Насекомның денесі


Slide 1

Насекомдар морфологиясы

Тексерген:Укибаева Ляззат

Орындаған:Рысбек Ақбота

Slide 2

ЖОСПАРЫ;

Насекомдардың сыртқы құрылысы.

Бас және оның қосалқылары.

Кеуде.

Құрсақ.

Тері жамылғы.

Slide 3

Энтомология -

насекомдар туралы ғылым (грек тілінде : энтомос - насеком,

логос - ғылым ) .

Slide 4

Насекомның денесі 3 бөлімнен тұрады :

Бас

Көкірек

Құрсақ

Насекомдардың сыртқы құрылысы

Slide 5

1. Бас және оның қосалқылары

1. Үстіңгі ерін

2. Үстіңгі жақ

3. Жақтау маңдайшасы

4. Маңдай жақтау тігісі

5. Бет

6. Маңдай

7. Мұртша шұңқыры

8. Қарапайым көз

9. Төбе тігісінің көрінетін бөлімі

10. Күрделі көз

11. Төбе

12. Желке тігісі

13. Желке

14. Артқы желке тігісі

15. Артқы желке

16. Мойын жарғағы

17. Төменгі ерін

18. Ерін қармалауышы

19. Төменгі жақ

20. Жақ қармалауышы.

Slide 6

Мұртшалар немесе антенналар

Мұртшалар - маңдайдың екі жағында көз аралығында орналасқан, бірнеше буыннан тұрады. Иіс және сезім мүшелерінің қызметін атқарады. Насекомдардың мұртшаларының түрлері әр түрлі болады:

А) қылшық тәрізді;

Б) жіп тәрізді;

В) таспик тәрізді;

Г) ара тәрізді;

Д) тарақ тәрізді;

Е) шоқпар тәрізді;

Ж) жұмыр басты;

З) ұршық тәрізді;

И) тақта мұртша;

К) иілме тарақ тәрізді;

Л) қисық мұртша;

М) қауырсын тәрізді;

Н) тікенекті мұртша.

Slide 7

Насекомдардың ауыз мүшесі 5 топқа бөлінеді:

Кеміргіш (таракан, шегіртке, қоңыз) .

Сорғыш (бал арасы) .

Жалап - кеміргіш

Шаншып - сорғыш (қандала) .

Жалағыш (шыбын) .

Насекомдардың ауыз мүшесі

Slide 8

НАСЕКОМДАРДЫҢ АУЫЗ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕМІРГІШ ТҮРІ

А. Жоғарғы ерін

Б. Жоғарғы жақ

В. Төменгі жақ

Г. Төменгі ерін

1. Ішкі шайнау қалағы

2. Сыртқы шайнау қалағы

3. Жақ қармалауышы

4. Бағанаша

5. Негізгі буын

6. Тілшік

7. Қосалқы тілшік

8. Ерін қармалауышы

9. Иек

10. Астыңғы иек.

Slide 9

Насекомның кеуде бөлімі - алдыңғы, ортаңғы, артқы кеуде деп аталатын 3 бунақтан тұрады. Бунақтардың әрқайсысы арқа немесе тергит деп аталынатын жоғарғы жарты сақинадан, төс немесе стернит деп аталатын төменгі жарты сақинадан және плейрит деп аталатын бүйір жағындағы бөліктерден тұрады.

Насекомның аяғы жамбас (төспен жалғасқан), ұршық, сан, жіліншік(сирақ), табан деп аталатын бірнеше бунақтан тұрады.

Кеуде

Slide 10

Кеуде бөліктің әрбір бунағында бір жұп аяқ (барлығы 3 жұп аяқ), ал ортаңғы және артқы көкіректе бір жұптан (барлығы 2 жұп) қанат болады.

Slide 11

Насекомның аяғы жамбас (төспен жалғасқан), ұршық, сан, жіліншік(сирақ), табан деп аталатын бірнеше бунақтан тұрады.

1. Жамбас

2. Ұршық

3. Сан

4. Сирақ

5. Табан

Slide 12

Насекомдардың аяқтарының түрлері

1. Жүгіргіш аяқ

2. Секіргіш аяқ

3. Қазғыш аяқ

4. Жүзгіш аяқ

5. Ұстағыш аяқ

6. Жинағыш аяқ

Slide 13

Құрсақ

Құрсақ -насекомның денесінің үшінші бөлігі, ол азды-көпті өзара ұқсас бірқатар бунақтардан тұрады.

Slide 14

Насекомдардың құрсақ бөлігінің қосалқылары

1. Церк

2. Грифелек

3. Аналь пластинкасы

4. Гениталь пластинкасы

5, 6, 7. VIII, IX, X сақиналарының тергиттері

8, 9. VIII, IX сақиналарының стерниттері

10. Жұмыртқа салғыш

Slide 15

Насекомның тіршілігі үшін тері жамылғысының маңызы өте зор. Ол бұлшық ет жүйесінің тірегі бола отырып, дененің ылғал режимін реттеуді қамтамасыз етеді. Тыныс алу, зәр шығару, денені механикалық зақымданудан және зиянды заттардың енуінен қорғау қызметтерін де атқарады. Насекомдардың түсінің де әр түрлі болуы осы тері жамылғысына байланысты. Тері қабаттың туындылары болып есептелетін сыртқы қосалқылар(түк, қылшық, қабыршақ) ішкі немесе эндоскелеттік, өсінділер және әр түрлі тері бездері(балауыз шығаратын, лак беретін, иіс шығаратын және т. б. ) маңызды роль атқарады.

Тері жамылғысы кутикула, гиподерма және өте жұқа базаль жарғағы деп аталатын үш компоненттен тұрады.

Кутикула тері жамылғысының ең сыртқы бөлігі, екі қабаттан тұрады:сыртқы және ішкі.

Гиподерма цилиндр немесе текше пішіндіэпителия клеткаларының қабатынан тұрады.

Базаль жарғағы гиподерма клеткаларының төсеніші ретінде тері жамылғысы мен дене қуысының арасындағы шекара қызметін атқарады.

Тері жамылғы

Slide 16

Назарыңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Жәндіктер ТУРАЛЫ
Жануарлардың сифункулятоздары және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Жұмыр құрттар типі
Құрттар бөлімі
Басаяқты моллюскалар класы
АЛГОРИТМДІ ЖАЗУ ТӘСІЛДЕРІ
Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері
Қалпақты саңырауқұлақтар
Қайталау операторы Nersta.blogspot.com
Жалпақ құрттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz