей
танылады: бірінші жағы, баланы қалай,
қалайша оқыту үшін оның психологиясын
білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу
және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы
талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі
қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз
өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен
таныс, даңқты педагогиканың іс-
тәжірибесін оқу үйрену арқылы
педагогикалық шеберліктерді танып-
біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа
жағдайда жаңа форма-әдістермен
жандандыра отырып, өз ісімізде
басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана
Педагогикалық шеберліктің негізгі
белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды,
кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік,
педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай
мектепте білім берудің жаңа саласына
жету – мұғалімнің мейірімділігімен,
білімімен, шеберлігімен тығыз
байланысты. Өз мамандығына жан–
жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық
этиканы да, ұстаздық техниканы да,
шеберлікті де жақсы меңгереді
Педагогикалық шеберлік негізі бұл
адамның жеке басының таланты мен осы
талантты дамытуға бағытталған қажырлы
еңбегі болып табылады. Әрбір маман
шебер болып туа бермейді, бірақ
еңбектену барысында шебер болуға
болады. Мұғалім мамандығының басты
ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнеге бола
білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы
үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру
керек. Шебер мұғалім атанудың алғашқы
қадамы -жоғары оқу орынында басталады,
студент өзінің пәнін жетік білуі керек,
яғни теориялық материалды терең
меңгеруге және оны нақты практикада
Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз
талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген.
Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кенейту арқылы
өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдан
алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру
және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың
балама жолдарын ұсынады:
- адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;
- өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;
- өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу,
философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;
- мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе
сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге
жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;
- өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып,
мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет
ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге
балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр
педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері,
жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен
өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе
балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен
тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық
шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық
іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және
адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің
өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір
педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол
жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана
емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам
мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз
байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын
қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр –
сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», –
айтады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық
талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын
қаншама жетік білгенмен,
педагогикалық әдептің қыр – сырын
меңгермейінше бұған оның оның қолы
жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберліктің
негізі – балалардың өз еркімен
дамуына жол ашу, оқу – тәрбие
процесінде оқушылармен
педагогикалық
ынтымақтастықтар жұмыс
атқарудың формаларын,
әдістерін дамыту, шәкіртке
деген қамқорлық пен
сүйіспеншілікті арттыру
педагогикалық шеберліктерінің
НАЗАР
АУДАРҒАНЫҢЫЗ ҮШІН
РАҚМЕТ

Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ
Басқару мәдениеті мен этикасы
Тәрбие әдістері және құралдары
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
БАСҚАРУ ШЕШІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЛҒЫСӨЗ
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Тәрбие сағатының толық нұсқасын даярлау
Пәндер