Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары



Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
Мирзахан Элера
Нақыпбек Дана
Қосай Ақниет
Кеңес Жанерке

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзкараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезендері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар. Тұлға даму деңгейлеріне мән беріп, тұлға теориясын жасауда американ психологі Э. Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар.

Эрик Эриксон эго психолог болды, ол ең танымал және ықпалды даму теориясының бірін жасады. Оның теориясына психоаналит Зигмунд Фрейдтің жұмысы әсер еткенімен, Эриксонның теориясы психосексуалды дамудың орнына психоәлеуметтік дамуға бағытталған
Эриксонның ұсынған даму деңгейлерін қарастырайық.
Тұлға дамуының кезеңдері (э. Эриксон бойынша)

Өмірлік жолдың деңгейлері
Әлеуметтік қатынастар аймағы
Тұлғаның полярлық сапалары
Прогрессивтік даму нәтижесі
1. Ерте нәрестелік шақ (0-1 жас)
Ана немесе оның орнын алатын адам
Сенімділік-сенімсіздік
Энергия және өмірлік қуаныш
2. Кейінгі нәрестелік шақ (1-3 жас)
Ата-аналар
Автономия-қобалжу, ұялу
Тәуелсіздік
3. Ерте балалық шақ (3-6 жас)
Ата-аналар, ағалары мен апалары
Инициативтілік-кінә сезімі
Мақсаттылық
4. Орта балалык шақ (6-12 жас)
Мектеп, көршілер
Қолжеткізу-толыққансыздық
Білім мен іскерлікті меңгеру
5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас)
Құрбы-құрдастар топтары
Біртектілік-біртектілік диффузиясы
Өзін-өзі анықтау, жанқиярлықпен берілгендік
6. Жастық шақ (20-25 жас)
Достары, жақсы көретін адамдары
Интимділік-изоляциясы
Қызметтестік, махаббат
7. Ересектік (25-65 жас)
Кәсіп, туған үйі
Шығармашылық-тоқырау
Шығармашылық пен қамқорлық
8. Кәрілік (65 жастан кейін)
Адамзат, жақын адамдары
Интеграция-өмірге көңіл қалу
Данышпандылық

Өмірлік циклдің әрбір кезеңі үшін қоғаммен берілетін негізгі специикалық мәселе тән. Бұл мәселенің шешу индивидтің қол жеткізген психомоторлық даму деңгейінде, сондай-ақ бұл индивид өмір сүретін қоғамның жалпы қоғамның рухани атмосферасына да байланысты. Әрбір мәселені шешу екі шекті полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды бектуге негізделеді. Тұлға дамуын - дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктердің күрес мәселесі.

. Дамудың бірінші дегейінде (оральды-сенсорлық) Эго біртектілік бірінші формасымен қалыптасуы басқалар сияқты даму дағдарысынан өтеді. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері; тістердің шығуынан, жалпы қысым, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі, ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына оралуының нәтижесінде «ана - бала» диадасының әлсіреуі. Бұл дағдарыс оңайрақ өтеді. Егер де әлемге сену мен сенбеу арасындағы қатынас бірінші жаққа қарай құрылса. Бұл қатынас балаға деген күтім сапасымен, оған деген махаббат пен нәзіктіліктің бар болуымен анықталады.

Екінші деңгей(бұлшықеттік-анальдік) ерте жасқа сәкес келеді. Ол кезде баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре бастайды және өз тәуелсіздігін мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бұл кезде дербестілік (самостоятельности) сезімі арта түседі. Және де осы кездері әлемге деген қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Мұндағы дағдарыс - күмән мен үят.

Үшінші деңгей (локомоторлы-генитальді) бала қоршаған әлемді сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз құрдастарымен бірге өндіру процесіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін меңгереді. Осының нәтижесінде балада шынайы үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай ролінен шығу ниеті қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және белсенділігінің дамуына әсер етеді.
Бұл жас кезенінде жыныстық идентификация жүреді және бала ер адам мен әйел адамның жүріс-тұрысының белгілі бір формасын меңгереді

Төртінші деңгей(латентті) инфантильді сексуальдылықтың белгілі бір ұйқышылдығы және генитальді ересектің артқа шегінуімен сипатталады. Бұл деңей балаларда еңбекқорлықпен, жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттілігімен байланысты.
Бесінші деңгей ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды. Эго - біртектілік бірінші тұтас формасы қалыптасады. Жас өспірімдік шақта дамудың барлық өтілген дағдарыстық мезеттері қайта тұрады.
Эго-біртектіліктің (идентичность) қалыптасуы жас адамға дамудың алтыншы деңгейінеөтуге мүмкіндік береді. Оның мәні - өмірлік айырылмас серікті іздеу, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топтың мүшелерімен жақын достық қатынастарға ұмтылу. Бұл деңгейдің қауіпті жағы - жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан қашу.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz