Тұлға саясат субъектісі




Презентация қосу
Саясаттану
Subtitle here
семинар сұрақтары:
1,Ежелгі классикалық дәуір мен орта ғасырдың саяси ойлары.
2,Қайта өрлеу және Жаңа заманның саяси идеялары
3,Қазіргі дәуірдің саяси ойлары. +
4,Қазақстандық саяси ой тарихы. +
5,Саяси билік: ұғымы және құрылымы.+
6,Саяси билікті жүргізу механизмдері мен функциялары+
7,Саяси билік қызметі. +
8,Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.+
9,Тұлға - саясат субъектісі.+
10,Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде.+
Ежелгі классикалық дәуір мен
орта ғасырдың саяси ойлары.

Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар.
“Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен
айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды
үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін
атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-
тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни
барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның
принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында
айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалық билік.
2.Аристократия.
3.Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
• Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары
Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.
Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.
Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.
Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан.

Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең.
Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару.
Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар.
Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта
дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.
Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын
зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай
адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:
Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.
Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.
Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің
басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-
дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке
жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.
Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда
құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.
Қазіргі дәуірдің саяси
ойлары.
• Қазіргі кездегі саяси ілім
XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін
салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін
атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде
"ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің
өкілдері -Г.Моска, В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс
түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша
мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік
қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті,
пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге
араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.
Қазақстандық саяси ой
тарихы.
Биліктің лигметтілігі
Тұлға саясат субъектісі
• Кез келген қоғамдағы саяси қызмет адамдардың қалаулары мен мүдделерін іске асыруға бағытталады.
Сондықтан саясаттың басты субъектісі адам болып табылады. Әрине, саяси партиялар мен қоғамдық
қозғалыстардың, мемлекеттік институттар мен әлеуметтік топтардың рөлдері үлкен екені даусыз болса да,
олардың барлығы айналып келгенде нақты тұлғалардан тұратыны ақиқат.
• Адамдардың саяси өмірге қатысуы әртүрлі нысандарда көрініс табады. Мемлекеттік институттар мен
азаматтық қоғамның өзара байланысы және бұқара халық тарапынан билік құрылымдарының үстінен
бақылау орнатуды жүзеге асыруы оның пәрменділігіне тікелей байланысты.
• Адамдардың саясатқа араласуы мен қатысуының себептері және түрткілері туралы мәселенің бірнеше
тұсы бар. Біріншіден, белсенді қызмет тұлғаға өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Екіншіден, азаматтар өздерінің саяси, әлеуметтік және материалдық сипаттағы заңды мүдделерін
қорғау мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, саяси өмірге араласу белгілі бір міндеттерді орындауды талап
ететін азаматтық борыш болып табылады.
• Адамның саяси өмірге ену дәрежесі қоғамдық өмірдің маңызды компоненті болып табылады. Осы
орайда, индивидтің саясатқа қатынасының үш түрін бөліп көрсетуге болады:
• Белсенді қатысу азаматтар мен саяси институттардың көп деңгейлі өзара әрекеттесуімен, биліктің
адамдардың мүдделеріне ықпал ететін шешімдерді қабылдауына ықпал етуге ұмтылуымен сипатталады.
• Жатсыну саяси жүйе мен адамның арасында өзара әрекеттестік пен өзара түсіністіктің жоқтығын
білдіреді. Мұндай жағдайда, азаматтар билік органдарының жабықтығынан саяси шешімдерге ықпал ете
алмайды немесе әртүрлі себептерге байланысты белсенді қатысудан саналы түрде бас тартады.
• Адамның және саяси құрылымның бірігіп кетуі саяси мүдденің пайдасы үшін жеке сұраныстар мен
мүдделерден бас тартуды білдіреді.
Әлеуметтік топтар саясаттың
субъектілері мен объектілері ретінде.
• Биліктік қатынастар екі тараптың — билік құрушы мен оған бағынушы тараптың
қатынастарына негізделген. Биліктің белсенді бастауы оның субъектілерінен —
нақты адамдардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, тұтас алғанда халықтан
көрініс табады. Саяси элита мен лидерлер үшін биліктік функцияларды іске асыру
олардың кәсіби міндеті деуге болады. Билік объектісі биліктік қатынастардың
екінші, пассивті тарабы болып табылады. Қоғамдық дамудың қажетті
бағдарламаларын жүзеге асырудан көрініс табатын билік ету табыстылығы осы екі
тараптың өзара әрекеттесу сипатына тәуелді. Субъект-объектілік қатынастардың
өзіндік
• ерекшелігі тұрғысынан билікті субъектінің өз қалауына сай обьектіні бағындыра
алу қабілеті деп түсіндіруге де болады.
• К.Дойч билікке келесідей анықтама берді: «Біз билікті индивидтің немесе ұйымның
өзінің ішкі құрылымының экстраполяциясын немесе проекциясын қоршаған ортаға
таңа алу қабілеті деп түсінеміз… Осы тар мағынадағы билік «шығыстың» «кірістен»
үстемдігі, тыңдаудан гөрі сөйлеуге қабілеттілік болып табылады. Ол осы мағынада
«үйренуді» міндеттемеуге қабілеттілік». Осы анықтама тараптардың тең
құқықтылығын емес, керісінше билік субъектісінің қалауы үстем болатын
ассиметриялық қатынас ретіндегі билік ерекшелігін анық көрсетеді.

Ұқсас жұмыстар
Саясат дегеніміз не
САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ
Саясат субьектілері
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Тұлғаның дамуы
Меншіктің субъектілері
Құқықтың субьектісі
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
Заңды тұлға
Тұлғалар құқығы
Пәндер