Эпикалық образ



Образ және оның түрлері
Хожамбердиева Жадыра

жхжх


Образдылық - суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.


Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар.
Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі:
романтикалық образ, реалистік образ.
Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ.
Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т. б.
Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет. Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романтизм, реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің үшінші бөлімінде арнайы тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік одіс тұрғысынан анықтағандағы образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.

2. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Бұл - кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип.
5. Драмалық образ - эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында - сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көр кем бейне. Мұны кейде тура “сахналық бейне” деп те атай береді
6. Юморлық образ - күлкілі кейіпкер; юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әшейін жеңіл-желпі нәрсе деуге болмайды.
7. Сатиралық образ - ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткен-дікті қаза қопарып, көптің көз алдына - көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
8. Фантастикалық образ - қиялдан туған -каһарман, өмірде бол-маған және жоқ, тек адамның акиқатқа ұқсас арманында ғана бедерленген бейне;
9. Трагедиялық образ - адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы күрестен, қайшылықтан, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең, шебер жинақтаудан туады.
10. Геройлық образ-ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.

Образдың жасалу тəсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы əдемілік туралы ілімінде бірнеше (комедия жəне
трагедия, фантастика дегендер тəрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі
күлкілі жайлардан туса, трагедиябұған қарама-қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны, фантастика асыңқы, асқақ əрекеттерден туатыны мəлім. Міне, осы тəсілдерді əр қайсысына лайық,
трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тəсіл
арқылы көркем образдардың юморлық жəне сатиралық түрлері жасалады.
Əрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы
юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің əрқайсысындағы күлкінің сипаты əр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады.

Романтикалық образ: Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін, одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады.
Реалистік образ: Т. Ахтановтың “Дала сырындағы” Қоспан образын алып қарайық. Қоспанды образ ретінде байыптасақ, оның өмірдегі сымбаты да, өнердегі шынайылығы да, міне, дәл осындай таза, табиғи шыншылдығында жатыр.
Эпикалық образ: Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында. Міне, осының бәрі - эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
Лирикалық образ: Қ. Аманжолов әзірбайжан қызының әдемі образын жасайды. Ақынның субъективті көңіл күйінен туған лирикалық образдың объективті өмірден жинақтала һәм даралана жасалған эпикалық образдан айырмасы да дәл осы арада деп білген жөн.
Драмалық образ: Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле - бәрі де драмалық образдар, өйткені бұларды біз тек қана сахнадан, актерлердің ойындары арқылы жүзбе-жүз көріп, таныдық.

Юморлық образ: Ғабиден Мұстафин Олжабектің (“Шығанақ” романында) оспадар қылықтарына, оқшау мінездеріне қанша күлгенмен, бұл адамды іштей ұнатып, оның адалдығына оқырманның да ықыласын аудара отырады. Себебі, автордағы мақсат - Олжабектерді құрту емес, түзеу.
Сатиралық образ: Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлкесіндегі” көп сөйлемей аз айтып, қайталамай бір айтып, көздеген нысанасына дәл тигізіп отыратын ирониясында, сарказмінде адам мінезін аз суретпен жарқ еткізіп ашып кетіп отыратын ұтымды астар бар.
Фантастикалық образ: Фантастикалық қаһарман ретінде қазақ ауыз әдебиетінің де өз келесінде туғызған кереметтердің бірі - Ер Төстік.
Трагедиялық образ: “Қыз Жібек” жырындағы Төлеген Бекежан қарақшының жауыздық құрбаны ғана емес, әкесі Базарбайдың батасын аттап, әке мен бала арасындағы) көне тәртіпті бұзғаны үшін де жолы болмаған жан секілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz