Қоғам дамуының сатылары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Ғарыштық инженерия және телекоммуникациялар институты
<< Әлеуметтік пәндер>> кафедрасы

«Әлеуметтік-Саяси Білім Модулі:
әлеуметтану саясаттану» пәні
№1 семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Қоғам дамуының сатылары.
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Дахиев Жанарыс
Тобы: ЭЭк-19-6
Тексерген: аға оқытушы, Әбдіқалық А.Ә.
_______________ _______________ <<____>> _________2020 ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2020
Жоспар:

1. Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.

2. Қоғамдық қатынас ұғымының мәні мен маңызы

3. Қоғамның даму сатылары

4. Қоғамдардың жіктелуі

5. Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.

6. Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.

Қоғам дегеніміз не, оның адам өміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып
табылады.

Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан.

Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам –
санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында
айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және
мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.

Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1.Өмір сүретін территориялық бірлігінің болуы;

2.Өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3.Өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзін-өзі өсіріп отыруы және т.б.

4.Әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени
дәрежесінің болуы.
Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында
алғанда – адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің
қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол өзін-өзі реттеумен, өзін-өзі дамытумен, өзін-өзі толықтырумен және
өндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени
және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым,
адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.

2.Қоғамдық қатынас ұғымының мәні мен маңызы

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір қоғам немесе қоғамның қалыптасу қатынастарының барлық түрлерінің жиынтығы. Қоғамдық
қатынастар саяси, экономикалық қатынастармен бір реттік болмай, олармен тек пен түр ретінде қатынасады. Осындай
қатынастардың жалпы жүйесінде өзіне белгіленген рөлін ойнайды. Қатынастар жүйесінде қоғамдық экономикалық қатынастар,
басқа қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай басым рөл атқарады. Экономикалық қатынастармен қатар
әлеуметтік, идеологиялық, саяси қатынастар да бар. Қоғам – жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын
және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық
бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардың бірі болып табылатынына қарамастан, оны қолдану әсіресе оның
екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шекаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге
қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіңдер туғызып отыр.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам – өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолымен ұстауға немесе
микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет. «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең:
алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен
белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл
адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа
сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі
жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам
жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол
сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам – ұжымдардың ұжымы, бірлігі
болып көрінеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың
экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу
қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі – қоғамның өмір
сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) – адамдардың рухани-мәдени
құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар.

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы
қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді.
Материалдық қоғамдық қатынас объективтік, адамдардың санасы мен еркін байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең
бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі
адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістін қажетті жағы. Жеке
адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық
байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндірісі орын алады. Идеологиялық қатынастар адамның
санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдік, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық
қатынастардың барлық жиынтығы – өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан
белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу
– ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым
ішіндегі қатынастар ретінде өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір
әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антогонистік және антогонистік емес болып екіге бөлінеді. Антогонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және
адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антогонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ
қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ комунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық
қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.

Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары,
саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық
қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым- қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б.
басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективті үдеріс, қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-
қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процес әр түрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекеттің шеңбері
кеңейеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл
қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты.
Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу
қойылды.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдік, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыстар –
қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни
нормалармен реттеліп жатады. Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде
мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
3.Қоғамның даму сатылары

Қоғамның даму сатылары.

Бірінші саты - Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.

Екінші саты - Бау-бақшамен айналысушы көсемшілік қоғам.

Үшінші саты - Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.

Төртінші саты - неолиттік революция.

Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы.

Алтыншы саты - аграрлық қоғам.

Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.

4. Қоғамдардың жіктелуі

Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар
бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл –
құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың
дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.
Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапйым қоғам» деп атайды.

Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре
бастады. Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен
отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесіндеқоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік
теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның
даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамдағы басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп
шықты.

Қоғам дамуының бұл сатысын «таптық, күрделі қоғам» деп жіктеуге болады.

Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а)
жазбаға дейінгі және б) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни
ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.

Әлеуметтану ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік-экономикалық белгілерге аударады.

Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік. Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын
анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе
марксизм қоғам дауын 5 тарихи сатыға жіктейді.
Олардың басқаша 5 қоғамдық – экономикалық формациялар деп атайды. Олар мыналар:

а) алғашқы қауымдық қоғам;

ә) құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формация;

б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;

в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;

г) коммунистік қоғамдық-экономикалық формация.

Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар – таптық-антагонистік, қанауға
негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз берді. Бұл - әділетті,
еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.

Алайда ХХ ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

Кеңес Одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси
тәртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды.
Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелденді.
Ал, адыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірибесі капиталистік өндіріс тәсілінің ратықшылығын дәлелдеп отыр. Бұл жеке меншікке,
ерлік кәсіпкерлік пен нарыққа негізделген қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі,
халқының әл-ауқаты, бостандық пен құқықтың кеңдігі, білімнің, ғылымның, денсаулық сақтаудың дәрежесі осының дәлелі бола алады.

Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын. Ғалымдар
капитализмнің өзін:

1) бастапқы капитализм

2) бюрократиялық капитализм

3) олигархиялық капитализм

4) демократиялық капитализм

деп жіктеу қажет дейді. Әрине, түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі қоғамдардың
әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.

Бұл ретте ХХғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон
Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор. Бұл ғалымдар өздерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік
тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылады.
Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңбреде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі
типке жіктеледі:

1) индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, ооларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды

2) индустриалдық қоғамдар

3) постиндустриалдық қоғамдар

Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Бұл – негізінен қол еңбегі мен қарапайым техникаға
сүйенген мардымсыз ауыл шаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған. Мемлекеттік билік –
атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын монархиялық билік түрінде жүзеге асырылып отырды.

Дін иелері мен фоедалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.

Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдердегі өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық
«томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машинаналар
келді. Мемлекеттік және халықаралық шеңберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіб
шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкелді. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып,
олар өздерінің функцияларын атқара бастады.

Халық санының артуы мен өнеркәсіп өндірісінің дамуы халықтың басым көпшілігінің қалаларға шоғрлануына әкелді. Ол
урбанизациялану процесінің дамуына жол ашты.
Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер»
деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болады.

Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да
атаулармен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И.
Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді атаулар кездеседі.

Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі
басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көнтеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынмен дамыған нарықтық экономика ғылым мен техникаға, жаңа ақпараттық – компьютерлік технологияларға сүйенеді.
Қоғамда ғылыми-зерттеу орталықтарының, университеттердің рөлі артуда.

Қоғам халқының 60-80%-ын ауқатты, жан-жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл – саяси жүйеде дамыған
демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның
бостандығы мен құқықтарына толық кепілдік берілетін қоғам.

Әрине, әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді
мақсат етіп, ұмтылыс жасауда.

Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыру тән.
Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.

Қоғамның көптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі өндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған
дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бөлуде 60-
жылдары жаңа көзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі, индустриалды, постиндустриалды
болып бөлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты
болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қызыметтерді атқарады: материалдық игіліктерді өндіру, дүниеге нәресте әкелу және
адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді өндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек өнімдерін бөлу, мінез-құлық пен
қызметті реттеу және басқару.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қарабаев, Ш.Қ. Əлеуметтану негіздері: оқу құралы / Ш.Қ. Қарабаев.- Алматы: Экономика, 2012(РМЭБ 2007), в АУЭСе 2009 +CD
2008

2. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті

3. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері: оқу құралы.-Алматы, 2013.http://rmebrk.kz/book/1016478

4. Оксфорд əлеуметтік ғылымдар сөздігі=Dictionary of the Social Sciences / К. Калхунның ред. -Нұр-Сұлтан : Ұлттық аударма
бюросы, 2019. - 480 б. - (Рухани жаңғыру: Жаңа гуманитариялық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық)
https://openu.kz/ru/book/oksford-leumettik-gylymdar-sozdigi

5. Дəкенов М. Əлеуметтану : сөздік-анықтамалық. Оқу құралы.-Алматы.2016.-106б.

6. Əбдікерова Г.О. Əлеуметтану.- А.: «Қазақ университеті», 2011

7. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

Ұқсас жұмыстар
Бесінші саты
Этносаяси дау - жанжалдар
Екінші саты
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ ҮРДІСІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ИНСТИТУТТАРЫ
Мұғалімнің зерттеу қызметі – педагогтің кәсіби дамуының факторы
Ұрық даму сатылары
Акмеология дамуының негізгі сатылары
САНА ФОРМАЛАРЫ
Саяси шиеленістер
Алкоголизм, наркомания және токсикомания
Пәндер