БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ



СӨЖ
Тақырыбы: Балықтарда кездесетін індетті аурулардың жіктелуі (вирусты, бактериалды, микозды) және оларға қарсы індеттік шараларды ұйымдастыру
Орындаған: Данияр Г. Қ.
Топ: ВС - 605
Тексерген: Икимбаева Н. А.

Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Балықтарда инфекцияның байқалу түрлері
2. 2. Балықтарға инфекцияның ену жолдары
2. 3. Балықтың вирустық аурулары
2. 4. Балықтың бактериалдық аурулары
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Балықтар суда тіршілік еткенімен, олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта олардың таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді болса, енді бірі жұмыр, тағы бірі таспа тәріздес жіңішке де, ұзын кейбіреуі жапырақ тәріздес, жыртық шүберек сияқты, жайма-нан тәріздес болады. Өкінішке орай, балықтардың саны жыл сайын азайып барады, оған себеп - ең алдымен экологиялық жағдайлар және көптеген аурулар. Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулар балық арасында кең тараған деп айтуға болады.

Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді.
Жұқпайтын балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, температураның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т. б. туады.

Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады. Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.

Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді:
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары - вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері.
Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады.

Жұқпалы ауруларға балықтардың:
вирус аурулары,
балықтың бактериялық аурулары,
саңырауқұлақтардан болатын аурулары.

Балықтың жұқпалы кеселіне:
қарапайымдар тарататын:
кокцидиоз энтериті,
ихтиофтириоз:
паразит құрттар тудыратын:
дактилогироз Dactylogyrus extensus
сангвиниколез Sanguіnіcola іnermіs
диплостомоз Dіplostomum chromatophorum
ботриоцефалез Bothrіocephalus acheіlognathі
лигулез Lіgula іntestіnalіs

Балықтарда инфекцияның байқалу түрлері:
Септицемия немесе сепсис - инфекциялық процестің бұл түрінде, инфекцияның қоздырушысы организмнің қорғаныс бөгеттерінен өтіп, жануар организміне енеді, қанда көбейіп, барлық ішкі ағзалар мен ұлпаларға тарайды. Бұл ағзаларда кабыну және дегенерациялық процестер тудырады, жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс aлy, зат алмасу ағзалары қызметтерінің өзгерісін тудырады. Септикалық процесс негізінде жіті түрде өтеді. Балықтарды септицемия түрінде, тұқының тілмесі, шортанның обасы, жылан балық обасы және т. б.

Бактериемия деп патогенді микроб организмдегі алғашқы инфекция ошағынан қанға түсіп, бірақ онда көбеймей, тек басқа ағзалаp мен ұлпаларга тарап, оларды зақымдауды айтады. Бактериемия тұқының қызанақтың созылмалы түрінің жіті түріне ауысу кезінде байқалады.

Пиемия - инфекциялық процесс түрі, бұл кезде патогенді микроб лимфа және қан жолдары арқылы, әртүрлі ағзалар мен ұлпаларға тарап, сол жерлерде жаңа (екінші) зақымдану ошақтарын (метастаздар) түзеді.

Септикопиемия - бұл инфекция түрінде зақымдалған организмде септицемияға да пиемияға да ортақ белгілер байқалады.

Токсемия - патогенді микробтар бөліп шығаратын токсиндермен организмді уландыру. Кейбір инфекцияларда микробтар тек енген жерлерінде немесе кейбір ағзаларда көбейе алады, ал олар бөлген токсиндер организмге қан немесе лимфа ағынымен тарайды.

Балықтарға инфекцияның ену жолдары:
Балықтардың инфекциялық ауруларының қоздырушыларымен зақымдану жолдарына байланысты инфекцияның бірнеше түрі болады: экзогенді, эндогенді, спонтанды, жасанды және қайталану түрлері.
Экзогенді инфекция немесе гетерогенді, ол балықтың организміне ауру қоздырушысының сыртқы ортадан енуімен сипатталынады. Мысалы, тұқының қызанақ, албырт бранхиомикозы, фурункулезінде және т. б байқалады.
Эндогенді инфекция немесе автоинфекция пайда болады, егер қоздырушы балық организмінде сапрофит немесе әлсіз вирулентті штамм болып келсе. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен балық организмінің корғаныс қабілеті төмендеп, микроб алғашында зардаптылық касиетін көрсетіп, содан кейін вируленттілігін күшейтеді, осының салдарынан патологиялық процесс дамиды.

Спонтанды немесе табиғи инфекция, бұл кезде инфекция өзіне тән табиғи жолдар арқылы беріледі. Мысалы, біріншіден, микроб тасымалдаушы балық басқа суға түскенде, екіншіден, аурудың қоздырушысы таза су қоймаларын ластап, ондағы сау балықтарды зақымдаған кезде беріледі.
Жасанды инфекция балық организміне әдейілеп қоздырушыны енгізгенде пайда болады.
Реинфекция деп бір ауруға қайталап шалдығуды айтады. Алғашқы зақымданғаннан кейін және организмнің қоздырғыштан тазарып, екінші зақымдануын айтады. Реинфекцияның пайда болуы үшін инфекциямен ауырған организмнің сол aуpyғa сезімтал болуы қажет.
Суперинфекция деп балықтардың бір инфекциямен қайталанып ауыруын айтады. Соның салдарынан қарсы тұру қабілеті төмендеген, алғашқы инфекциядан тазармаған организмге сол ауру екінші қайталап енуін айтады.

БАЛЫҚТЫҢ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРЫ
Балықтың вирустік геморрагиялық септицемиясы.
Албырттар тұқымына жататын балықтардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ауру балықтың терісі қараяды, көздері бадыраяды, іші кебеді, қанаттары бүлінеді, нерв жүйесі зақымдалады, желбезектеріне көз қуыстарының дәнекер тканьдеріне, қаңқасының бұлшық еттеріне, ішкі майларына және торсылдағының қабырғаларына қан құйылады.
Ауру қоздырғышы - бактериялық сүзгіден өтетін “егтведвирус” деп аталатын вирус. Күз ішінде сақталған Балықтың өлексесінде вирус 24 тәулік, ал 21 градус салқындықта одан да ұзақ тіршілік етеді. Диагностикалық зерттеулерде ол көк бауыр мен бүйректерден бөлінеді. Балықтың уылдырығында мекендейді деген де пікір бар.

Эпизоотологиясы. Бұл ауру Европаның көпшілік елдерінде бар. Ол негізінен қызғылт сары Балықты зақымдайды, ауырған балықтың басым көпшілігі (9-78%) қырылып қалады. Ауру негізінен күз бен қыс айларында, судың жылылығы 8-10 градус болғанда шығады. Дегенмен ауру күтімі нашарланған балықтардың арасында жаз айларында да бола береді.
Ауру көзі - ауру балық және оның организмінен бөлінетін заттар, сондай-ақ Балық өлекселері. Залалданған тоған суы арқылы да балықтар зақымдалады. Аурудың жасырын кезеңі судың жылылығына, қоздырғыштың вируленттілігіне, балық организмінің беріктігіне қарай 7-15 күн болып саналады, кейде 25 күнге дейін, тіпті одан да көпке созылады.

Аурудың белгілері. Ауру жіті және созылмалы түрінде өтеді, негізінен нерв жүйесі зақымданады. Кейбір зерттеушілер аурудың төтенше (белгісі байқалмайтын) түрі болады деп есептейді.
Аурудың жіті түрінде патологиялық өзгерістер тез дамиды да ауру балықтардың басым көпшілігі өліп кетеді. Ауру балықтардың терісі қара қоңыр түске боялады, көздері бақырайып шарасынан шығып кетеді, желбезектерінің қаны қашып, шұбарланғаны байқалады. Қанаттарының түбі қызарады. Аурудың созылмалы түрінде ол жайлап дамиды да, өлім-жітім көп болмайды. Ауру Балықтың терісі қап-қара болып кетеді, желбезектері қаны азайғандықтан қуаң тартады, не болмаса ашық қызыл немесе ақсұр болады.
Аурудың нервтік түрінде балықтың қимылында өзгеріс болады - судың түбінде ирелеңдеп, кейде бетінде жалпағынан жатып, бүйірлеп жүзеді, денесі селкілдейді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістерде - көзінің айналасына, бұлшық етіне, іш майына, торсылдағына, көк шандырына, жүрекке, басқа органдарына шашыраңқы қан құйылуы байқалады. Қанның шапшуы аурудың жіті түрінде жиі болады да, созылмалы түрге ауысқанда жоқ болып кетеді.
Бауырды гистологиялық зерттеуден өткізгенде, оның некрозға шалдыққан жерлерін көруге болады. Бүйректер аурудың жіті түрінде қызыл түсті болады да созылмалы түрінде сұрланады. Оған гистологиялық зерттеу жүргізгенде тканьдерінің некрозға шалдыққанын байқау қиынға соқпайды.
Сақтық шаралары. Аурумен күресте дәрігерлік-санитарлық балық өсіру, мелиоративтік және зоотехникалық шараларды қатаң сақтау шешуші роль атқарады. Тоғандағы балықтардың күтімін жақсарту қажет.
Санитарлық баға. Қатты зақымдалған балықтарды пісіргеннен кейін малға азықтыққа пайдаланады. Аздап қана зақымдалғандарын ешқандай тежеусіз пайдалануға болады.

Албырт ұйқы безінің инфекциялық некрозы - албырт тұқымдас балық шабақтарының тез өршитін вирустық ауруы. Ауру балықтың қозғалысы (жүзуі) бұзылады, терісі қараяды, ұйқы бездері зақымданады, нүкте тәріздес қан құйылады, бауыр мен көк бауырда т. б. паренхимотоздық органдарда елеулі өзгерістер болады. Ауру тез дамиды да, ауырған балықтардың басым көпшілігі қырылып қалады. Бұл ауру алғаш рет Американың Балық өсіру шаруашылығындағы жылға толмаған палия балықтарының арасынан байқалған. Сонан соң албырт тұқымдас балықтардың басқа түрлерінен де табылды.
Ауру қоздырғышы - бактериялық сүзгіден өтетін вирус, оның құрамында рибонуклеин қышқылы бар.
Ауру негізінен талма, қызғылт сары Балық, құжма, сондай-ақ албырт балықтарының кейбіреулерін зақымдайды. Әсіресе Атлантиканың албырттары мен Балықтары, сондай-ақ балық заводтары мен питомниктерде өсірілетін балықтар жиі зақымданады. Балықтың басқа түрлері бұл аурумен ауырмайды.

Аурудың белгілері. Ауру жіті түрінде өтеді де ауырған балықтар жаппай қырылады. Балық заводтары мен питомниктерінде өсірілетін Балық және басқа албырт тұқымдас балықтардың шабақтары көбірек өледі.
Ауру алғаш белгі бергенде балық шабақтары аяқ аятынан өліп қалады. Ауру балықтардың денесі дірілдеп, қозғалысы бұзылады, балық бүйірімен жүзеді немесе құрсақ жағы судың бетіне қарайды, бір жерді айналып, ирелеңдеп жүзеді, әбден шаршаған соң судың түбіне кетеді, дем алысы нашарлайды. Сонан соң патологиялық өзгерістің дамуына орай терісі қараяды, іші кебеді, денесінің қызарғаны байқалады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жаңа ғана өлген балықты сойып қарағанда, ішкі органдарында, атап айтқанда, пилорикалық өскіншелерде нүкте сияқты қан құйылғаны байқалады. Бауыр мен көк бауыр реңсізденеді. Өт қабы өтке толып, созылып кетеді, кенересі босайды.
Ұйқы безін гистологиялық-зерттеуден өткізгенде онда некроз барлығы байқалады.
Диагнозы. Ұйқы безінің инфекциялық некрозына диагнозды эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістеріне және гистологиялық зерттеудің қорытындысына сүйеніп қояды.
Сақтық шаралары. Албырттардың ұйқы безінің инфекциялық некрозына қарсы күресте дәрігерлік - санитарлық, балық өсіру - мелиоративтік және зоотехникалық жұмыстардан тұратын комплексті профилактикалық шараларды балық өсіру шаруашылықтарында бұлжытпай орындау қажет.

Індетті қан аздық - қан айналымын реттейтін органдар мен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру балықтың қанында қызыл түйіршіктер мен гемоглобин азаяды, анемия пайда болады, балықтың қозғалысы бұзылып, айналасындағы нәрселерді елең етпейді.
Албырттардың індетті қан аздығы алғаш рет 1941 - 42 жылдары Польшаның Балық өсіретін шаруашылығында байқалған. Кейіннен бұл ауру Батыс Европа, Америка және Жапонияның шаруашылықтарына тараған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz