Дене тәрбиесінің әдістері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Тақырыбы:
Дене тәрбиесі үрдісінде балаларды
үйрету , тәрбиелеу және дамыту
негіздері
Курс: 1
Пәні: Дене тәрбиесінің әдістемесі
Орындаған: Тілеуқұл Алтынай
Тобы: ДОВ 20.1
Қабылдаған: Шыниева Роза Туребековна
Тараз қ. 2020ж.
Мақсаты : Мектеп жасына дейінгі балалардың дене
Мақсаты : Мектеп жасына дейінгі балалардың дене
сапаларын дамыту
сапаларын дамыту
Жоспар :
1.Дене жаттығуларына үйрету әдістері мен тәсілдеріне жалпы
сипаттама және оның жіктелуі .
2.Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың сөздік , көрнекілік
және практикалық әдістері.
3.Ойындық және жарыстык проблемалық оқыту әдістері
1. Дене жаттығуларына үйрету әдістері мен тәсілдеріне
жалпы сипаттама және оның жіктелуі
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін
шешу үшін, гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс
күштері, дене жаттығулары және т.б. қолданылады. Барлық
құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене тәрбиесін
толық мәнде жүргізуге болады. Өйткені олардың әрқайсысына
ағзаға өзінше әсер етеді:
• Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс, тамақтану және
үйықтау тәртібі, киім, денетәрбиесі жабдықтары мен
құралдары, гигиенасы, т.б.). Дене тәрбиесінің өзіндік мәні
бар құралы болып табылады. Олар дене жаттығуларының
ағзаға тигізетін тиімділігін арттырады.
• Табиғаттың жаратылыс күштері (күн, ауа және су) дене
жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін күшейтеді және адамның
жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда дене жаттығуларымен
айналысу процесінде жекелеген органдары мен ағза жүйесінің қызмет
мүмкіндіктері күшейеді. (оттегін жұту көбейеді, зат алмасу жақсарады
және т.б.)
• Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене
жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын
өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек
тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді.
• Массаж (сипау, уқалау, шапалақтау, жұмсарту және т.б.) теріге бұлшық
еттерге, сүйек жүйесіне әсер етеді. Демалысты күшейтеді, қан
айналымын зат алмасуды жақсартады және т.б.;
• Түрлі іс-әрекет жағдайлары (еңбек, сурет салу, пішіндеу, музыка
аспаптарында ойнау және т.б.) қимыл-қозғалысы арқылы жүзеге
асырылады. Сөйтіп бұларда адам ағзасына әсерін тигізеді.
Дене тәрбиесінің әдістері.
Әдіс, әдістеме, әдістемелік тәсіл ұғымдары. Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы
(тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактиқалық білім беру және
тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы
әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі. Дене
тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері.
Ойын және жарыс әдісі. Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы
ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдіс деп аталады. Дене тәрбиесі
жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз.
Жаттығу кезіңде көп қайталанып жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын
қимыл-әрекетті біз қатаң шектелген жаттығу әдістері деп атаймыз. Қатаң шектелген
жаттығулар әдістері екі топқа бөлінеді : 1. қимыл – әрекетке үйрету және дене қуаты
қасиеттерін жетілдіру. Қимыл – әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп
те үйретуге болады. Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін
жақындататын жаттығулар қолданылады. Жақындататын жаттығулардың техникасы
негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар бір
тұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек .
2.Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың сөздік , көрнекілік
және практикалық әдістері.
• Көрнекілік әдісі-Әл-Фараби «оқытудың негізгі әдісі-көрнекілік»
деп,оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру,есте қалдыру)
ұсынады.
• Көрнекілік әдісі — оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен
өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, обьектілермен
оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп,
алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс,
обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде
қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және
техникалық құралдар кең қолданылады.
Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа
бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
1. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға
иллюстрациялық құралдар-атап айтсақ: плакат, кесте,
картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
2. Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі
ерекшеліктері:Демонстрация әдісі арқылы заттар
менқұбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе
техникалық құралдардан, кинофильмдерден,
диафильмдерден көрсетіледі.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
демонстрацияланған затты барлықоқушылардың көруі;
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді
мұқият ойластыру;
демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен
сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті
мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру..
3.Ойындық және жарыстык проблемалық оқыту
әдістері
Ойын – оқыту әдісі
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп.
Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп
жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар
мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос
кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін
қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар.
Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы
бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін
демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық
энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу
ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын
ойындарының теорияларын жасады.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік
қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар,
зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет
меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі
кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу
пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың
жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша,
жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz