Ислам дәуірі әдебиеті



Орындаған:Курбанов Ал-Бухарий Қабылдаған:Раймбекова Халида Пәні:Ежелгі дәуір әдебиеті

Ислам дәуірі әдебиеті
Қаралатын мәселелер:
1. Орта ғасырлардағы Араб халифатының ықпалындағы түркі тектес халықтар әдебиеті мен мәдениеті.
2. Ислам дәуірінде қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар және әдебиет.
3. . Оғыз-қыпшақ, шағатай тілдерінде аралас жасалған әдебиет.
4. Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл- Жауһари.
5. Жамал Түркістани, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иассауи, т. б.

Орта ғасырларда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. Осы мәдениетті жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астындағы елдер де болды. Ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғұлама ғалымдар шықты: Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иассауи, т. б. Бұдан кейінгі ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қазіргі Қазақстан жеріндегі түркі тайпалары Алтын Орда мемлекетінің қоластына бірікті. Бұл мемлекетгің құрылуы қоян-қолтық араласа тіршілік құрған түркі-монғол тайпаларының бірінен шыққан Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты болды. Алтын Орда мемлекетінде түркі халықтары аралас өмір кешкендіктен, әдебиеті де сол аралас оғыз-қыпшақ, шағатай тілдерінде жасалды. Сол кезден бізге жеткен ескерткіштердің таза бір тілде жазылғаны кездесе бермейді. Сондықтан да, ол мұралар - қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек сияқты т. б. түркі халықтарының ортақ қазынасы болып табылады.

Араб халифатының құрылуы, Ислам мәдениетін жасаудағы қазақ жерінен шыққан ғалымдар мен ақын-жазушылардың орны. Мұсылман мәдениетінің көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқьлы Еуропалық Оянушылықтың негізін жасағандығы. Ислам дінін таратудағы Мұхаммед пайғамбардың рөлі.
Құран - адамзат мәдениетінің ірі ескерткіштерінің бірі. Құрандағы ежелгі шығыс мифологиясы.
Орта ғасырда Араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мүсылман мәдениеті жасалғандығы.

Сыр бойы мәдениеті. Қалалары. Жібек жолы туралы түсінік. Отырар, Сауран, Испиджаб, Баласағұн, Тараз шаһар-кенттерінің мәдениет-әдебиет дамуындағы рөлі.
Әл-Фараби. Өмірі, шығармашылығы. Әл-Фараби және музыка. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі. Бүл күрделі еңбекте музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, жеке дауыс пен көп дауысқа айналу құбылысын талдағандығы. Тоғыз шекті музыка аспабы туралы тұжырымдары. Осы еңбегінің Еуропада музыка тарихынан көптен оқытылып келе жатқандығы.
Әл-Фарабидің грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид еңбектерін араб тіліне аударын, дамытуы. «Жоғарғы табиғаттану негізі» еңбегі. Шығыс пәлсафасының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан шығарма екендігі. «Бүкіл ғалам нұр - сәуледсн пайда болды» деген ойы.
Әл-Фараби ойшыл. Әл-Фараби және Абай. Екі алыптың көзқарасындағы ұқсастықтар: «Адамзат өз мекенінде тәртіппен, жарастықты жәрдеммен, үнемділік өлшеммен, ынсаппен өмір сүруі керек» деген тұжырымы. Әл-Фараби және математика. Әл-Фараби - әдебиеттің тегі мен түрін зерттеуші. «Өлең өнерінің қағидалары» трактаты. Әл-Фараби - ақын. Өз тұстарының бағалауы. Өлеңдері. Еңбектерінің зерттелуі. А. Машанов, А. Көбесов, А. Қасымжанов, т. б. ғалымдардың еңбегі. Фарабитану ғылымының қалынтасуы. Қорытынды: Әл- Фараби - әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ғалым.

Ахмет Йасауи. (XII ғ. ) . Ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, діни ағартушы, жаңа сопылық ағымның пірі.
Өмірі. Шығармалары. Ақынның ұстаздары - Ақата, Арыстан баба.
«Хикметтер» кітабы адамгершілік, ізгілік жолына үндейтіндігі, күпірліктен сақтандыратындығы. Дінді құрметтеу, имандылық, адамшылық мәселесі. Йасауидің даналық ойларының Баласағұни мен Абай пәлсафасымен үндестігі. Ол ойлардың бір арнадан тарағандығы. Өсиет-өнегелік мәні.
Йасауи - ойшыл. Сопылық дүниетамның мағынасы. Негізгі ойы - адамның Аллаға шексіз махаббаты екендігі. Йасауи «Хикметтеріндегі» ғашықтық, Алланы сүю, жаратушыға іңкәрлік мағынасында берілетіндігі.
Йасауи «Хикметінде»: Алланы тану адамның өзін-өзі тануы үшін қажеттігі. Мұхаммед пайғамбар мен төрт сахабасын мадақтауы. Өмір мен өлім толғаныстары. Жер астына түсу себебі. Йасауи тақуалығының Баласағұни кейіпкері Одғұрмыштың, Шәкәрімнің, Ақан серінің қоғамнан оқшаулануымен байланысы. Йасауи «Хикметтерінің» имандылыққа, адалдыққа үндейтіндігі.

Махмүт Қашқари (XI ғ. ) . Өмірі туралы деректер. М. Қашқари - тұңғыш түркі филологы. «Диуани лұғатит-түрк» сөздігі. Бұл кітаптың қазақ әдебиетіне, тіліне, тарихына, этнографиясына қатысты қайнарлардың бірі екендігі. 6800 түрік сөзіне араб тілінде түсінік бергендігі.
Зерттелуі: Стамбұлдан басылып шығуы (1915-1917) . Неміс, түрік, өзбек, ұйғыр, қазіргі қазақ тіліндегі аудармалары. «Сөздіктегі» ауыз әдебиеті үлгілері: Жырлар, мақал-мәтелдер, оның бүгінгі қолданыстағы қазақ мақалдарымен бірдейлігі. «Қонақ келсе, құт келер, », «Екі бура үйкенісер, ортасында сона жаншылар», «Құрғақ қасық ауызға, құр сөз құлаққа жақпас», «Көсеуі ұзын болса, қолы күймес» т. б. көптеген мақалдардың бүгінге дейін айтылатындығы.
Қашқаридегі насихат - дидактикалық өлеңдер. Сопылық поэзияға тән көзқарастары: уақыттың тез өтпелілігі, қанағатшылдыққа шақыруы, жақсы қасиеттерге ұмтылу. Табиғат суреттері, ғашықтық жырлары.

Жүсіп Баласағұни (XI ғ. ) . Баласағұн (Тараздың маңайы) қаласында туып-өскен Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» (1069-70) кітабымен әйгілі болғандығы. Зерттелуі, аудармалары, басылымдары. «Құтты біліктің» 85 тараудан тұратындығы. ІІІығыс патшаларының көшіртіп алып, оқуы.
Баласағұнидің даналық ойлары: Адам. Оның кемелдену жолдары. Ғылым іздеу, ізгілік, даңқ пен дәулетке мастанбау, әділет жолын қуу, ажал есігіне адамшылықты аттамай кіру т. б. Адамдық қасиеттерді іздеу - ізгілік үшін.
Тіл, білім, қайырымдылық туралы тараулары. Адамгершілік, руханият - «Құтты біліктің» негізгі өзегі.
Кітаптың кейіпкерлері: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Төрт үйлесім, үш тұтастық туралы шығыс ілімі. Кітаптың сұрақ-жауап, диалог түрінде жазылуы.
«Құтты біліктегі» қанатты сөздердің бүгінгі қазақ мақалдарымен ұқсастығы. Хас Хажыптың қызметі мен қасиеттері. Ақындар, көпестер, бітігші, уәзір, елбасы, қазынашының қызметін суреттеуі. Табиғат суреттері.

МАХМҰТ ҚАШҚАРИ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК»
Махмүт Қашқари -ұлы филолог. Махмұт Қашқари - түркі халықтарының түңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты-жөні: Махмұт ибнул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрген ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қашқари Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баласағұн, Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырғанын оқырманға ескерте кеткіміз келеді. Алғаш Қашқар қаласында, сосын Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені - түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашқари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы - Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекен-деген ұланғайыр өлкені аралап шығады. Соның нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы»өмірге келеді.

АХМЕД ИҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІ
Ахмет Йүгінеки (ХІІғасыр) «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы»)
Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йүгінеки еді. Ахмет Йүгінеки (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки) XII ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама-ақын болған. Ақынның туған жері Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек (Югнак) деген елді мекен болса керек. Алайда Югнак деп аталатын қоныс басқа жерлерде де болуы мүмкін деген жорамалдар да бар (4, 7), Ислам дәуірінің атақты ақыны Ахмет Йүгінекидің бізге жеткен жалғыз туындысы - «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы») деп аталады.
«Басқа түркі ескерткіштері сияқты «Ақиқат сыйы» да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнияуи әдебиет көздерін ашып, олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады. Оның қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи маңызы туралы да осыны айтуымыз керек».

СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ «БАҚЫРҒАНИ КІТАБЫ»
Сүлеймен Бақырғани (XII ғасыр)
«Бақырғани кітабы»
Хакім ата (туған жылы белгісіз - 1186 жылы қайтыс болған) сопылық-дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассауишілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көне қамал-қала Бақырғанда туған. Түркі әлемінің ғылым мен өнер ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йассы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жылдар оқып, ислам ілімінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып, «ұлы шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама-ақын Ахмет Йассауидің ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йасси сувиниг ораси, Етур гавхар пораси. Машойихлар сараси, Шайхим Ахмад Йассавий. Қарғиғони қишлоған, Шуңқор, логинушлаган. Сонсиз мурид бошлаган, Шайхим Ахмад Йассавий. Шариати ораста, Тариқати пайваста, Хақиқатда шойиста, Шайхим Ахмад Йассавий. (195, 3)
Жолма-жол аудармасы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz