Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі


Slide 1

Тақырыбы: «Сенсорика»

Орындаған:Раимбекова Лаура

Slide 2

Сенсорика - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларды қалыптастырады: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. Мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез.

Сенсорлық даму - бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады

Slide 3

Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалым О. Декроли толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты,

Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.

Slide 4

Балабақшада балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс - әрекетінде ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:

Дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.

Математикалық сергіту сәттері - кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту

Санға байланысты - санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар - балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Slide 5

Сенсорика сабағында ойын әдістерінің тиімділігі.

Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли т. б. ) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.

Slide 6

«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М. Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) .

Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Мұнда адамзаттың сенсорлық мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.

Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.

Slide 7

Сенсорлық тәрбие - балалардың сенсорлық процесінің мақсатын жетілдіру, (сезінулерді, қабылдауларды, ұсыныстарды) дамыту.

Сенсорлық тәрбиенің мақсаты: балалардың сенсорлық қабілеттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

1) Балалардың естілім жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;

2) Балалардың сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;

3) Балалардың танымдық пен практикалық әрекетте естілім және сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін өз бетінше қабылдауды қалыптастыру.

Slide 8

Сенсорлық тәрбие бойынша 2-3 жасқа дейінгі бағдарламаның талаптары:

8 түсте бағдарлау, олардың атауларын атау, үлгі бойынша тандау;

Үш және одан да көп қарама-қарсы шамаларда бағдарлау;

Әртүрлі шамадан 5-8 сақиналардан тұратын пирамиданы жинау;


Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі – сенсорлық тәрбиесі
Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Мектепке дейінгі жастағы баланың сенсорлық дамуы
Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
Балаларда заттарды тексерудің көрнекі тәсілдерін қалыптастыру
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәрбиешілердің оқу қызметіне қатысу
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz